Archive

Posts Tagged ‘суицид’

Чехов және Айқындық Капитандары

Қазан 28, 2010 2 пікір

Ұлы драматург биыл 150-ге толды. Бұл датаға орай мемлекеттік театрлар Антон Палычтың пьесаларын қоюға міндет көріп, «Шие бағы», «Шағала», «Үш апалы-сіңлілі» сынды қойылымдарды ұсынды.

Біздегі – «Шағала». Сюжетте әзіл болмаса да, автор оны комедия деп атаған, неге десеңіз, Чеховтың өзінен сұраңыз, ал біздікі тек болжау. Надандық, ақымақтық, маңғаздану мен жауапсыз махаббат, адасқан жандардың зары, суицид. Былай қарасаңыз, комедия ондай элементтерден тұрмайтын секілді. Трагедияның өзі – өкініш, аяныш пен ыза емес пе? Соған қарамастан, күзгі күндей жабырқаған, бақытқа орын таба алмаған комедия ғана нағыз үмітті сыйлай алады, – деп баяғы заманда, Чеховтан бұрын басқа драматургтар айтып өткен болатын. Ал орыс классигінің өзі бұл пьесадағы кейіпкерлерге аяушылық білдірместен, шымылдықтың әр жағынан оларға күліп тұрғандай. Зілсіз. Жай ғана амалсыз күлкі. Бірақ мәселе жанр таңдауда емес, сахнадағы қойылымда. Әбігершілік пен қарбаласты көре тұра, нақты бағыты бар қозғалыстың жоқтығын елестетіп көріңізші. Бұл динамикалық схеманың әлсіздігі ме, әлде акценттердің дұрыс қойылмауы ма – айта алмаймын. Тек бұндай театр қай драматургтың пьесасын сахналаса да, Шоу не болмаса Ибсен, Шекспир не Беккетті сөйлете алмайды деп қорқамын. Себебі онда атам заманнан аманат қылып сақтаған шаблондарға тиісуге болмайды! Осы жолы да: мыналар Оразбековтың «Бір түп алма ағашындағы» Read more…

Вертер феномені

Мамыр 20, 2009 29 пікір

3306268096_149c85e480_o
Суицид жайында соңғы жазбаның пікірлерінде Салтанат Вертер феномені туралы сөз еткен. Бүгін осы феномен жайында қысқаша айтып өтемін.
Феноменнің тарихы 200 жыл бұрын басталады. Немістің ұлы жазушысы Иоганн фон Гете «Жас Вертердің азабы» (Die Leiden des jungen Werthers) атты романында Вертердің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы жазады. Бұл роман Гетеге танымалдылық әкелумен қатар, Европада суицидтің кең жайылыуна да әкеп соқты. Феномен күштілігі болғаны соншалық, кейбір елдердің үкіметі бұл кітапқа тыйым салған екен.
Осы феномен бүгін де «күшке» ие. Психолог-зерттеушілердің айтуынша, газеттердің бірінші беттерінде танымал адамдардың өз-өзіне қол жұмсаған оқиғалары туралы жазылатын болса, біраз уақыттан соң осыны кең жариялаған географиялық аудандарда өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары ұлғаятынына көз жеткізді. 70-жылдары осыны зерттеген Филипс, психологиялық ауытқулары бар адамдардың суицид жағдайылары жайында оқығаннан соң, еліктеу негізінде өзіне қол жұмсайтынын айтады. Яғни, бұл кейбір қиын жағдайлар кезінде, адамның басқалардың іс-әрекетіне сүйенеді деген әлеуметтік дәлелдің бір мысалы. Өмірде болатын мысалдарды келтіретін болсам, бір мектепте көп жылдар аралығында суицид дегенді тек қана анда-санда валеология сабақтарында айтатын делік. Бірақ мектепте(мектеп оқушысымен) осындай прецедент пайда болғаннан кейін, бұл басқа оқушыларға әсер етуі мүмкін. Олар енді бұны өмірде жоқ нәрсе емес екенін түсінеді және кейбіреулері өмірінде қиын жағдайға қарсы тұра алмай, осыны қайталауы мүмкін.
Кейбір жандар жанұясының беделін түсірмес үшін немесе туысқандарына сақтандыру қаражатын алуға жағдай жасау үшін өз-өзіне қол жұмсайтынын көрсетпейді (Жасырын суицид). Сондықтан олар кейде автоапаттарды өз еркімен жасайды(Автоцид). Мысалы, Франсуаза Саганның «Армысың, мұң» (Bonjour Tristesse) деген кітабында жасырын суицид көрінісі бар.
Қалай болса да еліктеу, өзімшілдік, ақымақтық, бір мезетке әлсіздік танытуды артқа тастап, кез-келген қиын мәселені ақылмен шешу қажет екенін ұмытпайық,
Бұл тақырыптарға ұқсас жазбалар:
Олар өмірмен қоштасуға асығады, Пікірлерді қорытындыласақ, Жасырын суицид.

