Archive

Posts Tagged ‘сауалнама’

Зерттеу. Қазақ тілді сегмент.

Мамыр 3, 2010 9 пікір

Былтырғы жылдың қараша айында қазақ блогшыларын біраз мазалап, сұрақ қойып, шамам келгенше қазақ тілді интернетті зерттеуге тырысқан едім. Биылғы жылы бұл зерттеуге және «Қазақстандық контент», «Қазақстандық интернет-экономика», «Қазақстандық интернет-құқық» тақырыптарына байланысты жасалған зерттеулер Медианеттің басшылығымен жинақ ретінде шықты. Кітаптың электрондық нұсқасы жоқ болғасын (әзірге шығар), сіздерге бірнеше сурет көрсетуге тура келеді 🙂 дайын болғанда, хабарлаймын дегесін. Зерттеу үш тілде (мен орысша жазғанмын, қазақшасын өздері аударды, ағылшыншасы тағы бар).

Содан кейін мына презентацияның ішінде былтыр жасалған сауалнаманың нәтижелері бар. Осы презентацияға Анара мен Мақпалдың «Әдеби сайттар» тізімін қосып қойдым.

Advertisements

Сіз үнхабар(подкаст) тыңдайсыз ба?

Мамыр 7, 2009 12 пікір

nodcastМүмкін біреулеріңіз қазақша үнхабар жоқ дейсіздер, мүмкін қызықпайсыз, бірақ дәл қазіргі уақытта олар Қазнетте дамып жатыр, өзіміздің подкаст терминалымыз да бар. Бүгінгі үнхабарлар тақырыбы – көбінесе ИТ саласында. Мысалы, алғашқылардың бірі, бұрын блогымда айтып өткен AWARD.kz 2008 жүлдесінің жеңімпазы — «PodKAZt» Қазақстандағы Интернет жайындағы үнхабар. Сонымен қатар, seo, мәдениет, ИТ, кино тақырыптары мен биыл пайда болған қазақ тіліндегі  студенттік тақырыпты қамтитын үнхабар — «Самғар ұсыныс». Осы үнхабарлардың бәрін ПодКАЗт терминалында тыңдай аласыздар.

Yvysion.kz – та «танымалдылығы жоқ емес» бір қолданушы өзінің «Алғашкаст» па, әлде «Молдакастын» шығарып, өз-өзін Әлемнің алғаш қазақ тілінде подкаст шығарушы деп жария еткен. Негізінде, бірінші қазақ тілді үнхабардың авторлары Асхат аға, ал кейін Қуаныш екенін бұл мырза білмеген/естімеген, ал хабардар болған соң, бұл «жаңалыққа» мән бермеген. Бірақ әңгіме бұл жайында емес.

eMarketer зерттеу компаниясы американдық үнхабарлар нарығын қарастырып, айына бір рет болса да үнхабарларды жүктеп алатындар 2008 ж. – 2013 жылға дейін екі есе ұлғаятынын айтқан. Ал Pew Internet & American Life Project ұйымының зерттеуі бойынша, 2008 жылдың шілде айында американдық интернет-қолданушылардың 18% үнхабарларды жүктеп алды.

podcastОңтүстік Колифорния Университетіндегі USC Annenberg Strategic Public Relations Center ірі зерттеу орталығы барлық медианың ішінен(тек қана интернет-БАҚ емес) подкастинг соңғылардың алдында тұрғанын мәлімдеді. Интернет-қолданушылардың арасынан 7% адамда сұранысқа ие. 6% — мобильді медиада. Pew Internet зерттеуі боынша, 2006 жылы ай сайын 7% интернет-қолданушы үнхабарды жүктесе, 2008 жылы — 19% болып өсті.

Arbitron and Edison Media Research зерттеуі бойынша, 2008 жылдың қаңтарында 12 жастағы американдықтардың 37% подкастинг жайында естіген, 18% бір рет болса да тыңдады және 9% кемінде айына 1 рет оларды тыңдайды.

Universal McCann компанияның глобальді зерттеулері әлемнің үнхабар тыңдаушыларын санап, Қытай— үнхабар тыңдармандар саны ең көп мемлекет екенін анықтады. Былтыр Қытайда үнхабарларды 74% респондент тыңдаған екен. Екінші орында Филиппины — 61%, содан кейін Ресей (58%), Испания, Оңт. Корея т.б. АҚШ бұл тізімде(әрине, тізімге барлық мемлекеттер алынбаған) соңғы орында.

Үнхабаршылардың белсенділері — 18—29  жаста. Статистика мына жерден алыған.

Ең Үздік Блогтар.

Мамыр 8, 2008 15 пікір

Құрметті қазақ блогшылар және оқырмандарымыз, диплом жұмысымның қосымшасына «Қазақ блогтардың Үздік Бестігі» қажет болып тұр. Олардың критерийлері мыналар: блогтың жаңартылуы және жарияланған ақпараттың маңыздылығы. Осы тұста тәжірибе, яғни блогтардың өмір сүру мерзімімен санасу да қажет сияқты.Сонымен, сіздің үздік бестігінізді білгім келеді. Пікір білдіріп, Қазақ блогосферасының Ең Үздік Блогтарын бірге анықтайық.

Сүйікті оқырман!

Сәуір 28, 2008 22 пікір

Сүйікті оқырманыңыз кім? Блогыңызды үнемі оқитын, пікір қалдыратын оқырман емес пе? Солай болса, осы оқырман жайлы сөз етсек…

«Қазақ блогшыларына пікір қалдырып жүргендердің келбетін анықтау» ойы Асхат ағаға келген еді. Былай қарасаңыз, сіздің жазбаларыңызды үнемі оқитындар тек қана блогшы емес, сонымен қатар блогы жоқ болса да, осындағы ақпаратты қызықтайтындар. Мен білетіндерден Айко(толық атын білмеймін), Сәкен, kazakh, Ақшақар, Тоты, Керім…қалғандарын өзіңіз толықтырасыз деп ойлаймын(пікірлер ішінде). Сонымен, осы оқырман үшін блогымда сауалнама жариялаймын, ал сіздер осындай оқырмандардың адрестерін білетін болсаңыз немесе хабарласып жатсаңыз, айта салуыңызды сұраймын!!!

Сұрақтар:

1)     Блогтарды жиі оқисыз ба?

 

А) күнде

Ә) аптасына 3-4 рет

Б) айына бірнеше рет

 

2)     Блогтардың авторларымен таныссыз ба?

 

А) көп блогшылармен жиі хабарласып тұрамын

Ә) мен оқитын блогтардың иелері – жақын дос(тар)ым

Б) жоқ, блогтағы пікірлерді санамағанда араласпаймыз

 

3)     Қандай қазақ тілді блогтарды оқисыз?

    

     А) Әдеби(өнер/шығармашылық)тақырыпта

     Ә) Ақпараттық технологиялар тақырыбында

     Б) Діни тақырыпта

     В) Әртүрлі тақырыпта

 

4)     Қазақ блогтарға не жетіспейді?

 

А) шеберлік(сапа)

Ә) үнемі жаңартылатын блог саны аз(ұқыптылық)

Б) бәрі бар

В) өз жауабыңыз

 

5)     Қазақ блогтардың қазіргі жағдайы?

 

     А) бұрынғымен салыстырғанда жақсырақ

     Ә) бұрынғымен салыстырғанда қызықты жазбалар аз

     Б) әлі де болса көп жұмыс жасау қажет

Қазақ блогосферасы жайында

Сәуір 20, 2008 26 пікір

2007 жылдың қараша айында «Неліктен блог бастадың?» деген сауалнама қазақ блогшылардың ортақ блогы «Блог туралы блогта» жүргізіле бастады. Блогшылар төмендегідей жауап берді, Бақытнұр: «Блог жазу арқылы адам өзін басқаға танытумен қатар, менің қолымнан не келеді деп, өзін-өзі тани біледі. Қазақ қоғамына блог жазу Қазақ Ғаламторына өзіндік үлесін қосу арқылы көмектесе алады», Жанарбек: «Блогты жеке басымның күнделігі ретінде қолданамын. Бөліскім келген ойларды, тәжірибелерді, суреттерді және жаңалықтарды осы блог арқылы уақытқа не орынжайға бағынышсыз түрде әлемнің әр түкпіріндегі адамдармен ой пікір алмаса аламын», Бақытгүл: «Қазақ тілінде блог жазуға ықылас білдіргенімде,  ойымда бірнеше тақырып болды. Соның бірі білім және білімдегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар болса, екіншісі дүние жүзіндегі танымал, тіпті танымал болмаса да қызықты “әдеби сыйлықтар” тақырыбына шолу жасап, қазақ тілді оқырмандарды әлем әдебиетінде болып жатқан жаңалықтармен таныстыру еді»-деп өз пікірлерін білдірді. Сонымен, қазақ тіліндегі ақпаратқа деген қажеттілік блогтардың өмірге келуімен шешілді. Блогтағы материалдарды жастар да, ересек адамдар да жиі оқиды. Іздеу моторында «ақпарат технологиялар», «әдеби жаңалықтар», «қазақ басылымдары», «салт-дәстүр», т.б. сізге қажетті сөздерді енгізіп көрсеңіз, қазақ тіліндегі жеке веб-беттерге тап боласыз. Мұндағы мағлұмат тегін, ашық. 2008 жылдың басында «Азаттық радиосы» “Жас толқын” бағдарламасында қазақ блогосферасына қатысты жиі-жиі хабарлар беріп тұратын болды. Сол хабардың бірінші санында Асхат Еркімбай, Бақытгүл Салықова мен Қуаныш Мағзұмов блог не үшін қажет, қандай тақырыпта жүргізіледі, қоғам үшін маңыздылығы жайында сұхбат берді. Ал BBC Орта Азия елдері бөлімінің радио тілшісі Жаңа медиаға арналған  бағдарламасында белсенді қазақ блогшыларымен сұхбаттасып, қазақ блогосферасына деген қызығушылығын танытты. Қазақ блогосферасының дамуы жайында нақты мағлұмат алу үшін Асхат аға маған белсенді қазақ блогшылар арасында сауалнама жүргізіп көр, деп ұсыныс жасаған. Сауалнаманың нәтижесінде жауап бергендердің 57% блогтарын бір жыл, ал 27% жарты жыл, 14% бір жылдан көп жүргізгенің көруге болады. Келесі сұрақ «Блог бастауға не түрткі болды» дегенге, блогшылардың 86% «жеке қызығушылығым» деп жауап берді. Жеке веб-бет жүргізгенде блогшылардың 57% ешқандай қиындық болмағаның, ал 43% блогты жиі жаңартуға, басқа блогтарды оқуға мүмкіндігі шектеулі болғандығына себеп болған – интернет қызметінің қымбатшылығы деп жауап берген. Жеке веб-беттегі мағлұматтың маңыздылығын бағалау кезінде блогшылардың 43% қажетті ақпараттың жоқ еместігін мойындаса, 43% өзіңе қажетті ақпаратты блогтан тауып алатының көрсетті. Қазақ блог жүргізушілердің 71% әлеуметтік хабарлар, соның ішінде жаңалықтар немесе зерттеулерді, ал қалғаны ақпаратық технологиялар мен тұрмыстық кеңестерді жариялаймын деп жауап берді. Сонымен, қазақ блогосферасы не себепті пайда болды және оның маңыздылығы қандай екенің осы зерттеу барысында анықталды. Біріншіден, қазақ тілді Интернетті дамыту, өз білгеніңді басқаларға жеткізу, шығармашылықта немесе ғылымда өз идеяларды ұсыну және оларды талқылау сияқты негізгі себептер блогтардың танымалдылығына әсер еткендігі анықталды. Блог бастау үшін жеке қызығушылық және қымбат емес интернетке шығу мүмкіндігі болса, Қазақ блогшылардың саны және блогжазбалардың сапасы өсетіні сөзсіз. Жаңалық ашқаным жоқ, сонда да қызық болды :))))

P.S. Сауалнамаға қатысқандарыңызға көп рахмет.

Қазақ блогшылар!!!

Сәуір 17, 2008 22 пікір

 

Қазақ тілінде блог жүргізу бәріміз үшін әдетке айналды деп айтсам, қателеспейтін шығармын. Әдеті былай тұрсын, бұны парыз, міндет деп санайтын блогшылар бар екеніне күмәнданбаймын. Алғаш қазақ тілді блогтардың ішінде Эльвираның «Аспаздық» блогы 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап тағамдар рецептерімен бізді таныстыруда. Бұл блог дәстүрлі БАҚтағы салалық басылымдарына жақын, себебі тек қана аспаздық тақырыбына арналған. 2006 жылы журналист Асхат Еркімбайдың «Үрімтал» атты блогы әлеуметтік, саяси, діни тақырыптарды қозғайтын, электронды басылымға ұқсас, бүгінде ең көп оқылатын веблогтардың бірі болса, Бақытнұрдың блогы word press тұғырнамасында қателеспесем 2007 жылдың сәуірінен, Аршаттікі 2007 жылдың ақпаңынан, Қуаныштікі 2007 жылдың шілдесінен, ал Анар Алибаева мен Бақытгүл Салықованың жеке веб-беттері 2007 жылдың мамыр айында пайда болды. Қазақ блогтары әртүрлі бағытта, тақырыпта жүргізіледі. Олардың ішінде салалық блогтар(дін, әдебиет, салт-дәстүр, өнер, ақпараттық технологиялар, спорт) және бірнеше тақырыпты қамтитындары да кездеседі. Өткен жексенбіде Қазақ блогшыларының google group-та сауалнама ашқан едім. Оған жауап бергендер әзірге аз. Сондықтан сауалнама сұрақтарын осында жариялаймын. Жауаптарды пікірге тастауға болады.

  1. Блог бастағаныңызға қанша болды?

а) 6 ай

ә) 1 жылдан аз

б) 1 жыл

в) 1 жылдан көп

2. Блог бастауға не түрткі болды?

а) жеке қызығушылық

ә) жұмыс

б) достарым

3.  Блог жүргізуде қандай қиындықтар бар?

 

а) интернет қымбатшылығы

ә) қызықты ақпарат жоқтығы

б) техника жағын түсінбеуім

в) қиындықтар болған жоқ

 

4. Блогыңызды қандай негізгі бағытта жүргізесіз?

 

а) ақпараттық технологиялар

ә) діни

б) шығармашылық(поэзия,проза,лирика,әдебиет)

в) аспаздық/тұрмыстқ кеңестер

г) әлеуметтік хабарлар(жаңалықтар/зерттеулер)

 

5. Қазақ блог жазбалардың ақпараттық маңыздылығын бағалаңыз:

 

а)мен үшін қажетті материалдар өте көп

ә)анда-санда қажетті ақпараттар жарияланады

б)маңызды/өзекті ақпаратты табу қиын

Санаттары:блогер, блогинг Кілтсөздері:,