Archive

Posts Tagged ‘олимпиада’

Олимпиада демеушілерінің жарнамасы

Олимпиада – спорт пен саясат әлемі үшін ғана емес, жарнама бизнесі үшін де маңызды оқиға. Ванкувердегі Олимпиаданың интернеттегі жарнама түрлері әрқилы. Әлеуметтік желілер, виджеттер, блогтар арқылы әр бренд өз жарнамасын қызықты етіп жасауға тырысады. Мысалы, Panasonic-тің демеушілігін «One Winter Five Dreams» сайтында көруге болады. Panasonic бренді әр елден келген аты аса белгілі емес бес спортшыны таңдап, сайтында олардың блогтарын ашқызып қойған. Спортшылар блогтарында Олимпиадаға қалай дайындалғанын, қиыншылықтар мен жеңістері жайында жазып тұрады.

Олимпиада демеушілері таңдаған интернет-жарнама әдістері жайында толығырақ.

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,

Қарағанды облысы үшін Олимпиада-2008 аяқталды

Тамыз 21, 2008 2 пікір

Алғашқы сәтсіздік велогоншы Андрей Мизуровтан басталса, кейін дзюдошы Келбет Нұртазина, грек-рим күресші Андрей Самохин, жүзуден бірнеше спортсмендеріміз де жүлдесіз оралды. Қарағандылық жеңіл атлетшілердің бірі Иоланта Ульева квалификациялық «А» тобында 16-орын алса, спринтші Илья Муравьев 56-орында. Биіктікке секіруден Сергей Засимовичке жеңіске дейін 15 см жетпеген екен. Бірақ ең үлкен жеңіліс-бұл Серік Сәпиевтің әділетсіз төрешілдік нәтижесіндегі жеңілісі деп санайды қарағандының «Новый вестник» газеті. Шынымен де, әділетсіздік. Сәпиевке зор үміт артылған еді… Бүгін Афин-2004 қола жүлдегеріміз Дмиртрий Карпов онсайсқа түсіп жарақат алғандықтан ешқандай нәтиже көрсете алмады. Сонымен, қарағандылықтар осы олимпиадада пьедесталдан көріне алмады.

   

Алғашқы алтын!

Тамыз 17, 2008 4 пікір

Барлықтарыңызды Олимпиада 2008 алғашқы алтынымызбен құттықтаймын!!! Жарайсың, Илья! Намысымызды қорғадын! Барлық спортшыларымызға жеңіс тілеймін!!!

   ***********************************

 

  *********************

Ал қытайлық блогосферада не болып жатыр? «Қытайлық бюрократтар Олимпиада 2008дің ашылуында ән айтатын қызды айырбастады» атты видеода толығырақ таныса аласыздар. Сілтемесі міне

http://www.kommersant.ru/doc.aspx?DocsID=1011537

 **********************************

Негізі, өз басым,  біздің Мерей (М. Ақшалов 60 кг салмақта ) қытайлықтардың боксшысымен шаршы алаңға шығып, ұтылғанына көп жанкүйерлеріміз сияқты, әрине наразымын. Қалай болса да, біздің боксшы Ху Циннан  мықты екендігін бәрі байқаған еді. Алға, Қазақстан! Жеңісті күндері жүздескенше!

 

Санаттары:медиа Кілтсөздері: