Archive

Posts Tagged ‘жарнама’

Британдықтар не істеп жүр?

Маусым 11, 2010 Пікір қалдыру
Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс Кілтсөздері:,

Мобильді жарнама не дейді?

Мобильді Интернет – медиа нарық пен жарнама секторындағы ең қарқынды арналардың бірі. Бір жағынан, бұл жаңа сала және оның әлеуетті мүмкіндіктері де жетіп асады. Мобильді интернеттің дамуы мен болашағы жайында айтар болсақ, біреулер wap-сайттардан бастап, әдемі графикасы бар толық мобильді ресурстарға көшкен батыстық тәжірибеге сүйенеді. Ал мобильді интернетте табыс жасау мен жарнама жайында айтпас бұрын, біріншіден интернеттегі мобильді жарнамаға анықтама берейік. Жарнаманың бұл түрі — коммуникацяның жаңа арнасы, ондағы жарнамалық хабарлама мобильді телефонның иесіне бағытталады. Сонымен қатар, баннер немесе мәтіндік хабарлама ретінде көрініс табады. Мобильді жарнаманың басқа да форматтары бар:

  • Click2Call (нақты нөмірге қоңырау шалуға мүмкіндік беретін баннер немесе сілтеме);
  • Click2Sms (нақты нөмірге SMS жіберуге мүмкіндік беретін баннер немесе сілтеме)
  • Click2Video (жарнамалық видеоны телефонға жүктеп алуға мүмкіндік беретін баннер немесе сілтеме)
  • Жарнамалық кампанияның мақсатты беті (landing page) Read more…
Санаттары:медиа Кілтсөздері:,

Әлеуметтік желілер мен жарнама

Наурыз 15, 2010 3 пікір

Сараптамалық фирма comScore баса айтып көрсеткендей, әлеуметтік желілердің рөлі күннен күнге маңызды болып барады және олардың дамуы белді жарнамаберушілердің назарымен де байланысты. Осыны әлеуметтік желілер мен жарнамаберушілер үшін басты онлайн тұғырнама ретінде танымал Yahoo Inc және Time Warner Inc’s AOL секілді интернет-компаниялар арасында болып жатқан жарыстардан байқауға болады. comScore зерттеуі бойынша, былтырғы жылдың екінші жартысында американдық интернет-хабарландырулардың 21.1 % әлеуметтік желілер арқылы жасалынған, ал соның ішінде көрсетілімнің 80% MySpace пен Facebook еншісінде екен. Бұл желілердің танымалдылығы тегін емес, біріншідіен – бұл сервистерде тіркелген адам саны 300 милионнан асады, екіншіден – осында кәсіби байланыс орнатуға, әріптестерді тауып алуға болады, үшіншіден – танымал брендтер мен компаниялардың ресми аккаунттарына жазылу мүмкіндігі бар.

Қолданушы профильдері арқылы жарнаманы таргеттеудің тамаша мүмкіндігі бар: жынысы, жасы, мамандығы және т.б. арқылы. Осылайша компаниялар пайдаланушыға шынымен де қызықты болатын жарнаманы көрсете алады. Ең бастысы, қолданушы профилінде өзі жайында шынайы ақпарат беруі тиіс.

Әлеуметтік желілерден ақша табудың ең оңай жолы – ақылы сервистер мен функцияларды ұсыну. Ақылы сервиске пайдаланушылардың назарын аудартуға арналған әдістер бар: ақылы функцияларды басында арзан бағамен ұсыну немесе алғашында тегін ұсынып, пайдаланушы оған әбден үйренген кезде ақылы етіп жасау стратегиясы, сонымен қатар, «кедергі» жасайтын функцияларды ақылы төлемдер арқылы өшіру. Ақша табудың тағы бір әдісі – виртуалды сыйлықтар, профиль үшін дауыс беру (пайдаланушының рейтингін көтеру үшін). Мысалы, ресейлік Vkontakte.ru атты әлеуметтік желіде дауыс беру мен виртуалды сыйлықтарды sms немесе webmoney, Яндекс.Ақша, пластикалық карталар т.б. арқылы сатып алуға болады. 10 дауыс – Билайн операторында – 400, Далаком операторында – 353, ал Кселл операторында – 400 теңге тұрады. «Мой мир» әлеуметтік желісінде юзерпикке (пайдаланушының суретіне) графикалық эффектті sms арқылы 2,99 доллар төлеп жасауға болады екен.

Әлеуметтік желілер үшін жарнама да жақсы табыс әкеле алады. Бірақ ол үшін бағытты жарнама және арнайы құралдар болған дұрыс. Интернет-жарнаманың бір артықшылығы – арнайы тұтынушыға арналған тауарды жарнамалау тиімділігі. Бұл телевиденияға да жат емес, мысалы, футбол матчтары кезінде косметика емес, сыра жарнамасы көрсетіледі. Алайда, интернет саласында бұл негізгі шарттардың бірі.

Қазастандық Әлемторда жарнама қалай дамуда?

Қазан 29, 2009 8 пікір

biznes_l24 сағат бойы жұмыс істеп тұрған жарнама мекені – Интернет. Жаңалықтық пен сараптамалық сайттарда да, жеке күнделік пен видео-сервистерде де жарнамаға кезігуге болады. Бұрындары интернет-жарнаманың негізгі пайдаланушылары кіші және орта бизнеспен айналысатын компаниялар болса, бүгінде бұл кез келген компанияның маңызды құралы. Әлемтордағы жарнама нарығы басында баннерлік жарнама мен баннерлік желілер арқылы жұмыс жасаса, интернет қолданушылар саны көбейген сайын ол дәстүрлі жарнама заңдарына бағына бастады: серіктестік бағдарламалар, мәтіндік жарнама, сапалы сайттар мен кәсіби желілік жарнама агенттіктер пайда болды.

Google мен Yandex сияқты іздеу жүйелерінің алпауыттары пайда болғаннан кейін жарнама мүмкіндіктері одан сайын кеңейді. Нарықты сегменттерге бөлу мен мақсатты аудиторияны іздеу арқылы ірі компаниялардың көбісі Әлемторды маркетингтік бағдарламаларының негізгісіне айналдырды. Ал Қазақстан Интернетінде (ҚазНет) жарнаманың бүгінгі жағдайы мен даму бағыты турасында білу үшін еліміздің ақпараттық технологиялар саласының мамандарын әңгімеге тарттық. Read more…

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,