Archive

Posts Tagged ‘блогосфера’

Мен де Блогкемп жайында…

Наурыз 25, 2011 24 пікір

Блогшылар құрылтайы жайында Интернетте қаншама жазба орнатылды, қаншама сурет, қаншама ресми ақпарат… Мен Мақпал мен Асхат аға жіберген пресс-релиздардан кейін (бұл қаңтар айынан басталды) шыны керек, бұндай ақпараттан жалықтым. Оған қоса, Блогкемп жайында жаңа ғана бір жазбаны бітірдім (орыс тілінде, Жаңа Еуразия үшін). Сонымен, көп сөздің қажеті не?

Мен үшін блогкемп керемет өтті, ал ұйымдастыру жағы мен хелптим жұмысы жоғары деңгейде болды  деп еш ойланбастан айта аламын 🙂 . Осыншама кісі келеді деп ойлаған да жоқпын, әсіресе шетелден келген блогшыларды көру қызық болды. Бұрыннан бері оқып жүрген Қалды қыз бен 6 градус, Розатай блогтарының иелерімен танысқаныма қуаныштымын, бұрыннан тек онлайнда таныс Сағынды оффлайнда көрудің де сәті түсті. Сонымен қатар, бұрыннан танитын, бірақ жиі көре бермейтін Қуаныш, Салтанат, Зере, Айко, Айкона, Мақпал, Есенгүл апай, Димаш, Тотыларды көрдім-ау. Айтпақшы, туғанынан бері тек интернеттегі фотолардан танитын Әминды енді өзім фотоға түсіре алдым 🙂

Барлық блогшылардың атын атай берсем, жазбам созылып кетер, сол себепті бар суреттерді жариялап, осымен доғарайын.

Read more…

Advertisements

Зерттеу. Қазақ тілді сегмент.

Мамыр 3, 2010 9 пікір

Былтырғы жылдың қараша айында қазақ блогшыларын біраз мазалап, сұрақ қойып, шамам келгенше қазақ тілді интернетті зерттеуге тырысқан едім. Биылғы жылы бұл зерттеуге және «Қазақстандық контент», «Қазақстандық интернет-экономика», «Қазақстандық интернет-құқық» тақырыптарына байланысты жасалған зерттеулер Медианеттің басшылығымен жинақ ретінде шықты. Кітаптың электрондық нұсқасы жоқ болғасын (әзірге шығар), сіздерге бірнеше сурет көрсетуге тура келеді 🙂 дайын болғанда, хабарлаймын дегесін. Зерттеу үш тілде (мен орысша жазғанмын, қазақшасын өздері аударды, ағылшыншасы тағы бар).

Содан кейін мына презентацияның ішінде былтыр жасалған сауалнаманың нәтижелері бар. Осы презентацияға Анара мен Мақпалдың «Әдеби сайттар» тізімін қосып қойдым.

BarCampCA’10-ға қатыс!

Алдында айтылғандай, тревел-гранттарға өтініш қабылдау басталды. Егер де Алматы тұрғыны болмасаңыз, бірақ шараға қатысамын десеңіз, сіздің жолақы шығынын өтейтін грант алу мүмкіндігіңіз бар (Сорос Фондына рахмет!). Тек уақыт шектеулі екенін ұмытпаңыз.

Өтініш жіберу формасымен таныс болған шығарсыздар. Өтініштерді қазақ тілінде жазуға болады!

Хаттарды barcampkz[at]gmail[nukte]com адресіне Тревел грант тақырыбымен жіберіңіз. Егер де сұрақтарыңыз бар болса, тікелей маған хабарласуыңызға болады (alijakj[at]gmail[nukte]com).

Сайтта тіркелу басталды!

Қазақ интернеті мен оның қоғамдағы әсері

Наурыз 28, 2010 3 пікір

Кеше (27/03/2010) КИМЕП-те коммуникацияларға байланысты конференция өткен болатын. Асхат Еркімбай бұл конференцияда интернеттің қазақ тілді сегменті жайында баяндама жасаған еді. Естеріңізде болса, былтырғы жылдың қараша айында қазақ блогшылары арасында сауалнама жүргізген едік, соның нәтижесі алғаш рет айтылды:

Ішкі шектеулер;

Болжамдар;

Қазнеттің қазақ тілді бөлігі:

– күніне қанша қазақ тілді сайт қарайсыз;

– қазнет қолданушысының келбеті;

– қандай ресурстарға зәруміз;

– іздеу торабының қайсысы сұранысқа ие;

– қазнетті қалай дамытамыз.

Баяндаманың видеосын мына жерден көруге болады.

Фитцпатрик: «Блог – хабарласудың формасы»

Қыркүйек 23, 2009 Пікір қалдыру

m99381LiveJournal-дың негізін салушы Брэд Фитцпатрик қолданушылардың блогтарында ақша табудың (монетизация) мүмкіндіктері жайында баяндап беру мақсатымен Мәскеуге келген еді. Google-да инженер-программист болып жұмыс істейтін Фитцпатрик ЖЖ-ның монетизациялануына сенбейтінін және тұғырнама жақында «ескіріп» қалуы мүмкін екенін «Ведомости» газетіне айтты.

ЖЖ-ны 1999 жылы мектепті бітіргеннен кейін өзінің жеке күнделігі ретінде жасаған. Кейін бұл бизнеске айналды.

Бүгінде ЖЖ-ның жағдайы жайында Бред былай деп айтады: «LiveJournal әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнама нарығында алғашқылардың бірі болған еді. Ол Twitter секілді прогрессивті болды. Бұл факт: АҚШта бес әлеуметтік желі танымал болып, кейін осы беделінен айырылып қалғанын көрген едім. Адамдар желіге сәннен қалмас үшін келеді, ал сіздің мамаңыз онда аккаунт ашқан кезде, осы желі сәнді болудан қалады. Бұл дұрыс емес – желінің функционалын таңдау керек».

Блогтардың монетизациясы турасында: «Осы жайында сенімді жауап беру – ақымақтық… Блог – бұл хабарласу формасы, әдетте, электронды почта мен IM секілді. Мен өзімнің почта немесе мессенджерімді қалай монетизациялаймын?»

толығырақ «Ведомости» сайтында

Санаттары:блогинг, медиа, әлеумет Кілтсөздері:, ,

Орталық Азия BarСamp 2009. Бішкек.

Қыркүйек 9, 2009 5 пікір

Қыркүйектің 4-6 күндері аралығында Бішкек қаласында Орталық Азия BarСamp 2009 өтті. Алғаш рет Қырғызстан астанасында бұл шара 2008 жылдың тамыз айында ұйымдастырылған болатын. Биылғы Баркэмпке қазақстандықтар көптеп қатысты. Бұған сөзсіз әсер еткен Алматыдағы BarСamp CA 2009.

Сонымен, бірінші күн. Бұл әдеттегідей қатысушылардың тіркелу және Баркэмптің ресми ашылу күні.

открытие

Екінші күн – презентациялар күні. Олар сағат 11-ден кешкі 8-ге дейін өтті. Солардың ішінде:

youth.kg

prohost.kg

photoasia.ru

foto.kg

photo.kg

seo.kg

almamater.kg

mediaprorock.kz

vsetut.uz

spasibo.kg

kloop.kg

moblog.kz

francekoul.kg

mojazarplata.kz

freelancer.kz

xat.kz

gde.kg

Opera үшін виджеттерді қалай жасауға болады, жастарға арналған әлеуметтік роликтер, антисайттар туралы, Жаңа Евразия блогтары (New Eurasia citizen media), т.б.

расписание

Үшінші күн – Ideas Market. Қатысушылар өз жобаларын таныстырар алдында «Celebrities» секциясы өтті. The Center for Training and consulting-тің бөлімі Business Academy басшысы Эркин Джаманбаев Қырғызстандағы Интернеттің дамуы жайында презентация жасады. Дәл қазір Қырғызстанда интернетке мобильді түрде кіру – 50%, ПК арқылы – 20%. Джаманбаев мырза Мемлекет және Интернет – қақтығысу не бірлесу мәселелерін де қарастырды. Ал қазақстандық «Республика» газеті өзінің ақпараттық-сараптамалық порталымен таныстырды. Одан кейін Қырғыз Республикасының мемлекеттік патент қызметі төрағасының көмекшісі Нұрлан Баяман сөз сөйледі. Баяман мырза ұлттық домендік зона және Қырғызпатент пен «АзияИнфо» арасындағы қақтығыс мәселелеріне тоқталды.

DSCN3337

Ал Ideas Market-тегі жобалар жайында толығырақ мына жерде көруге болады.

Ideas market-ке қазақстандықтардан қатысқан talimger.kz жобасы жайында ерекше айтып өткім келеді. Егер де бұл жобаны әрі қарай дамытатын болса,  қажетті ресурсқа айналуы мүмкін.

talimger

P.S. Осы Баркемптің арқасында қазақ блогшыларымен де жолығуға мүмкіндік туды. Асхат аға, Салтанат, Зере, кездескеніме қуаныштымын.

Суреттер Barcamp.kg сайтынан, соңғысы Рауандікі.

Блогосфера тынысы

Маусым 17, 2009 7 пікір

blogs-about-blogging

Блогосферадағы соңғы жаңалықтарға назар аударайық:

1.      Linux туралы қазақ тіліндегі алғашқы блог. Қазақша Linux (Линукс), орнату, баптау, қолдану кеңестері. Сонымен қатар, осы блогтан қазақша Mozilla Firefox браузерін жүктеп алуға болады. ИТ саласына қатысты қажет ақпарат осы блогта жоқ емес.

2.       Жаңа подкастшы және жаңа үнхабар пайда болды. Оны Сіздер мүмкін тыңдап үлгерген де шығарсыздар. Естімесеңіз, міне. Ansar-ға тілейтініміз: жаңа үнхабарлар қызықты, әрі жиі болып шықсын.

3.      Микроблогингтің соңғы жаңалықтарын хабарлап отыратын блог бар екенін естіген шығарсыздар. Микроблогинг өміріне қатысты өзгерістер, жаңалықтар, жаңа мүмкіндіктер т.б.

4.      Your vision блог-тұғырнамасы 1 ай бұрын интерфейсін қазақ тіліне аударды. Енді қазақ тілді блогшыларға осы тұғырнамада блог жүргізуге еш кедергі жоқ.  Your vision тек қана блог-тұғырнама емес, сонымен қатар, әлеуметтік желі; Сіз бірлестік құрып, немесе дайын бірлестікке кіріп, тақырыпқа сай жазба жаза аласыз және осы жазбаны(пікірлерді де)  басқалар бағалай алады. Тұғырнамадағы басқалардың блогтарында жаңа жазбалар жайында хабардар болып, достар қатарына ұнаған блогшыны қосуға болады. Жеке блог жүргізесіз бе, әлде анда-санда бірлестікке де жазып тұрасыз ба, бұл сіздің еркіңізде.