Archive

Posts Tagged ‘Қазақстан интернеты’

Қазақ интернетінің тарихы

Қараша 2, 2007 4 пікір

Қазақстанда интернет 14 жыл бұрын пайда болды. Әлем торы ұлттық шекараны ғана ашқан жоқ, сонымен қатар ақпарат ғасырында қоғам өмірі жайлы түсінікті өзгертті десек те қателеспейміз. 1991 жылы алматылық «Парасат» фирмасының базасында Relcom торында аймақтық байланыс орнатылып, бастапқыда тек электрондық пошта қызметін атқарды. Relcom бұл алғашқы кеңестік компьютерлік тор. 1990 жылы телефон байланысымен Финляндия арқылы халықаралық ақпараттық кеңестік компьютерлік кеңістікке шықты. Казнет зерттеушілерінің айтуына қарағанда Қазақстаннан алғашқы хаттардың бірі 1991 жылы 10 сәуір күні Казстройсистема атты Мәскеу тауарлық биржаға жіберілген еді. Кейін «Парасат» пайдаланушылар iшiнен қазақстандық биржаларды, бірнеше БАҚты, ҚазМУ, Стратегиялық зерттеулер институтын және тағы басқа мекемелерді айтып кетуге болады. 1993 жылы Қазнет RELCOM (Санкт-Петербург) компаниясының байланысы арқылы Интернетты тұрақты түрде орнатылды. E-mail, WWW, FTP, USENET, IRC сервистері толық көлемде пайдаланушылар үшін жұмыс атқара бастады. Ал қазақ торының туған күні 1994 жылы 19 қыркүйекте Халықаралық тордың ресми түрде ұлттық KZ доменінің тіркелу күні болып саналады.

Санаттары:медиа Кілтсөздері: