Archive

Posts Tagged ‘Мұхтар Мағауин’

Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық рух.

Мамыр 14, 2008 4 пікір

(жалғасы)»Басты кейіпкер тазы, яғни, ит болғанымен, шығармадағы негізгі айтылатын мәселе – адам тағдыры, халықтық асыл қазынамыз жақсы салт-дәстүрге деген заманалық көзқарас… Қазы соғыс мүгедегі, ескінің көзі сынды қазақи арман мен мұңға бейім жан. Тазы болса, иесінің ішкі әлемінің қыжылы мен шыжығының бір көрінісі сынды тілсіз хайуан. Ғұмыр бойы ата-баба дәстүрін қадірлеп өткен, дәстүрді сақтау дегенің ұлтты сақтау болып табылатынын іштей ғана түйсініп, айналасына ашық жариялай алмай, тіршілікпен қоштасқан Қазының қайғысы қалың қазақтың іштен тынған мұңын сездіреді«. Ал ″Жүйрік″, ″Жыланды жаз″ туындыларында атбегілікті пен жүйрік тағдырын, ата салтқа деген адамдардың заманалық көзқарасын суреттейді. Ежелден төрт түлік малды қастерлеп өскен жаз жайлауда шүйгінді жерлер мен мөлдір су жағасын қоныстанған, ат баптап, қыран құс ұстаған қазақтың табиғатпен терең байланысы, оны қастерлеуі түсінікті де. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі – жылқыға деген сүйіспеншілікті білдіретін ″Жүйріктегі″ Мамай қарт пен ″Жыланды жаздағы″ Едігенің бойынан көруге болады. Мамай – аттардың, оның ішіндегі бәйге аттардың, қадір-қасиетін білетін, ұлттық атбегілік өнерін бойына жинаған қарапайым ақсақал. Оның әр бәр қимыл әрекеті, ойы, наным-сеімі ықлым замандардан бері қолданылған қазақи ерекшеліктердің жиынтығы ретінде көрініс тапқан. Нарқызылды балаша күтіп, аттардың жетістіктеріне  шын қуанатын ақ көңіл, парасатты қарияның өлімі өкінішті-ақ. Соңғы бәйгеден адамдардың зұлымдықтарының нәтежиесінде ақсап шыққан жүйрікке Мамайдан басқа ешкім ем таба алмайды. Мамайдың дүниеден өтуі Нарқызылдың басынан бәйгілік дәуреннің көшуі еді. ″Ел-жұрт ойын алаңына тегіс жиналып, аудан басшылары көктем мерекесіне арналған шағын митингісін өткізіп жатқанда Мамай жаяулап келіп қызыл атты алды-артынан бірлей таразылап шыққан. Қапысыз таныпты. Тұлпар. Тек… ащы тері алынбаған. Жер алыс, отыз бес шақырым, қыза келе жүгірісін түзер деуге топқазы…″. Бұл туындыдағы Мамай ақсақалдың шын жүйрікті алыстан тани білуі, атбегіліктің қыр-сырын жетік меңгеруі халқымыздың тәңір түріктің қанына сіңген, атадан балаға берілетін алланың сыйы екенінде күмән болмаған.  ″Бәйгеге қатыспақ қырық жеті ат көмбеге иін тіресе, сап түзей тізілді. Нарқызыл орта тұста… Тыныш тұр. Тек әдепкіден гөрі сәл мазасыздау сияқты. Құлағын қайшылап, мойнын көтере береді. Үйреншікті ″Лап!″-тың орнына мылтық атып белгі бергенде бергенде біраз ат үрке тайсақтағандай еді, кімнің не болып жатқаны белгісіз, жүзден астам сәйгүлік опыр-топыр араласты да кетті. Орнынан атып тұрып, кеңірдегін созған Мамай әп-сәтте әудем жер ұзаған аттардың ең алдында, есік пен төрдей жерде өзінің Нарқызылының кетіп бара жатқанын көрді. Дауысының қалай шығып кеткенін өзі де білмейді. ″Аруақ! Аруақ!!″-деп күңіренте айқайлады да, бойындағы бар күші сонымен сарқылғандай, сылқ етіп отыра кетті. Содан бәйге біткенше зор денесі қушия бүріскен қалпы, қимылсыз, үнсіз қалды″.(жалғасы бар)

Advertisements
Санаттары:публицистика Кілтсөздері:,

Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық рух.

(жалғасы)Лашынның өзіндік  ішкі әлемі арқылы барлық қазақ болмысын, адам бойындағы жағымды жағымсыз қасиеттері мен қылықтарын, шағын ауыл адамдар өмірін автор шын шеберлікпен бейнелеген. Ауыл адамдарының қоғмның өзгеруімен қоса ұлттық болмыстың жоғалуына, адам бойындағы күндестік, пасықтық мінездеріне, сол дәуірдегі орыстану  процестеріне деген жазушының наласы тазы лашынды сөйлету арқылы биік дәрежеге көтерілген. Өмірінің соңына дейін табиғи дарындылығы арқылы аңшылықты дәріптеп өткен Қазы, өмірлік жары Айсұлу, көнекөз қария Омар ақсақал, пасық Есенжол сияқты образдар арқылы повестің ұлттық коллориті басым болып тұр. ″Осы қабырдың дәл іргесінде қыран тазы Лашынның да қаны төгілген-тін. Бірақ оны ешкім де білмейді. Тазыдан қалған жалғыз белгі – ауыл еркектерінің басындағы түлкі тымақтар да көп ұзамай да тозып бітті. Олардың орнын елтірі тымақтар мен арзан малақайлар басты. өйткені Лашын осы өңірдегі  асыл нәсілді ең соңғы тазы еді.″Дарынды сыншы Сағат Әшімбаев өзінің ″Парасатқа құштарлық″ атты еңбегінде осы повестке берген бағасы, бүгінгі таңның басты проблемасымен салыстыра кеткен жөн. М. Мағауиннің  ″Тазының өлімі″ повесінде негізінен кәдімгі ауыл өмірі суреттелген. Сол ауылдағы өсу мен өмірді, оздық дәстүрмен тозық салтты, адамдар арасындағы моральдық өсуді көрсетуді көздеген. Шағын ауылдағы сыры кетсе де сыны кетпеген халықтық қадір-қасиеттерді бүгінгі тұрпатымен байланысты сөз еткен. Мұхтардың кейіпкерлерінің портреттік, психологиялық мінездемесі мен тазысына дейін ешкімге ұқсамайды. Автор бәрін өзгеше берген. Тіпті өзі көтеріп отырған моральдық проблемалардың сөз болуы да өзгеше. Мұхтар ит туралы жазу үшін өмірден өзі білетіндеріне қоса басқа жазылған дүниелерді де қайта шолып өткен сияқты. Қазақ о бастан шын мәніндегі серілікті қатты қадірлеген халық. Бұның екінші жағында өмірдегі, табиғаттағы, адам бойындағы әсемдікті, пәктікті, сұлулықты қадірлеп жатқан жоқпа? Баптап қыран құс ұстауы, желмен жарысқан алғыр тазы жүгіртуі, үкілеп бәйгеге бұлақ бойын, шалқар өзендер мен көлдер бойын жағалай көшіп-қонуы тегін емес еді. Бұл да табиғатқа деген іңкәрлік сезімімен астасып жатыр. Иесі Қазының өлімі – шындығында Лашын тазының өлімі еді. Қазақ қадірлеп өткен Тазы бабалардың ата кәсібі болған, серіліктің тірісінде басынан сөз асырмаған Қазы рухының өшуі деп білеміз. Иә, Есенжол сияқтылар қай қоғамда да Қазылардан кейін өледі, көп нәрсеге бұрын қолдары жетеді Оларға сырдың суы сирағынан келмейді. Он Қазыдан бір Есенжол қауіпті тип. Түбінде осы бір қауіпті типтің көбеюінен ғана қорқуға болады.″ Демек, кемеңгер сыншының бұл шығармаға берген бағасы бүгінгінің күн қоғамының жан айқайын әр бір оқырман қауымға санасына жат емес екеніне және де бұл дерттен айығудың тек бір ғана жолы ұлттық болмыс пен рух мәселесін жоғары қою керектігін баса айта кетеді. Сонымен қатар қазіргі ортамызда жүрген Есенжол сияқты пасық адамдар қоғамымыздың құлдыратыны сөзсіз анық. (жалғасы бар)

Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық рух.

Сәуір 17, 2008 2 пікір

(жалғасы) ″Тазының өлімі″ повесі  шоқтығы биік туынды. Басты кейіпкер Қазы мен тазы Лашын арқылы қазақ халқының  салт-санасын, әдет-ғұрпы мен аңшылық, саятшылық өнердің қыр-сырын көрсетеді. Ондағы лашынның  иесіне деген адалдығы, аңшылықтағы қырағылығы, өз ішінен тірегі берік, байлауы мықты ой түюі автордың қазақтардың жойылып бара жатқан ұлттық болмысын жандандыруының көрінісі. Күшік кезінен асырап, алғыр тазыға айналдырып  өзіне өмір серігі етіп алған тазының иесіне деген адалдығын көруге болады. Лашын көзін ашқаннан бергі айналадағы дос пен қасты, жаман мен жақсыны, ақ пен қараны тани білген. Жер жүзінде адамнан асқан күш иесі жоқ екеніне күмәнданбаған…″Жұмбақ жайттар молайған сайын лашынның адамның құдірет, күшіне деген сенімі арта берді. Өстіп жүргенде болған бір ерекше оқиғадан соң Лашын жан иесі атаулының бәрі адамзатқа бас ұратынына таңырқауын қоймады, адамның басқа мақұлықтардан артықшылығын құлай мойындады. Әділ екеуі қарақат теріп, кезекті сапардан қайтып келе жатқан. Беткейдегі шоқ ұшқатты айнала беріп еді, қарсы алдарында шылбыр бойындай жерде ғана тұрған Бардасоқтың үстінен түсті. Үнемі аш жүретін қара төбет тышқан үйге жем-шөпті талқан етіп шашып тастап енді жұмсақ топырақты бұрқыратып жатыр… сабалақ төбеттің баяғыда күшігін талағаны сонда ғана есіне түссе керек, Әділ еңкейіп жерге қол созды. Тысырды құлағы шалған төбет басын іннен жұлып алды, бірақ қауіпті тым кеш аңғарған екен, бұрыла бергенше ауыр тас қара қабырғадан сарт етті…. Екі аяқтылардың ең кішкентайы Әділ мынаны істегенде үлкендері қайтпек? Бірақ осы оқиғадан соң Лашын әлемде құдіретті күш иесі – тәңірі барлығына және оның қолынан келмейтін нәрсе жоқ екеніне ден қойды. Бұл тәңірінің аты – Адам еді.″(жалғасы бар)

Санаттары:публицистика Кілтсөздері:,

Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық рух.

Сәуір 8, 2008 6 пікір

Бүгіннен бастап блогымда «Публицистика» айдарымен курстасым, әрі досым Ысқақова Мөлдірдің ғылыми мақаласын жариялай бастаймын. Мөлдір ҚарМУ филология факультетінің 4-курс студенті. Сүйіп оқитын жазушыларының бірі Мұхтар Мағауин.

Осыдан Қазақ әдебиетінде ұлттық рухтын туын көкке көтеріп жүрген, адамгершілікті, ізгілікті өмірлік мұраты еткен жан жұмыр жер бетіндегі әділетті өмір үшін күреседі. Сұрағы көп шешуі жоқ, шырғалаңы көп мына өмірде адамның адамдығын сарапқа салар, халқының мұңы мен зарын, әр бір пенденің бойындағы  тоғышарлық, қатыгездік т. б.мінез-құлықтарды, адамдық негізін аяқ асты қылған, ұлттық рух пен болмыстан ада болып бара жатқан қалың бұқараның бет алысына тосқауыл болар тек қуаты күшті, сөзі уытты көркем туындылар ғана  болмақ.

      Ұлттық әдебиетіміздің кемелденуіне үлес қосқан, өзіндік менін, халқының менін қалыптастыруда бар ғұмырын арнап келе жатқан дарын иесі, көркем сөздің майталманы, кемеңгер жазушы М. Мағауин қазақ халқының сан ғасырлық тарихи шырғалаң жолдарын шығармаларында сыр шертеді.

       Жазушы шығармалары қазақ халқының сонау көне заманнан бергі бүгінгі таңға дейінгі өмірін зерделеп, келер ұрпаққа өсиет етеуді мақсат тұтқан. Ұлттық болмыс пен рухты, салт-сананы дәріптеген қаламгердің қыл қаламынан туындаған ″Көк мұнар″,  ″Тазының өлімі″, ″Көкбалақ″, ″Жүйрік, ″Жыланды жаз″  сынды т. б. көркем туындылардын дүниеге әкелді(жалғасы бар).

       

Санаттары:публицистика Кілтсөздері:,