Archive

Posts Tagged ‘Мәрсеков’

Мәрсеков-қазақтың тұңғыш адвокаты(жалғасы).

Қыркүйек 10, 2008 3 пікір

басы

Мәрсековтың «Қазақ қайтсе жерге ие болады?» мақаласында: «…Жер біздікі, бізге мужик жіберме деу, жалғыз-ақ біздің айтуымызға сыяды: «Біз дағы патшаға бағынған халық. Біз баяғыда бір жағынан Қытай патшасының, бір жағынан ақ патшадан елшілер келіп, бізге қараңдар деп қол салғанда, біз ақ патшаға қараймыз, әділеті көп, халықты тыныштықпен билейді, кеңшілге мол деп қараған жұрт едік, оқ атып, қылыш суырмай бар жер-суымызбенен. Енді бізді іске алғысыз қылып көз жасымызға қалуға лайық па?» – деген.

1922 ж. Алаш партиясы тапталған кезде Райымжан да Міржақыптардың қатарында өлімге үкім етіліп, Сібірге айдалған. Әйелі мен бала-шағасын ерте алмай, Гүлғасыл қызымен Шәуешектен Қызыр төрені паналайды. 1932 жылы Қазақстанда алаш мүшелері мен туған-туыстарын тұтқындай бастайды. Сол кезде інісі Шериаздан туған ағасына Шәуешекке барады. Кейін ол жерде қалуға қауіпті болғасын, Райымжан жалғыз өзі Құлжаның бай татарларына бойтасалайды. 1938 жылы Райымжан Шериаздан екеуін аяқ астынан Қытай үкіметі тұтқындап, түрмеге қамайды. Алғашқы кезде Шериаздан тамақ тасымалдаушыдан ағасының амандық-саулығын біліп отырды, кейін хабар кілт үзілді. Ату жазасына кесілді ме, әлде басқа жаққа жер аударылды ма-бұл жағы жұмбақ.

Advertisements

Мәрсеков-қазақтың тұңғыш адвокаты

Қыркүйек 8, 2008 6 пікір

Қазақ журналистикасының тарихы сабағынан көп қазақ публицистердің еңбегімен танысып, сол бойынша емтихан тапсыратынбыз. Өкінішке орай, көп қаламгерлердің өмір баяны, туындылары жайында еш ақпарат болмаған. Мысалы, мен тұратын Әлімхан Ермеков атындағы көшенің көп тұрғындары оның алғаш қазақ математигі, публицист екенін білмейді. Бүгін «Жас қазақ» газетінің 35 (191) санында Райымжан Мәрсеков туралы мақала көріп қатты қуандым, себебі ол жайында мағлұмат аз. Мақаланың авторы Мәриям Әбсаттар. Осы материалдың үзіндісін жариялаймын.

Райымжан атамызды бүгінде жұрт қазақтан шыққан тұңғыш адвокат, алаш ардақтыларының бірі ретінде біледі. 1896 жылы Санкт-Петербор қаласындағы университетте заң факультетін бітірген. Елге оралғаннан кейін Алаш пратиясын құруға белсене араласты. Мәрсековтың саяси-публицистикалық, сонымен қатар құқық қорғау саласындағы қызметке араласуы 1902-1918 жылдар аралығына сәйкес келеді. «Қазақ», «Айқап» басылымдарының бетінде қазақ қоғамының әлеуметтік, саяси-құқықтық, съезд шақыру, жер мәселесі сынды тақырыптарда үздіксіз мақалалар жариялап отырады. Мысалы, «Қазақ қайтсе жерге ие болады?» мақаласы. Ел мүддесін қорғайтын заңгер бола жүріп Райымжан Алаштың органы болған «Сарыарқа» газетін ұйымдастырады.

Жалғасы бар.