Негізгі бет > медиа > Ақпараттық шу

Ақпараттық шу

Олдос Хаксли өзінің «Brave New World» атты кітабында болашақта ақпараттың көптігінен біздің азғынып кеткеніміз соншалық, толықтай әрекетсіздікке және өзімшілдікке бет алуымыз әбден мүмкін деп болжам жасаған. Өзімшілдік пен әрекетсіздік былай тұрсын (бұрыннан бар дерт қой), Хакслидің «ақпарат көптігі» шындыққа көбірек жанасады.

Жақында пайда болған Google-дың Buzz лентасы секілді сервистер онсыз да аз уақытымызды «өлтіріп» жүргенімен қатар, минут сайын қажетсіз ақпаратты үйіп-төгіп отырады. Әрине, ұнамаса, бәрін жауып қойып, жұмысты жалғастыра беруге болады, бірақ арасында қажет нәрселер немесе жұмысыңызға қатысты ақпарат болуы да мүмкін. Бір жағынан, бұрындары бөтен ешкім қол сұқпайтын, ең жақын мекенің – электрондық почтада неше түрлі адамдардың пайда болуы да бір түрлі екен. Әйтеуір, күннен күнге жаһанданып, әлеуметтеніп келеміз. Оның үстіне ридердегі ортақ жазбалар автоматты түрде көбейіп кетті. Бір постқа жасалған сілтемені күніне 10 рет қайта-қайта көретін жағдайлар да болады. Осындайда Твиттердің «Ретвит» түймесіне алғыс айтып отырасың. Фейсбук та көштен қалмай, Jabber/XMPP қолдайтын болыпты, «МойМир – В Контактегілер» жайында айтпасам да болатын шығар?

Айтпақшы, Blogger.com мен Blogspot.com бізде (мегалайнерлерде) сол беті ашылмай кетті, ал Иранның үкіметі болса, Gmail-ға тыйым салып қойды. Себебі – халық пен үкімет арасындағы байланысты нығайту. Мен де түсінбедім…

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:, , ,
  1. Ақпан 12, 2010, 04:16

    Иә, рас айтасыз. Қазіргі заманда «жаңа ақпараттық кеңістік» пайда болды. Оны кім қалай игереді, пайдасы мен зияны қандай, бұл бас ауыртар басқа мәселе.

  2. Ақпан 12, 2010, 05:42

    Маған сол Гугл Базз ұнамады. Танымайтын адамдар, бәрі жан-жақтан жазып, көңілді аудартып тұрады. Сондықтан өшіріп тастадым.
    Өзіме сенімді және өзім қалаған адамдармен араласқанды жөн көрем.

  3. Ақпан 12, 2010, 10:07

    Бастала салысымен миды ашытты.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: