Негізгі бет > медиа > «Біз жылдамдықта ұтылсақ, Интернет – сарапта»

«Біз жылдамдықта ұтылсақ, Интернет – сарапта»

Бүгін музыкалық журналистика жайында бір ақпарат берейін дегенмін, ақыры тағы да бәрі Жаңа Медиа мен Медиабизнеске тірелді. Заманына талабы демекші, дәстүрлі журналистиканың күн көрісі жайында тағы бір жазба.

The Wire журналының бас редкторы Тони Херрингтон музыкалық  журналистика мен басылымның жұмысы жайында қызықты сұхбат берген еді. Содан үзінді.

Журналист мамандығының мәнісі неде?

— Өнердің басқа түрлері секілді музыка да поэтикалық, метафоралық сөздерге ұмтылады. Экзистенциалдық шындық, руханилықпен қоса, сезімталдыққа да бет алады. Жауаптар осында болу керек. Олар музыкада шифрланған. Журналистің басты және бірінші кезектегі мақсаты — бұл кодты ашу. Кейін оны сөзге айналдырып, оқырманға түсінікті етіп жеткізу.

Музыкалық журналистикада сыни сарап, зерттеу болған жөн. Кез келген музыкалық құбылысты түсініп, жан-жақты біліп және бастысы — оның ғажабын, күшін, қиялын түсіндіре білу қажет. The Wire журналына осындай журналистика қызықты. Және, өкінішке орай, ондай журналистика көп емес.

Мүмкін, бұның себебі музыка жайында құрылымды мәтін оқығысы келетін оқырманның аздығында шығар? Музыка жайында қалың журналдар енді қызықсыз?

— Мен үйтіп ойламаймын. Музыкаға деген қол жетімділік оңтайланды, қазір ол көп, сол себепті адамдарға сенімді және беделді фильтрлер қажет. Мамандырылған қалың журналдарды алатын болсақ, меломандардың бізге деген талабы мынау – көптеген ақпараттың ішінен шынымен де керемет дегендерді ұсыну. Осыдан, The Wire секілді басылымдар ақпараттық шынжырда әлі де болса бас рөлді сомдауда: музыкант — тыңдаушылар.

Веб-журналистиканың мәнісі – жеткізу жылдамдығында. Интернет-медиа баспа журналдарына қарағанда жаңалықтар мен шаралардың өтуі жайында жеделірек жариялайды. Иә, ақырында ақпараттық баспасөз көлеңкеленеді. Қараңызшы, The Wire-дың баспа нұсқасы жаңалықтарға толып тұрмайды. Енді осының қажеті жоқ.

Advertisements
  1. makym
    Сәуір 6, 2010, 06:21

    …Шынтуайтында да, бұл қазіргі үрдіс. Бізге осыны үйрену керек шығар. Әмбебап журналистика, әлде, бесаспап деуші ме ед… Сол популизмді қою керек сияқты, очм. Саған, мынау үшін, РЕСПЕКТ!

    • Сәуір 6, 2010, 08:36

      әмбебап дегендер кеңес уақытында болатын, қазір шынымен де қою керек))

  2. Қосақ
    Сәуір 8, 2010, 04:01

    Музыкалық журналистика бізде бар ма?
    Жақсы жазбаларымен көрініп жүрген С.Сыбанбайдан басқаны білмеймін.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: