Archive

Posts Tagged ‘апат’

«Бұл лаңкестік әрекет пе?»

Тамыз 26, 2008 1 comment

… деген «Айқын» газетіндегі мақалада Қырғызстандағы апаттың әдейі ұйымдастырылуы мүмкін екендігі туралы болжам жасалыпты. Алайда, Қырғыз республикасының Көлік және коммуникация министрі Нұрлан Сулайманов «апат қасақана ұйымдастырылған жоқ» деп мәлімдеген. «Мұны Төтенше жағдайлар министрі Камчыбек Тәшиев те қолдап отыр», – деп жазады газет тілшісі. Алайда, бұл азаматтардың айтқандарын апатқа ұшыраған ұшақ тиесілі «Итэк эйр» әуекомпаниясының өкілдері жоққа шығаруда. «Біздің болжамымыз бойынша, бұл теракт болуы әбден мүмкін. Ресейге ұшатын ұшақтарымыздың техникалық жағдайы барлық талапқа сай. «Теракт болуы мүмкін» деп отырған себебіміз, ұшақтағы жолаушылардың басым бөлігі – ирандықтар. Яғни 44-і! Ойланатын жағдай…» – деген түсіндірме беріпті әуе компаниясының өкілдері «Айқын» газетіне. Ал Қырғызстанның Азаматтық авиация департаментінің бастығы Алик Асқаров апаттың салдары жан-жақты тексерулерден кейін анықталатынын айтыпты. «Вечерний Алматы» газеті де бұл тақырыпқа айрықша назар аударыпты. Газеттің бірінші бетінде жарияланған Мәдина Ысқақованың бас мақаласында қаза тапқан қазақстандықтардың жоғарғы оқу орындарының студенттері – Мұхтар Мүшекенов, Евгения Цой және Гауһар Исаева екендігі айтылыпты. Үш қазақстандық студент білімін жетілдіру үшін Иранға бармақшы болған екен. Сондай-ақ мақалада Қырғыз республикасының премьер-министрі Игорь Чудиновтың басшылығымен үкіметтік комиссияның құрылғандығы баяндалыпты. Ұшақ апатына орай 26 тамыз Қырғыз республикасында аза тұту күні болып жарияланған. 

Ақпарат көзі. Фото.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:,