Archive

Posts Tagged ‘жолсапар’

Жолсапар очерк деген не?

Қазан 4, 2009 10 пікір

reader travel aprОчеркті көркем-публицистикалық жанрдың «патшасы» деп атайды. Бұл ең қиын жанрлардың бірі, себебі ол журналистен шынайы әдеби шеберлікті талап етеді. Очеркте аналитика және бейнеліліктің бастамалары бірлеседі. Бір сөзбен айтқанда, журналист тек фактты ғана емес, сонымен қатар, көркемдеу әдістерін де қолдану қажет.

Очерктің басты үш түрі:

  • портреттік очерк;
  • проблемалық очерк;
  • жолсапар очерк;

Осылардың ішінен жолсапар очеркке тоқталсақ,

жолсапар очерк – бұл автордың сапар кезіндегі оқиға немесе кездесулерінің суреттелуі. Бұл жанр авторға фантазия мен әдеби шеберлікті қолдануға көбірек мүмкіндік береді. Басты проблема – ақпаратты сараптау, себебі сапардан кейін көп әсерлер қалады, алайда, олардың қайсысы қызықты, қайсысы маңызды екенін түсіну қажет. Жолсапар очерктің бірнеше мақсаты бар, мысалы, әр түрлі елдегі адамдардың өмірін көрсету т.б.

Жолсапар очеркіне баспасөз зерттеушісі Д. Баялиева мынадай анықтама береді: «Бұл очерк жанрының ең көне түрі. Ол автор жол-жөнекей көрген-білгенін, кездесулер мен куәсі болған оқиғалардың негізінде жазылады. Автор өзін толғандыратын әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, салттық-саналық мәселелерді ғана іріктеп әңгімелейді».

Жолсапар очерк – публицист-суретшінің жазудағы ең ашық формалардың бірі. Жазушы материалды еркін жеткізіп, оқырманмен ашық қарым-қатынаста болады. Осы очерктің түрінде тарих, статистика, жаратылыс ғылымдардың элементтері мен саясатқа қатысты мәселелерге пікір білдіру, жеке ойлар, сезімдер бар.

P.S. Жолсапар очерктің тамаша үлгілері: М. Әуезовтың «Үндістан очерктері», «Америка әсерлері», Б. Момышұлының «Кубадағы кездесулер» мен Н. Оразбековтың «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы».

Санаттары:публицистика Кілтсөздері:,

Trip

Тамыз 1, 2009 13 пікір

Мамыр мен маусым айларының аралығында Турцияның Сиде қаласына баруға мүмкіндігім туды. Бұл ескі қала ежелгі Рим мен ежелгі грек мәдениетінің мұрасы іспеттес. Себебі қала ішінде ежелгі өркениеттің іздері аз емес. Сиденің негізі б.з. бұрынғы VII  ғасырда грек теңіз саяхатшыларымен қаланған. Ежелгі анатолиялық тілінде «Сиде» баламасы – «анар» бұрында осы қаланың құнарлылық символы болып саналған. Порттық сауда қаласы ежелгі дәуірде құл сату орталығы мен қарақшылар базасымен ерекшеленетін.

S6302043

IMG_3348

әрі қарай  Yvision-дағы жазбамда

Чон – Ақсуу

Тамыз 12, 2008 2 пікір

Өзімнің зерттеу жұмысымда блогтағы жазбаларды жанрға бөлуге тырыстым. Бұндағы журналистика немесе әдебиеттің таза жанрын көп кездесірмесеңіз де, олардың элементтері бар екені сөзсіз. Солардың бірі-жол сапар очерктікі жиі ұшырасады. Бардым, көрдім, ойлар, пікірлер…Сонымен қатар фото, не болмаса видео. Бұл сіздің сөзіңізге жан бітіргендей болады (әсіресе, мен сияқты, тілдің шебері болмасаңыз) бейне файлдар арқылы жолсапарларыңыз жайында одан сайын қызықты ақпарат жеткізуге мүмкіндігіңіз пайда болады.
Сонымен, сіздерге өзімнің кішкентай саяхатымды көрсеткім келеді; Чолпон атаға жақын Бозтері ауылынан шыққан экскурсияның суреттері төмендегідей. Григорьевтегі Чон – Ақсуу шатқалына келіп, атқа мінгенбіз(1 сағат-500 сом), осылайша таудың таза ауасын жұтып қайтқанбыз.