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс, әлеумет Кілтсөздері:

Жасырын суицид

Наурыз 25, 2009 8 пікір

Өткен жылдың күзінде блогымда Суицид тақырыбын қозғаған едім, блогшылармен осы мәселені біраз талқылағанбыз да, осыдан кейін бір байқағаным, жарты жылдың ішінде блогыма «суицид», «өз-өзіне қол жұмсау» сөздері арқылы күнде кіреді екен. Яғни бұл тақырып өте өзекті, әрі оған сұраныс бар, өкінішке орай, сұраныс шынымен де бар.

munk2
Жасырын сиуицид. Өмірде әр қайсымыз оған тап болады екенбіз. Біреу одан өзі зардап шексе, екіншісі туысы немесе танысының әрекеттері өмірмен қоштасуға итермелейтінің көріп жатады. Бұған қандай да тыйымдар, өтініп-жалынып сұраулар болсын, айналадағылар оның спирт ішімдік ішуге, нашақорлыққа қарсы тұра алмайды.
Бірақ жасырын суицид түріне алкоголь мен нашақорлық ғана жатпайды. Оған кез-келген
күйреуге апарып соғатын әрекеттер де жатады. Жасырылған немесе тікелей емес суицид – бұл өз-өзіне қол жұмсаудың бүркемеленген түрі. Оның әсерінен адам өзінің санасында немесе санасынан тыс өлімге байланысты үрейі арқылы өз-өзін күйреуге әкеп соғатын әрекеттер нәтижесінде (немесе сыртқы күштер, көбінде өзі арандатып жасаған) көз жұмады.

Шын мәнісінде, жасырын суицид кезінде өлімге тура қадамдар жасалынбайды, тек келешекте болатын өлім үшін қорқыныш-үрей болады. Бұндай ойлармен өмір сүрген адам тәуелділікке тап болып, немесе апат құрбаны, экстремалды Read more…

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс, әлеумет Кілтсөздері:

Пікірлерді қорытындыласақ…

Қыркүйек 30, 2008 3 пікір

   Құрметті блогшылар, оқырмандар, осыдан екі апта бұрын Суицид тақырыбын талқылағанымыз естеріңізде шығар, пікірлер санының болғаны соншалық, оларды бөлек жазба ретінде шығаруды жөн көрдім, себебі сіздердің құнды пікірлеріңіз арқылы тақырып барынша ашылды. Өкінішке орай, талқылаған мәселеміз шынымен де үлкен проблема. Соңғы 10 жылдың ішінде жасөспірімдер арасында суицид 3 есеге өсті. Ресми статистикаға жүгінсек, мамандардың зерттеуінше өз-өзіне қол жұмсаудың мынадай негізгі себептері бар: жауапсыз махаббат, әке-шешесі немесе өзімен жасты балалармен конфликт, болашақта жалғыз қалудан қорқу. Жыл сайын 15-19 жас аралығындағы әр 12ші жас өспірім өз-өзіне қол жұмсамақшы болады. Жасөспірімдер арасындағы суицидтен Ресей бірінші орында екен.

Ал пікірлеріңізге көшейік, сонымен, Рауанның айтуынша «себеп-әлсіздікте», яғни, Айко айтпақшы «адамның рухы биік болса және ата-анасы баласын тұлға ретінде кішкентайынан тәрбиелесе, жағдай басқаша болушы еді». Сымбаттың пікірінде «себеп тек қана әлсіздікте емес, сонымен қатар депрессияда да болуы мүмкін, адам өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтқанынан». Бірақ осындай күйзелістің мотиві тағы сол әлсіздік болуы мүмкін деп ойлаймын. Жаннұр бұл «әлсіздікті ақылмен жеңе білу керек» дейді, яғни өмірдегі жайсыздықтарға «осалдық танытпау». Асхат аға бұны «рухани дерт» дейді, «қазіргі материалдық игіліктердің алдыңғы орынға шыққандықтан» бұндай жағдайлар жиі кездеседі, ал бұдан шығатын жол – «баланың бойына кішкентай кезінен сенім ұялату». Сонымен қатар балаларға осындай ойлар өтпелі кезеңде көп келеді екен. Шынымен де осы жаста (13-16 немесе 12-18) жас жеткіншек бұл өмірде өз орнын іздеуге тырысады, ал алдыңа мақсат қоя алмаса, теріс жолға түсіп адасудың қатері зор. Сондықтан «күнделік жүргізу» немесе «өз-өзіне жиі есеп беру» көп ретте алға қарай басуға көмектеседі. Шынымен де өз ойынды, мазалайтын сұрақтарды қағазға түсірсең, олардың жауабын тауып алуға болатынын өзім де байқағанмын. Тәрбие жағын Ардақ та қозғаған еді, «мұның бәрі ислами тәрбиенің жетіспеуінде. Өз жанын оңай қиып тұрған адам шариғатта «өз-өзіне қол жұмсау кәпірдің, онан қалса, шайтанның ісі ғана» екеннің білмеуінен»,-деп пікір жазған еді. Салтанат өмірден мысал келтіріп, суицидтің құрбаны болған өзінің жақын досынан айырылғаннан кейін, бұл өмірдің құндылығын түсінгенін, ал Руслан бізге сәтсіз суицидтің мысалын келтіріп, осы үлкен тақырыбымызды жақсы финалмен тәмамдады. Қорытындылайтын болсақ, Ардақ А.Лэнгләның бір сөзін келтіріп, «Адамдардың көбісі бақытты, бірақ бұл жайлы көбінесе біле бермейді» демекші, бәрімізге бақытты ғұмыр тілеймін және «осындай» ойлардан аулақ болайық (анда-санда блогта ғана болмаса:)  

Олар өмірмен қоштасуға асығады.

Қыркүйек 16, 2008 34 пікір

Суицид. Бұл мектептен бері маған таныс сөз, университетте де оқып жүргенде жатақханада бір бала терезеден секіргені есімде. Газетте бұл жайында материал шықты, бірақ білім ордамыз өз атына кір келтірмес үшін журналистерге осы оқиғаны зерттеуге тыйым салды. Адамдарға ең ауыр кінә жасауға не түрткі болады? Осы сұраққа жауап іздеуге бүгін де тырысамын. Әрине, әртүрлі жағдайлар болады, бірақ бұл әлеуметтік проблема мынадай цифрлар арқылы өзінің қатыгездігін көрсетеді. Ресми статистика бойынша, әлемде жыл сайын 1 100 000 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Осыны жазып отырған кезде Дидар Амантайдың «Кітаптар мен гүлдер» атты кітабы есіме түсті. «…Адам өмірдің мағынасыздығын түсіну үшін, әуелі, оның екі қолын бос қою керек, сонда ол өзге жұрт қарбаласып жүріп қана дүниеуи сауалдардан қашатынын байқар еді». Негізі, жалпы шығарманың лейтмотиві осы проблема емес пе? Әдеттегідей, бір тақырыпты көтерер алдында материал іздеп, неден бастау қажет, деп көп ойландым. Интернетте құрғақ сандар, статистика… Кеше ICQ арқылы Гамбургта тұратын Филип деген досыммен біраз сөйлестім. Ол маған: суицид туралы жазсаң, менен баста,- деп күліп жауап берді. Бірнеше жыл бұрын ол өмір мен өлім арасында болған. Бұған себеп – нашақорлық, алкоголь, ал тереңдеп үңілсем, үйдегі ата-анасының баласына деген еш мән бермегендігі. Дәл қазір оның өмірі күрт өзгерді; Филип университеттегі үздік студенттердің қатарында. Экономика факультетінен кейін журналистика мамандығын меңгергісі келеді. Ол бұрынғы өміріне енді ешқашан да оралмайды деген сенімдемін. Бүгін кино дискілерін прокатқа беретін «Фанатикке» кіріп, сіздерде суицид туралы кино бар ма?-деп сұрадым. Үнемі қара киім киетін жігіт маған жалт қарап, киноны қайтесіз, қызық болса менен сұраңыз, менің ондай көп достарым бар, олар өз-өзіне қол жұмсамақшы болды, бірақ ақыры тірі қалды. Демалыс күнімде қажет болса сөйлесейік, -деді. Бірақ, шынымды айтсам, готтармен сөйлескім келген жоқ. Қалада жүрген кішкентай эмо немесе готтардың субмәдениеті интернет беттерінде де жетерлік. Алайда, әлемторда мынадай да http://www.pobedish.ru/ әлеуметтік сайттар бар. Бұл сайт өмірде адасқан жандарға кеңес береді, қайғылы жағдайларды алдын алуға тырысады. Қазақ тілінде осындай сайттар не болмаса сенім телефондары бар ма және бар болса оларды тауып алуға оңай ма? Осыны білмедім, интернетте іздеп көрдім, мардымды ақпарат таппадым, тек ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сияқты ресми мағлұматтар ғана…

P.S. Мүмкін, осы тақырыпты келесі жазбаларда әрі қарай жалғастырамын.