Негізгі бет > әлеумет > »Культурный шок»

»Культурный шок»

Бірнеше күн бұрын  Фейсбукте Николя Журнудың осы бір тамаша суретін көріп, не деген шынайы карикатура деп қынжылдым. Кейін пікірлер ішінде бұл жай сурет емес, „Культура и СМИ„ деген кітаптың мұқабасы екенін білдім. Авторы да тез табылып, достар қатарына қосылды – Әсел Мусинова ГАТОБтағы балерина, гугл арқылы іздеп қарасам, республикалық басылымдарда балет жайлы көптеген мақалалардың авторы да екен.

Әсел Ахметовнадан бұл монографияны міндетті түрде сатып аламын деп шештім де, бүгін ол кісімен кездесіп, таныстым. Таң қалғаным, Әсел Ахметовна Селезнев атындағы хореографиялық  училищены бітіріп, кейін ҚазҰУ-тің журфагын, кейін магистратурасын тәмамды, қазір филология ғылымдарының кандидаты, өнертанушы, ҚазҰУ-де оқытушы болып жұмыс жасайды. Кітаптың алғашқы бетін ашып, монография кімге бағышталады деген сөзінде „…атам Сералы Қожамқұлов…„  дегенді оқыдым. Міне, дарынды адамдардың ұрпағы деген осылай болады екен ғой… Осыдан екі жыл бұрын қазақ театрынының тарихымен танысамын деген ниетпен Сералы Қожамқұловтың бір ескі кітабын оқыған едім, ұлы актер өз очерктерінде жастық кездерін, өнер жолындағы алғаш қуаныштары мен қиындықтары, рөлдері жайында жазған еді. Ал бүгін немересінің еңбегімен танысудың сәті түсті.

Монографияда БАҚ пен мәдениеттің бір-біріне деген әсері, өнер тақырыбындағы салалық газет-журналдарға шолу және ондағы материалдардың жазылуы, сонымен қатар, автор рецензия, репортаж, шығармашылық портрет, сұхбаттың ерекшеліктеріне тоқталады. Әсел Мусинова мәдени тақырыптағы сынды жоқтап, журналистикамыздың үлкен проблемасы жайында айтады. Шынымен де, сын жанрлары бізде дамымаған, театр, балет, опера болсын, рецензия жазуға келгенде бұл салада біліміміздің төмен екені айдан анық көрініп тұрады.

Кітапты бір шолып шығып, оның әдеби-көркем рецензия жазуда журналистерге пайдасы зор деген ойда қалдым.

Advertisements
  1. Қосақ
    Қыркүйек 24, 2011, 18:01

    Иә, дұрыс айтасың, сын жанрлары бізде дамымаған. Біліміміз де жетпей жататын шығар, әрі жалтақтық, «сыным біреуге тиіп кетер, маған зияны тиер» деген пасық ойлар жатады.
    Серке атамыздың 8 баласы бар дегенді оқығам, дарынды немересін «асылдың сынығы» деуге болады екен.

  2. Қазан 9, 2011, 13:36

    Жазбаңызға рахмет Алия! Сізбен виртуалды әлемде танысқаныма қуаныштымын. Серке ағамыздың немересі болса осал емес болғаны. Мен ҚазҰУ-дан қалай байқамағанмын?

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: