Негізгі бет > медиа > Мобильді жарнама не дейді?

Мобильді жарнама не дейді?

Мобильді Интернет – медиа нарық пен жарнама секторындағы ең қарқынды арналардың бірі. Бір жағынан, бұл жаңа сала және оның әлеуетті мүмкіндіктері де жетіп асады. Мобильді интернеттің дамуы мен болашағы жайында айтар болсақ, біреулер wap-сайттардан бастап, әдемі графикасы бар толық мобильді ресурстарға көшкен батыстық тәжірибеге сүйенеді. Ал мобильді интернетте табыс жасау мен жарнама жайында айтпас бұрын, біріншіден интернеттегі мобильді жарнамаға анықтама берейік. Жарнаманың бұл түрі — коммуникацяның жаңа арнасы, ондағы жарнамалық хабарлама мобильді телефонның иесіне бағытталады. Сонымен қатар, баннер немесе мәтіндік хабарлама ретінде көрініс табады. Мобильді жарнаманың басқа да форматтары бар:

  • Click2Call (нақты нөмірге қоңырау шалуға мүмкіндік беретін баннер немесе сілтеме);
  • Click2Sms (нақты нөмірге SMS жіберуге мүмкіндік беретін баннер немесе сілтеме)
  • Click2Video (жарнамалық видеоны телефонға жүктеп алуға мүмкіндік беретін баннер немесе сілтеме)
  • Жарнамалық кампанияның мақсатты беті (landing page)

Байқасаңыз, бүгінгі жарнама – бұл тек бұқаралық ақпарат құралдарындағы классикалық медиа жарнама емес. Жарнамалық- ақпараттық кеңістіктің көптігінен мобильді жарнама жақсы көрсеткіштерге жете алады, себебі ол мақсатты топпен тікелей байланыс орната алады. Мысалы:
– компанияңыздың мобильді жарнамасы
– компания ұйымдастыратын акциялар, ұсынатын жаңа қызметтер туралы ақпаратты промо wap-сайтқа орнату
– ақпараттық және жарнамалық сипаттағы SMS-таратулар
– SMS/MMS-жарнама, жазылғандардың арасында ақпараттық контенттің таралуы.

Бүгінгі нарықтың жағдайы технологиялардың қарқынды өсуімен байланысты болғандықтан, ақпараттық коммуникацияларды жақсарту мақсатында және аудиториямен қарым-қатынас жасауда үлкен нәтижеге ие болып отыр. Оған мысал ретінде Mobile Media мобильді байланыс негізінде жаңа медиа ортаны айтуға болады. Ұялы байланыстың таратылу кеңістігі зор болғандықтан, дәстүрлі жарнама құралдары мен Mobile Media-ның аудиторияны қамту шамасын бірдей салыстыруға болады. Алайда, Mobile Media-ның бір осал жері – абоненттердің жарнамалық хабарламаларға деген реакциясы. Пайдаланушылардың көбісі мобильді телефондарды жеке ерекшелік ретінде қолданса, басқа жақтан бөтен біреудің оның телефонына хабарлама жіберуі жағымсыз реакция тудыру мүмкін. Сол себепті Mobile Media-ның қаржылық әлеуетінің толық ашылу мүмкіндігі аз.

Жоғары қаржылық нәтижеге қол жеткізу үшін абоненттік база қол жетімді болу керек, бұл әсіресе пайдаланушылардың қызығушылықтары мен сұранысы жайында хабардар болған кезде жүзеге асырылады. Оған мысал ретінде шетелдік тәжірибеге көз салайық, жарнамалық таратуларға жазылу әдісіне «сыйақы саясаты» жақсы әсер етеді екен: әр қаралған хабарландыру үшін абонентке бонус жасалынады, мысалы,  тегін SMS немесе қоңырау шалу минуттары, әуенді жүктеп алуға арналған WAP-сілтеме және т.б.

Абоненттер үшін ұйымдастырылатын бұқаралық коммуникация кезінде мынадай негізгі төрт ережені есте сақтау қажет:

– жарнама әр кез жедел таратылуы керек;

– хабарландыру форматы кез келген мобильді аппаратта оқылу керек;

– абоненттің әрекеттері минимумға дейін қысқартылуы тиіс;

– барлық процесс қосымша қызметтер жайында хабары аз немесе мүлдем жоқ абонент үшін жасалыну тиіс.

«Қазақстан Іскері» №8 (42) газетінен үзінді

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:,
  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: