Archive

Posts Tagged ‘Ыстық көл’

Чон – Ақсуу

Тамыз 12, 2008 2 пікір

Өзімнің зерттеу жұмысымда блогтағы жазбаларды жанрға бөлуге тырыстым. Бұндағы журналистика немесе әдебиеттің таза жанрын көп кездесірмесеңіз де, олардың элементтері бар екені сөзсіз. Солардың бірі-жол сапар очерктікі жиі ұшырасады. Бардым, көрдім, ойлар, пікірлер…Сонымен қатар фото, не болмаса видео. Бұл сіздің сөзіңізге жан бітіргендей болады (әсіресе, мен сияқты, тілдің шебері болмасаңыз) бейне файлдар арқылы жолсапарларыңыз жайында одан сайын қызықты ақпарат жеткізуге мүмкіндігіңіз пайда болады.
Сонымен, сіздерге өзімнің кішкентай саяхатымды көрсеткім келеді; Чолпон атаға жақын Бозтері ауылынан шыққан экскурсияның суреттері төмендегідей. Григорьевтегі Чон – Ақсуу шатқалына келіп, атқа мінгенбіз(1 сағат-500 сом), осылайша таудың таза ауасын жұтып қайтқанбыз.

Advertisements

Ыстық көл

Тамыз 7, 2008 7 пікір

Қайран, қырғыз жерінің мәңгі бақи жыры боп өткен Ыстықкөл. Осынау теңіз ғашықтардың ән-жыры мен аңызына толы дегенге кім сенбес. Мөлдіреп, құлпырып, шалқып жатты көк теңіз. 

Көк ала бас толқындар бірін-бірі қуып кеп сарғыш тартқан жағаға ұрады. Таудан асып күн батып барады, көл беті әрменіректе қызғылт тартып көрінеді. Екінші жақта, алыста  қар жамылған көкшіл асулар мұнартады. Басына қошқыл қара бұлт үйіріліп келеді.

Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» атты повестен үзінді.