Archive

Posts Tagged ‘блогинг’

Талдықорғандағы «Мінбердің» семинары

Қазан 9, 2010 16 пікір

Қазан айының 4-5 күндері Талдықорғанға барып қайтуға мүмкіндік туды, оның себебі жоқ емес. Жергілікті тамаша журналистермен танысып,  қаланың таза ауасын жұтып, демалып қайттік. Төменде семинардың суреттері, барлығы емес әрине.

Read more…

Семинардың суреттері

Маусым 1, 2010 8 пікір

Зерттеу. Қазақ тілді сегмент.

Мамыр 3, 2010 9 пікір

Былтырғы жылдың қараша айында қазақ блогшыларын біраз мазалап, сұрақ қойып, шамам келгенше қазақ тілді интернетті зерттеуге тырысқан едім. Биылғы жылы бұл зерттеуге және «Қазақстандық контент», «Қазақстандық интернет-экономика», «Қазақстандық интернет-құқық» тақырыптарына байланысты жасалған зерттеулер Медианеттің басшылығымен жинақ ретінде шықты. Кітаптың электрондық нұсқасы жоқ болғасын (әзірге шығар), сіздерге бірнеше сурет көрсетуге тура келеді 🙂 дайын болғанда, хабарлаймын дегесін. Зерттеу үш тілде (мен орысша жазғанмын, қазақшасын өздері аударды, ағылшыншасы тағы бар).

Содан кейін мына презентацияның ішінде былтыр жасалған сауалнаманың нәтижелері бар. Осы презентацияға Анара мен Мақпалдың «Әдеби сайттар» тізімін қосып қойдым.

2 жасқа толдық

Қазан 31, 2009 15 пікір

3197525753_9a3de46ac1_o

1 қараша – блогымның туған күні! 🙂 Осы екі жылдың ішінде блогымның арқасында сіздермен таныстым, ақпаратпен бөлістім, қызықты пікірлеріңізбен, көзқарастарыңызбен таныс болдым! Сіздер сияқты оқырмандардың бар болуы блогтың дамуына, жаңаруына әр кез оң әсер етеді! Сол үшін сіздерге алғысымды білдіргім келеді!

Төменде 2 жылдық статистика 🙂

Безымянный

Санаттары:блогер, статистика Кілтсөздері:, ,

Фитцпатрик: «Блог – хабарласудың формасы»

Қыркүйек 23, 2009 Пікір қалдыру

m99381LiveJournal-дың негізін салушы Брэд Фитцпатрик қолданушылардың блогтарында ақша табудың (монетизация) мүмкіндіктері жайында баяндап беру мақсатымен Мәскеуге келген еді. Google-да инженер-программист болып жұмыс істейтін Фитцпатрик ЖЖ-ның монетизациялануына сенбейтінін және тұғырнама жақында «ескіріп» қалуы мүмкін екенін «Ведомости» газетіне айтты.

ЖЖ-ны 1999 жылы мектепті бітіргеннен кейін өзінің жеке күнделігі ретінде жасаған. Кейін бұл бизнеске айналды.

Бүгінде ЖЖ-ның жағдайы жайында Бред былай деп айтады: «LiveJournal әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнама нарығында алғашқылардың бірі болған еді. Ол Twitter секілді прогрессивті болды. Бұл факт: АҚШта бес әлеуметтік желі танымал болып, кейін осы беделінен айырылып қалғанын көрген едім. Адамдар желіге сәннен қалмас үшін келеді, ал сіздің мамаңыз онда аккаунт ашқан кезде, осы желі сәнді болудан қалады. Бұл дұрыс емес – желінің функционалын таңдау керек».

Блогтардың монетизациясы турасында: «Осы жайында сенімді жауап беру – ақымақтық… Блог – бұл хабарласу формасы, әдетте, электронды почта мен IM секілді. Мен өзімнің почта немесе мессенджерімді қалай монетизациялаймын?»

толығырақ «Ведомости» сайтында

Санаттары:блогинг, медиа, әлеумет Кілтсөздері:, ,

Орталық Азия BarСamp 2009. Бішкек.

Қыркүйек 9, 2009 5 пікір

Қыркүйектің 4-6 күндері аралығында Бішкек қаласында Орталық Азия BarСamp 2009 өтті. Алғаш рет Қырғызстан астанасында бұл шара 2008 жылдың тамыз айында ұйымдастырылған болатын. Биылғы Баркэмпке қазақстандықтар көптеп қатысты. Бұған сөзсіз әсер еткен Алматыдағы BarСamp CA 2009.

Сонымен, бірінші күн. Бұл әдеттегідей қатысушылардың тіркелу және Баркэмптің ресми ашылу күні.

открытие

Екінші күн – презентациялар күні. Олар сағат 11-ден кешкі 8-ге дейін өтті. Солардың ішінде:

youth.kg

prohost.kg

photoasia.ru

foto.kg

photo.kg

seo.kg

almamater.kg

mediaprorock.kz

vsetut.uz

spasibo.kg

kloop.kg

moblog.kz

francekoul.kg

mojazarplata.kz

freelancer.kz

xat.kz

gde.kg

Opera үшін виджеттерді қалай жасауға болады, жастарға арналған әлеуметтік роликтер, антисайттар туралы, Жаңа Евразия блогтары (New Eurasia citizen media), т.б.

расписание

Үшінші күн – Ideas Market. Қатысушылар өз жобаларын таныстырар алдында «Celebrities» секциясы өтті. The Center for Training and consulting-тің бөлімі Business Academy басшысы Эркин Джаманбаев Қырғызстандағы Интернеттің дамуы жайында презентация жасады. Дәл қазір Қырғызстанда интернетке мобильді түрде кіру – 50%, ПК арқылы – 20%. Джаманбаев мырза Мемлекет және Интернет – қақтығысу не бірлесу мәселелерін де қарастырды. Ал қазақстандық «Республика» газеті өзінің ақпараттық-сараптамалық порталымен таныстырды. Одан кейін Қырғыз Республикасының мемлекеттік патент қызметі төрағасының көмекшісі Нұрлан Баяман сөз сөйледі. Баяман мырза ұлттық домендік зона және Қырғызпатент пен «АзияИнфо» арасындағы қақтығыс мәселелеріне тоқталды.

DSCN3337

Ал Ideas Market-тегі жобалар жайында толығырақ мына жерде көруге болады.

Ideas market-ке қазақстандықтардан қатысқан talimger.kz жобасы жайында ерекше айтып өткім келеді. Егер де бұл жобаны әрі қарай дамытатын болса,  қажетті ресурсқа айналуы мүмкін.

talimger

P.S. Осы Баркемптің арқасында қазақ блогшыларымен де жолығуға мүмкіндік туды. Асхат аға, Салтанат, Зере, кездескеніме қуаныштымын.

Суреттер Barcamp.kg сайтынан, соңғысы Рауандікі.

«Жәй эстафета»

Қыркүйек 2, 2009 4 пікір

yumiӨмір туралы

Бұрын өмірді түсінуге тырыстым, енді өмірдің өзі мені түсінсін деп, ол жайында басымды қатыра бермеймін. Жалпы, өмірде кейде енжар болып қалған да артық етпес.

Өмірдің мәнісін іздеу жолында оның мәнсіздігіне көбірек ұрына береді екенсің.

Уақыт туралы

Уақытты әлі де бағалай алмай жүрмін. Кейде 18-ге толдым және одан әрі аспадым деген күйде болғандаймын. Бірақ, бұның бәрі өз-өзімді алдаушылық екеніне мән бергім де келмейді.

Отбасы туралы

Есейген соң осы сөздің мағынасы анау әліппедегі сурет емес екенін түсіндім, оның суретін салу қиын, түсіндіру де.

Ақша туралы

Ақша туралы қымбат (бағасы жоғары) нәрселерді көргенде ғана ойланамын. Басқасының құны жоқтай… Негізінде, ақша туралы мүлдем ойланбауға тырысамын. Бұл уақытша десеңіз, әбден мүмкін.

Достар туралы

Балабақшадағы достарым мектебіме көшті; мектептен университетіме көшкендер аз, бірақ жоқ емес. Университеттен «өміріме» көшкендер саусақпен санарлық. Бірақ ең жақыны солар. «Досым» деп көрінгенге айта бермеймін, тым жауапты лауазым.

Арман туралы

Армандарым орындалса, өмірім күрт өзгереді деп ойламаймын.

Әр арманым орындалсын деп тілемеймін.

Жұмыс пен хобби

Хобби жұмысың болып қалса, ол әуестенушілік болудан қалады. Жұмысың хобби болатын болса, не сорың, не бағың.

Ұстаным туралы

«Өмір сен сүйгендер мен сен ренжіткендерден құралады». Осы тұрғыдан өмір сүруге тырысамын. Иә, ол оңай емес.

Ақылға сыймайтын әрекеттер

Уақыт өте келе, кешегі ақылға сыймайтын әрекеттер бүгін қалыпты болып көрінеді. Мүмкін ақылға сыймайтындай әрекеттерім келешекте.

Болашақ туралы

«Біз ертеңгі күнді күтетінбіз, Күнде ертеңгі күнді күтетінбіз…» В. Цой

Эстафетаны Ақзереден қабылдап, Айнұрға тапсырдым.