Archive

Posts Tagged ‘блоггинг’

Мен де Блогкемп жайында…

Наурыз 25, 2011 24 пікір

Блогшылар құрылтайы жайында Интернетте қаншама жазба орнатылды, қаншама сурет, қаншама ресми ақпарат… Мен Мақпал мен Асхат аға жіберген пресс-релиздардан кейін (бұл қаңтар айынан басталды) шыны керек, бұндай ақпараттан жалықтым. Оған қоса, Блогкемп жайында жаңа ғана бір жазбаны бітірдім (орыс тілінде, Жаңа Еуразия үшін). Сонымен, көп сөздің қажеті не?

Мен үшін блогкемп керемет өтті, ал ұйымдастыру жағы мен хелптим жұмысы жоғары деңгейде болды  деп еш ойланбастан айта аламын 🙂 . Осыншама кісі келеді деп ойлаған да жоқпын, әсіресе шетелден келген блогшыларды көру қызық болды. Бұрыннан бері оқып жүрген Қалды қыз бен 6 градус, Розатай блогтарының иелерімен танысқаныма қуаныштымын, бұрыннан тек онлайнда таныс Сағынды оффлайнда көрудің де сәті түсті. Сонымен қатар, бұрыннан танитын, бірақ жиі көре бермейтін Қуаныш, Салтанат, Зере, Айко, Айкона, Мақпал, Есенгүл апай, Димаш, Тотыларды көрдім-ау. Айтпақшы, туғанынан бері тек интернеттегі фотолардан танитын Әминды енді өзім фотоға түсіре алдым 🙂

Барлық блогшылардың атын атай берсем, жазбам созылып кетер, сол себепті бар суреттерді жариялап, осымен доғарайын.

Read more…

Advertisements

Блогосфера тынысы

Маусым 17, 2009 7 пікір

blogs-about-blogging

Блогосферадағы соңғы жаңалықтарға назар аударайық:

1.      Linux туралы қазақ тіліндегі алғашқы блог. Қазақша Linux (Линукс), орнату, баптау, қолдану кеңестері. Сонымен қатар, осы блогтан қазақша Mozilla Firefox браузерін жүктеп алуға болады. ИТ саласына қатысты қажет ақпарат осы блогта жоқ емес.

2.       Жаңа подкастшы және жаңа үнхабар пайда болды. Оны Сіздер мүмкін тыңдап үлгерген де шығарсыздар. Естімесеңіз, міне. Ansar-ға тілейтініміз: жаңа үнхабарлар қызықты, әрі жиі болып шықсын.

3.      Микроблогингтің соңғы жаңалықтарын хабарлап отыратын блог бар екенін естіген шығарсыздар. Микроблогинг өміріне қатысты өзгерістер, жаңалықтар, жаңа мүмкіндіктер т.б.

4.      Your vision блог-тұғырнамасы 1 ай бұрын интерфейсін қазақ тіліне аударды. Енді қазақ тілді блогшыларға осы тұғырнамада блог жүргізуге еш кедергі жоқ.  Your vision тек қана блог-тұғырнама емес, сонымен қатар, әлеуметтік желі; Сіз бірлестік құрып, немесе дайын бірлестікке кіріп, тақырыпқа сай жазба жаза аласыз және осы жазбаны(пікірлерді де)  басқалар бағалай алады. Тұғырнамадағы басқалардың блогтарында жаңа жазбалар жайында хабардар болып, достар қатарына ұнаған блогшыны қосуға болады. Жеке блог жүргізесіз бе, әлде анда-санда бірлестікке де жазып тұрасыз ба, бұл сіздің еркіңізде.

Жаңа идеялардың 15 қайнар көзі

Мамыр 4, 2009 15 пікір

561453_3

Егер адам шығармашылықпен тікелей байланысты болса (осы орайда, жазушылар, ақындар жайында айтқым келеді), ерте ме кеш шығармашылық дағдарысқа ұшырасады. Ал блогшылар/копирайтерлер ше? Идея немесе шабыт жоқ, не жазарымды білмеймін, жаңа тақырып таба алмадым, – деген сияқты сөздер сізге бөтен болмаса, осы жазбаны әрі қарай оқуға шақырамын.

Dumblittleman сайтында “15 Ways To Break Writer’s Block ” осындай бірнеше кеңес бар:

Сіздің компьютеріңіз

Иә, дәл солай. Компьютеріңіз сіздің оффлайнға шығуыңызды күтуде. Онда неше түрлі  идеяға итермелейтін материалдар бар.

Bookmarks (орысшасы закладки, ал қазақшасын білесіз бе?)

Сізді қызықтырған сайттар, материалдар жоғалып кетпес үшін, оларды сақтайсыз. Осылайша ұзыннан ұзақ ерекшелеп қойған сайтардың тізімі жиналады. Бірақ оларға екінші рет кіретініңіз екі талай. Осылайша, жаңа идеяларыңыз болмаса, браузердегі bookmarks-ты (аудармасын тағы сұраймын) қарап шығыңыз.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ

Сіз интернетте ақпаратты іздейсіз, қазбалап, суырып алуды жақсы көретін болсаңыз, бұрын тауып алған материалды қайта тексеріп шығуға уақыт келді. Материалға үңіліп қараңыз, шын мәнісінде, тереңдеп қарайтын болсаңыз, онда «пайдалы қазбаларды» тауып алуға болады.

RSS оқырмандары

Google оқырманы шабыт қайнар көзіне айналуы мүмкін. RSS – ке жазылып, біраз ақпаратқа ие болуға асығыңыз.

Газет – журналдар

Күнделікті газеттер мен журналдар – идеялардың сарқылмайтын қайнар көзі. Компьютерсіз-ақ ақпарат тауып алуға көріңізші..

Пікірлер

Оқырман пікірлері – шабыттың тағы бір қайнар көзі болуы әбден мүмкін. Кейбір оқырмандар пікірге блогыңыз үшін жаңа идея тастап кеткен де шығар…

Flickr және YouTube

Flickr, YouTube және бақа да сайттар әртүрлі суреттер мен видеоларға бай, олар да жаңа идеяға итермелейді. Кейбір видеороликтар мен суреттер жұмыстағы жаңа материалға шабыттандыруы мүмкін

Кітаптар

Бұл идея үшін ең жеңіл тәсіл. Кітап сөресін шаңнан сүртіп, оқи бастаңыз

Чат және Twitter

Диалог/әңгімелесу – идеяларды әкеледі. Мүмкін, достарыңызбен әңгімелескен кезде олардан кеңес сұрап көрсеңіз? Ақпаратпен алмасудың ең ыңғайлы түрі: чат, Twitter, телефон.

Ескі электронды хаттар

Gmail бізге біраз ақпарат сақтауға мүмкіндік беретіндіктен, ескі хаттарды өшірмейтін шығарсыз. Баяғыда келген хаттарды оқып шығыңыз, ол дәстүрлі емес ақпарат қайнар көзіне айналып, шығармашылық дағдарыс кезінде көмекке келуі мүмкін.

Телевидение

Әлемтор өміріңізге келгеннен кейін, бұрынғы досыңыз – телевидениены ұмытып кеткенге ұқсайсыз. Бірақ бұл да материалдардың зор ресурсы. Сондағы бейне әріқарай материалыңыз ретінде жалғасын тауып алуы ықтимал.

Форумдар

Форумдағы пікірлесулерге қатысыңыз, әсіресе олар қызметіңізбен тікелей байланысты болса. Бұл да идеяларды әкелетін орынға айналуы мүмкін.

Үнхабарлар

Үнхабар тыңдаңыздар. Жұмыстан шаршап, ойлануға мұршаңыз келмесе, үнхабар жаңа идея әкелуі мүмкін.

Қоршаған орта

Қоршаған орта да шабыт сыйлауы мүмкін. Жұмыс үстеліңізді тазалап, бөлмені реттеңіз. Осыны істеп жатқанда да, идея келуі мүмкін.

Миға шабуыл және ойлардың картографиясы

Ұйымдасып, «миға шабуыл»(brain storm) немесе ойлардың картографиясын жасап, жаңа идеяларды тудыра аласыз. Бұрын өзіңіз жазған жазбаларды қарап шығыңыз. Оларды басқа біреумен талқылаңыз, мүмкін жаңа көзқарасқа тап боласыз.

Біз қайдамыз, олар қайда?

Сәуір 29, 2009 15 пікір

71832

Қазақстан Бүгін: 13:04 29.04.2009

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Республикада интернет-технологияларды дамытудың қазіргі деңгейіне заңнаманы сәйкес келтіру мақсатында заң жобасында негізгі ұғымдарды анықтайтын ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді берудің үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін ережелерді және қолданыстағы заңнамада бекітіп беру ұсынылады. Мысалы, қолданыстағы «веб-сайт» ұғымы порталдар, форумдар, блогтар, интернет – теледидар және басқа технологиялар көмегімен интернет желісінде ақпаратты орналастыруды қамтымайды. Сондықтан осы заң жобасында кең ауқымды «веб-сайт» ұғымын «интернет-ресурс» ұғымына ауыстыру көзделген.

