Archive

Posts Tagged ‘кино’

«Жастарды басқа қырынан көрсеткім келеді»

Мамыр 15, 2011 1 comment

Жылдың басында төмендегі материал газет пен Жаңа Еуразия сайтының орысша бөлімінде жарияланған еді, интернетте қазақша нұсқасы жоқ болғандықтан, сұхбатты блогыма орнатуға жөн көрдім.

Қаңтар айының бірінші жартысында қазақстандық және ресейлік танымал әлеуметтік желілерінде қызықты қысқа метражды «Скажи» атты кино жарияланды. Кино 7 минутқа жетер-жетпес болса да, аз уақыттың ішінде интернет-пайдаланушылардың арасында тез таратылып, жылы лебіздер мен көптеген жағымды пікірлерге ие болды. Кейін келе бұл киноның авторы қарағандылық Дәулет Тукаев екені анық болды. Дәулет Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің режиссура, кино және ТВ факультетінің бірінші курс студенті екен. Ал интернетте жарияланған видеосы – университетте берілген үй жұмысы болып шықты. Алайда, Дәулет бұл тапсырмаға бей-жай қарамай, киноға бар ынта-жігерін салған. Киноның сюжетіне келер болсақ, бас кейіпкер – стрит-арт өнерімен (яғни көшеде бояуы бар балон мен трафарет көмегімен сурет салады) айналысатын жігіт. Ол көшеге шығып, өз өнері арқылы басқаларды салауатты өмір сүруге, білімге, шындыққа шақырады. Киноның соңғы секундтарында көрермен басты кейіпкердің мылқау екенін түсінеді, алайда стрит-арт арқасында қаншама маңызды нәрсе айтқанын байқай алады. Уақыт ұзамай, демалыста Қарағандыда жүрген Дәулетті тауып алып, арнайы «Қазақстан Іскері» газетінің оқырмандары үшін оған бірнеше сұрағымызды қойған едік.  

  – Дәулет, кино өнеріне соншалықты неге құштарсыз және де режиссура факультетін неге таңдадыңыз?

– Мен 14 жасымда монтажға қатты қызыққан болатынмын, ағамның мобильді телефонына видео түсіретінмін көбінде, ал 16-ға толғанда үйдің іші маған хендикам камерасын сыйлады. Сол кезден бастап мен Астана мен Қарағанды қалаларында өтетін хип-хоп чемпионаттарын түсіре бастадым.

  – Ал «Скажи» фильмінің идеясы қалай туды?
– Университетке түскен кезде мен алғашқы киномды Қарағандыда түсіріп, оны стрит-арт өнерімен байланыстырамын деп шештім, себебі стрит-артпен 16 жасымнан бастап айналысамын. Стрит-арт – бұл киноның мұқабасы іспетті. Ал сюжетке келер болсам, сол кезде жеке өмірімде көп уайым, проблемалар болды. Фильмнің сюжетіне бұл қатты әсер етті, сонымен қатар, телевизияда қазір көбінде өтірік пен жарнамадан басқа ештеңе жоқ екенін тағы айтқым келді. Негізгі идея түсіруге дейін бір күн қалғанда келді, мен киноны демалыс күндері түсіріп, дүйсенбі күні оқытушыма көрсетуім қажет еді. Үлгермей қалам ба деп қорықтым, ақыры бәрін уақытында тапсырдым. Менің оқытушым – елімізге танымал режиссер, сценарист Ася Сулеева – материалымды қарап шығып, жоғары бағасын берді, 3-ші курстың деңгеймін де салыстырды, мен тіпті бірге оқып жүрген курстастарымнан ұялып та қалдым.
– Түсіру жұмыстары мен басты кейіпкер жайында айтып өтсеңіз?
– Басты рөлде менің Асыл Уразбеков деген досым ойнайды. Асыл үш жылдан астам граффити және стрит-арт өнерімен, музыкамен айналысады, electro dance та билейді. Кинодағы аудио жағын айтар болсам, оны қарапайым mp3 плеерге жаздырдық, ал видеоны Canon D550-ге түсірдік.
– Фильмнің негізгі идеясы не, онымен басқаларға не айтқыңыз келді?
– Фильмнің негізгі тақырыбын да, идеясын да екі сөзге сыйдыра аламын – “stay true”. Яғни, қашан болса да, өз-өзіне адал болу керек.

Read more…

Advertisements
Санаттары:медиа, әлеумет Кілтсөздері:, , ,

Аққулы көлді Голливуд

Қаңтар 5, 2010 3 пікір

2010 жылы асыға күтіп отырған кино тізімім ұзақ емес, бірақ 2010 жыл былай тұрсын, 2011-де шығатын киноны да күтетін болдым (бүгіннен бастап, әлі 1 жыл бар екен  ^_^). Өте қызықты болады-ау деген киноның аты – «Қара аққу» («Black Swan»). Осы киноға деген үмітім зор, неге десеңіз, біріншіден, Натали Портман («V 4 Vendetta» үшін ерекше жақсы көремін), екіншіден, Вайнона Райдер (иә, «Нью-Йорктегі күз» үшін), үшіншіден, кинодағы оқиға балет театрының балериналары жайында. Портман «Аққулы көл» балетіндегі Одеттаның рөлінде; меніңше, шынымен де балеринаға ұқсайды.

Сценарий – Даррен Аронофски, Марк Хейман.

Жанр – триллер, драма.

Әлемдік премьера – 2010 ж. 31 желтоқсан.

Басты рөлде: Н. Портман, В. Райдер, М. Кунис, В. Кассель.

Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері: