Archive

Posts Tagged ‘Аль-Джазира’

«Аль-Джазира» телефонда

Қаңтар 7, 2009 6 пікір

se-aj1Араб медиа-корпорациясы Al Jazeera Network Sony Ericsson компаниясымен жаңалықтық RSS-фидты мобильді телефондарға орнатуға келісім шарт жасады.
«Аль-Джазира» сайтында айтылғандай осындай серіктестік арқылы жаңалықтар MENA аймағында(Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка) сатылатын Sony Ericsson-ның W910, G502, W760 және W980 модельдерінде хабарларын таратады. Күнделікті жаңалықтар ағымының тілі – ағылшын, араб.
Газ секторында болып жатқан конфликтіге байланысты Израиль мен Палестина Интернеттің барлық мүмкіндіктерін ақпарат соғысы үшін белсенді қолдануда. Бұл блог, әлеуметтік жүйелер, бейнехостингке де байланысты. Осылайша араб елінің танымал ақпарат құралы жаңалықтарды мобильді телефонда тарату арқылы өз насихатын жүргізіп, американдықтардың осы модельге кері әсерін жасауда. Wired.com-ның бір оқырманы мынадай пікір қалдырды: «Бұл Sony немесе Ericsson-ның мен сатып алған ең соңғы өнімі. Капиталистер туралы Хрущев айтпақшы, бұл кейін өздерін асып қоятын арқанды сатып алғанмен тең».

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:,