Осы іс-шараларды іске асыру мақсаттарында сотқа міндетті түрде талапты енгізумен, прокурорға мүмкіндік беретін (бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін) ақпараттың жариялануын тоқтату туралы қаулының нормасын «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы заңына енгізу ұсынылған.

Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан сайттарға қатысты істерді қарау іс-жүргізудің талабының тәртібінде жүзеге асырылатын болады.

Толығымен мына жерде

Заң күшке енетін болса, Қазақстан территориясында әр блог/сайт БАҚ болып саналады (ал әр блогшы – журналист?),  веб-ресурстар тіркелуден өтуге тиісті, ал еліміздің соты шетелдік веб-сайттарға кіру жолдарын жауып тастауға құқылы болады. KZ зонасындағы веб-жобалар күрт азайып, нарықта Қазнеттің бәсекелестігі аңызға айналмақ.

Жоғарыдағылар «қажетсіз» сайт пен блогтарға бан қойып, әуреленбейді, енді бәрі ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ болмақ! Осыған қарап, Біз (блогшы/юзер/ азаматтар/ журналистер) және Олардың арасында қаншалықты алшақтық бар екеніне көзіміз жетті. Бұл алшақтық барда ешкім де ұтпайтыны анық!

Қазнеттің белсенді қолданушыларын өздерінің бұл заңға қарсы екенін көрсету үшін 13 мамыр 2009 ж сағат 15 пен 16 аралығында ( Астана уақыты) Қазақстанның интернет кеңістігіне шықпауға шақырады. «Бұл рәсім арқылы Заң қабылдана қалған жағдайда Қазнеттің қандай күйге түсетінін көрсеткіміз келеді» дейді.

P.S. суретте соқыр Фемида

Ал сен барасың ба?

Сәуір 6, 2009 19 пікір

d0bbd0bed0b3d0be-d0b1d0b0d180d0bad0b5d0bcd0bfd0b0
Бұрын айтып өткендей, сәуірдің 17, 18, 19 күндері Алматыда BarCamp Central Asia 2009 коммерциялық емес [бей]конференция өтеді. Шараға Қазақстанның және шет елдің блогшылар, журналистер, ИТ саласының мамандары жиналады және өзінің тәжірибесімен бөліседі.
Баркемпке қатысамын десеңіз, сайтта тіркелуден өтіңіз, сайтта шара жайында толығырақ мәлімет алуға болады немесе сұрақтарыңыз болатын болса, осы жазбаға пікір қалдырыңыз.

Баркемп демеушілерінің бірі Сорос-Қазақстан 20 адамға трэвел-грант(жол/тұрудың ақысы) бөлген еді. Осылайша шараға Алматыдан алыс тұратындардың конференцияға қатысуға мүмкіндігі пайда болды.

BarCamp қай жерде өтеді? – КИМЕПтің Жаңа ғимаратында.
Абай даңғылы 4 (Достық даңғылы мен Уәлиханов көшесі арасында).

img_5555
img_5549
Қырқып қой: Мен өткен аптада пойызға билет алған едім.

