Archive

Archive for the ‘статистика’ Category

Зерттеу. Қазақ тілді сегмент.

Мамыр 3, 2010 9 пікір

Былтырғы жылдың қараша айында қазақ блогшыларын біраз мазалап, сұрақ қойып, шамам келгенше қазақ тілді интернетті зерттеуге тырысқан едім. Биылғы жылы бұл зерттеуге және «Қазақстандық контент», «Қазақстандық интернет-экономика», «Қазақстандық интернет-құқық» тақырыптарына байланысты жасалған зерттеулер Медианеттің басшылығымен жинақ ретінде шықты. Кітаптың электрондық нұсқасы жоқ болғасын (әзірге шығар), сіздерге бірнеше сурет көрсетуге тура келеді 🙂 дайын болғанда, хабарлаймын дегесін. Зерттеу үш тілде (мен орысша жазғанмын, қазақшасын өздері аударды, ағылшыншасы тағы бар).

Содан кейін мына презентацияның ішінде былтыр жасалған сауалнаманың нәтижелері бар. Осы презентацияға Анара мен Мақпалдың «Әдеби сайттар» тізімін қосып қойдым.

Қазақ интернеті мен оның қоғамдағы әсері

Наурыз 28, 2010 3 пікір

Кеше (27/03/2010) КИМЕП-те коммуникацияларға байланысты конференция өткен болатын. Асхат Еркімбай бұл конференцияда интернеттің қазақ тілді сегменті жайында баяндама жасаған еді. Естеріңізде болса, былтырғы жылдың қараша айында қазақ блогшылары арасында сауалнама жүргізген едік, соның нәтижесі алғаш рет айтылды:

Ішкі шектеулер;

Болжамдар;

Қазнеттің қазақ тілді бөлігі:

– күніне қанша қазақ тілді сайт қарайсыз;

– қазнет қолданушысының келбеті;

– қандай ресурстарға зәруміз;

– іздеу торабының қайсысы сұранысқа ие;

– қазнетті қалай дамытамыз.

Баяндаманың видеосын мына жерден көруге болады.

Әлеуметтік желілер мен жарнама

Наурыз 15, 2010 3 пікір

Сараптамалық фирма comScore баса айтып көрсеткендей, әлеуметтік желілердің рөлі күннен күнге маңызды болып барады және олардың дамуы белді жарнамаберушілердің назарымен де байланысты. Осыны әлеуметтік желілер мен жарнамаберушілер үшін басты онлайн тұғырнама ретінде танымал Yahoo Inc және Time Warner Inc’s AOL секілді интернет-компаниялар арасында болып жатқан жарыстардан байқауға болады. comScore зерттеуі бойынша, былтырғы жылдың екінші жартысында американдық интернет-хабарландырулардың 21.1 % әлеуметтік желілер арқылы жасалынған, ал соның ішінде көрсетілімнің 80% MySpace пен Facebook еншісінде екен. Бұл желілердің танымалдылығы тегін емес, біріншідіен – бұл сервистерде тіркелген адам саны 300 милионнан асады, екіншіден – осында кәсіби байланыс орнатуға, әріптестерді тауып алуға болады, үшіншіден – танымал брендтер мен компаниялардың ресми аккаунттарына жазылу мүмкіндігі бар.

Қолданушы профильдері арқылы жарнаманы таргеттеудің тамаша мүмкіндігі бар: жынысы, жасы, мамандығы және т.б. арқылы. Осылайша компаниялар пайдаланушыға шынымен де қызықты болатын жарнаманы көрсете алады. Ең бастысы, қолданушы профилінде өзі жайында шынайы ақпарат беруі тиіс.

Әлеуметтік желілерден ақша табудың ең оңай жолы – ақылы сервистер мен функцияларды ұсыну. Ақылы сервиске пайдаланушылардың назарын аудартуға арналған әдістер бар: ақылы функцияларды басында арзан бағамен ұсыну немесе алғашында тегін ұсынып, пайдаланушы оған әбден үйренген кезде ақылы етіп жасау стратегиясы, сонымен қатар, «кедергі» жасайтын функцияларды ақылы төлемдер арқылы өшіру. Ақша табудың тағы бір әдісі – виртуалды сыйлықтар, профиль үшін дауыс беру (пайдаланушының рейтингін көтеру үшін). Мысалы, ресейлік Vkontakte.ru атты әлеуметтік желіде дауыс беру мен виртуалды сыйлықтарды sms немесе webmoney, Яндекс.Ақша, пластикалық карталар т.б. арқылы сатып алуға болады. 10 дауыс – Билайн операторында – 400, Далаком операторында – 353, ал Кселл операторында – 400 теңге тұрады. «Мой мир» әлеуметтік желісінде юзерпикке (пайдаланушының суретіне) графикалық эффектті sms арқылы 2,99 доллар төлеп жасауға болады екен.

Әлеуметтік желілер үшін жарнама да жақсы табыс әкеле алады. Бірақ ол үшін бағытты жарнама және арнайы құралдар болған дұрыс. Интернет-жарнаманың бір артықшылығы – арнайы тұтынушыға арналған тауарды жарнамалау тиімділігі. Бұл телевиденияға да жат емес, мысалы, футбол матчтары кезінде косметика емес, сыра жарнамасы көрсетіледі. Алайда, интернет саласында бұл негізгі шарттардың бірі.

