Мұрағат

Posts Tagged ‘Асхат Еркімбай’

Асхат Еркімбай: Бастысы – бар нәрсеммен бөліссем…

Қаңтар 11, 2009 17 пікір

Ассалаумағалейкум! Міне қазақ қаріптерімен тағы да қиындық пайда болды. Туған тілінде өз ой пікіріңді жаза алмауым қандай қын? Бәлкім қазақ блогтары көбейе түскен сайын бұл мәселе де өз шешімін табар. “Көш жүре түзелер”. Гуглдың қазақ тілін енгізіуінің өзі осындай сенім ұялатады. Хош, Манхеттен!

12/10/2006

Дәл осы блог жазба қазақ тілді блоггингке жасалған алғашқы қадам. Посттың авторы – белгілі журналист, блогшы Асхат Еркімбай. Жаңа жылдың алдында Асхат ағамен онлайн, кейін оффлайн да кездесіп, сұхбаттасқанбыз. Төменде сұхбаттан үзінді.

Блог бастауға не түрткі болды және блоггингпен байланысты алғашқы қиындықтар?

А.Е.: Ең алғаш рет блогты Нью-Йоркта аштым. БҰҰ – ның шәкіртақысын жеңіп алған соң үш күндей Колумбия Университетінде арнайы курстарға қатыстық, соның бірі осы блогқа, жаңа медияға байланысты болды. Профессор үш минуттың ішінде сайт жасауға болатынын көрсетті. Мен ол кісіден: «Қазақша да жазуға бола ма?» деп сұрадым. Сөйтіп, сол күні кешке блог аштым. Еш қиындық болған жоқ. Бірінші рет Блогспот тұғырнамасынан аштым, себебі ол Гуглмен байланысты. 1-2 айдан соң блогспоттағы блогыма спам қаптап кетті. Онымен күресе алмағандықтан, Уордпреске көштім. Кейін уордпресті қазақшалау ісін қолға алдық қой…

Блог жайлы басқаларға түсіндірген кезде олардың реакциясы қандай еді және осыған қызуғышылық танытқандардың ойы, мақсаты не еді?

А. Е.: Америкадан келген соң бұрын жұмыс істеп жүрген газетім жабылып қалды, сосын интернетомания дертіне шалдыққан кезім ғой…Содан бір күні «Жаңаеуразияның» хабарландыруын көріп, Read more…

Advertisements