Санаттары:блогер, блогинг, медиа Кілтсөздері:, ,

Әлемнің үздік блогтары 2009

Сәуір 5, 2009 8 пікір

ninth-annual-weblog-awards-the-2009-bloggies_1231604583550
2009 жылдың 16 наурызында Остин қаласында (Техас штаты, АҚШ) 9-рет Әлемнің үздік блогтарына арналған «жүлде» өтті. Қаңтар айында қатысуға өтініштер қабылданып, 200 блогшы іріктелінді, кейін дауыс беру мен ақпанда дауыс берудің уақыты аяқталғаны жайында мәлім болды. Наурызда үздік блогшылардың тізімі жарияланды:
1. Блогтарға арналған үздік веб-қосымша – Google Reader.
2. Жаңа Зеландия/Австралияның үздік блогы – Girl With a Satchel (сән, поп-мәдениет).
3. Азияның үздік блогы (Қиыр Шығысты қосқанда) – Susie’s Big Adventure. (Сауд Арабиясына көшіп келген американ әйелдің блогы).
4. Африканың үздік блогы – Glad to Be a Girl. (Йоханнесбургта тұратын қыздың блогы).
5. Европаның үздік блогы – Chocolate & Zucchini. (аспаздық блог).
6. Латын Американың үздік блогы – A Canuck in Cancun. (Мексикада тұратын канадалық әйелдің блогы).
7. Канаданың үздік блогы – Everybody Likes Sandwiches. (аспаздық блог).
8. Үздік фото-блог – Pioneer Woman Photography.
9. Үздік арт / дизайн / крафт-блог – PostSecret. (Осы блогқа оқырман аты-жөнін көрсетпей өзінің құпияларын жібереді. Күшті идея, қазір осындай сайттар рунетте де пайда болды).
10. Үздік аспаздық блог – Cake Wrecks.
11. Сән туралы үздік блог – Go Fug Yourself.
12. Саяхат туралы үздік блог – Camels and Chocolate.
13. Музыкалық үздік блог – Stereogum.
14. Танымал адамдар туралы үздік блог – Dlisted.
15. Кино / ТВ / театр туралы үздік блог – Television Without Pity.
16. Спорт туралы үздік блог – Fat Cyclist.
17. Саясат туралы үздік блог – FiveThirtyEight.
18. Үздік техно-блог – LifeHacker.
19. Үздік тақырыптық блог – Cute Overload. (жануарлардың қызықты суреттері бар блог)
20. Тинейджерлерге арналған үздік блог- Foodie at Fifteen. ( 16дағы жігіттің аспаздық блогы)
21. Үздік әзіл-оспақ блогы – I Can Has Cheezburger?
22. Мазмұндаудың үздік стилі – Cake Wrecks.
23. Үздік микроблог – One Sentence.
24. Үздік топтық блог – Gawker.
25. Үздік коммьюнити-блог – I Can Has Cheezbuger?
26. Дизайны бойынша үздік блог – Confessions of a Pioneer Woman.
27. Үздік «белгісіз» блог – Pistols and Popcorn.
28. Үздік блог-”жаңа” – Cake Wrecks.
29. Үздік блог-”ескі” – Fark.com.
30. Үздік блог 2009 – Confessions of a Pioneer Woman.
Сыйлық ретінде 2009 цент (20,09 доллар) берілді. Осы блогтардың көбін қыздар, әйелдер жүргізеді екен. Тағы бір қызығы – аспаздық тақырыбына арналған блогтар бірнеше номинацияда жүлдегер атанды.
қайнар

Мобильді интернет – кеше, бүгін.

Наурыз 20, 2009 9 пікір

apple_iphone_comics_2
comScore компаниясының зерттеуі бойынша, мобильді құрылғылар арқылы интернетке шығатындар саны көбейе бастады, нақтырақ айтатын болсақ, 2 есеге өсті. Мобильді интернет қолданушылардың ең белсендісі – 18-21 жас аралығындағы жастар. Ал 18-24 аралықтағы жастардың мобильді желідегі белсенділігі төменірек. comScore-дың бұл қорытындысы 2008 жылдың қаңтары мен 2009 жылдың қаңтар аралығында есептелген.

Сарапшылардың айтуынша, мобильді телефон арқылы Әлемторға кіріп, жаңалықтар оқитын пайдаланушылар почтамен де, сайттармен де жұмыс істейді. Олардың саны – 63,2 млн(2009 ж. қаңтар айы бойынша). Ал 22,4 млн қолданушы мобильді телефондар арқылы Интернетке күнде шығады екен.

Сонымен қатар, comScore өткен жылы мобильді сервис нұсқалары ішінен әсіресе блогтар және әлеуметтік желілердің танымалдылығы жайында хабарлайды. Орташа есеппен, 12 ай ішінде осындай жобаларға кіру саны 4277% өсті. 2008 жылдың қаңтарында 1,7 млн пайдаланушы күн сайын мобильді телефон арқылы интернетке кіретін болса, 2009 жылдың қаңтар айында олардың саны 9,2 млн болды.

Сарапшылар мобильді интернеттің танымалдылығын смартфондармен тікелей байланыстырады. Аналитиктердің болжамы бойынша 2013 жылы сатылған әр 4-телефон кеңейтілген интернет-функционалға ие болып, жеке компьютер сияқты қызмет атқара алады.

Мобильді интернеттің тағы бір танымалдылық драйвері – смартфондар үшін бағдарламалық қамсыздандырудың молшылығы. Соңғы 2 жылдың ішінде смартфон өндірушілер, оның ішінде Apple, RIM және Nokia өзінің софттары бар мобильді порталды іске қосты.
Қайнар

Санаттары:медиа, статистика Кілтсөздері:,