Интернеттің танымал тілдері

Қараша 18, 2009 12 пікір

Интернетті 1,5 миллиардтай адам қолданады және олар түрлі тілдерде сөйлейді (6912 тіл бар деп есептелген). Осы адамдардың жартысынан көбі ағылшын, қытай және испан тілінде сөйлейді екен. Discovery News сайтымен жыл сайын жасалынатын интернеттегі ең танымал тілдер рейтингі жарияланған болатын.

10. Кәріс тілі

Бұл тіл тізімде уақытша орналасқан деген болжам бар. Жалпы бұл тілде 37 миллион пайдаланушы сөйлейді.

9. Орыс тілі

Былтырғы тізімнен итальян тілін (34,7 миллион) ығыстырған орыс тілі; пайдаланушылар саны — 45 миллион.

8. Араб тілі

Былтыр 10-шы орында болған. 50 миллион пайдаланушы.

7. Неміс тілі

Германияда 65 миллион адам (елдің 67% тұрғыны) интернетке кіреді екен.

6. Португал тілі

Португалия және Бразилия елдерінің 96% тұрғыны интернетті қолданады. Бұл 73 миллион адам.

5. Француз тілі

Француздардың 36 миллионы интернетті пайдаланады (тұрғындардың 58%). Алайда, француз тілінде тек француздар ғана сөйлемейді. Сонымен — 79 миллион.

4. Жапон тілі

Жапонша интернетте 95 миллион адам сөйлейді. Ал жалпы елде 128 миллион адам тұрады.

3. Испан тілі

136,5 миллион пайдаланушы испан тілінде сөйлейді.

2. Қытай тілі

Елде интернетке кіру 27,9% құрайды, ал иероглифтерді түсінетін пайдаланушылар саны — 383 миллион.

1. Ағылшын тілі

Әрине, ағылшын тілінде бүкіл әлем сөйлейді деп айтуға болады. Пайдаланушылар саны — 478 миллион.

ақпарат көзі

Санаттары:медиа, статистика Кілтсөздері:

2 жасқа толдық

Қазан 31, 2009 15 пікір

3197525753_9a3de46ac1_o

1 қараша – блогымның туған күні! 🙂 Осы екі жылдың ішінде блогымның арқасында сіздермен таныстым, ақпаратпен бөлістім, қызықты пікірлеріңізбен, көзқарастарыңызбен таныс болдым! Сіздер сияқты оқырмандардың бар болуы блогтың дамуына, жаңаруына әр кез оң әсер етеді! Сол үшін сіздерге алғысымды білдіргім келеді!

Төменде 2 жылдық статистика 🙂

Безымянный

Санаттары:блогер, статистика Кілтсөздері:, ,

Әлеуметтік желілер мен бренд атаулары

clip_image002Apple мен Microsoft әлеуметтік желілердің басты брендтеріне айналды: олар Infegy компаниясы өткізген 200 брендтен құралған «Social Radar Sentiment Index» рейтингінің көшбасында. Осының алдында сарапшылар түрлі бренд аттары аталған негізгі әлеуметтік ресурстардың 20 млн бетін қарастырды. Рейтинг брендтердің жағымды айтылған сөздер мен пікірталастар санына негізделген. Сандарды мына жерден көруге болады –> AdAge.com.

Apple бір айдың ішінде 900 мың рет аталса, Microsoft – 574 мың рет. Алайда, Microsoft «жағымды пікірлер» саны бойынша бірінші: 78,9%, ал Apple-дікі 74.6%.

Осы салаға қатысы жоқ Ford сегізінші орында. Оның «жағымды пікірлер» рейтингі  — 87,6%. Себебі бұл автокомпания басқаларға қарағанда АҚШтан мемлекеттік қолдау көрген емес. Мысалы, General Motors «жағымды пікірлер» бойынша тек 71,4% жинады.

Қайнар

Санаттары:медиа, статистика Кілтсөздері:

«Хат келді»

Тамыз 23, 2009 11 пікір

gmailevolveGMail почта сервисі АҚШ веб-почта сервистерінің арасында танымалдылық жағынан 3-ші орында деп хабарлайды comScore.

Зерттеу компаниясының статистикасына жүгінсек, GMail сервисінің қолданушылар саны өткен айда 37 миллионға жетті. Ал AOL Emailдікі – 36,4 миллион. Осылайша, Google корпорациясы AOL компаниясын артта қалдырып, АҚШ қолданушылары арасында 3-ші орында.

Бірінші орында – Yahoo! Mail, 2009 жылдың шілде айында оның аудиториясы 106 миллиондай қолданушыдан тұрды. Екіншісі – Windows Live Hotmail, өткен айда оның аудиториясы 47 миллионға жетті.

Айта кететін бір жайт, GMail қолданушыларының өсу саны өте жоғары. 2009 жылдың басында сервисті пайдаланатындар саны 25% өсті, ал AOL аудиториясы 22% азайды. Windows Live Hotmail-да 8%, ал Yahoo! Mail — 16% өсті.

Ал Сіз қандай почталық сервисті қолданасыз және олар бірнешеу болса, негізгісі қайсы?

P.S. namba.kz қызметімен таныссыз ба?

Санаттары:статистика Кілтсөздері: