Негізгі бет > медиа > «Қағаз кітап ешқашан да өлмейді»

«Қағаз кітап ешқашан да өлмейді»

Интернет әлеміне көшіп келген жарнама, кітапханалар мен газет, радио, телевидениеның қатарында дүкендер де бар. Электрондық сауда-саттық Қазақстан интернетіне де жат емес – онлайн дүкендер соңғы екі жылдың ішінде бұл нарықта жақсы көрсеткіштерге жете білді. Бүгінде қазақстандық интернетте сауда-саттықты табысты әрі сапалы өткізіп жүргендердің ішінен Қарағанды қаласында пайда болған «Флип.кз» электронды дүкенін атап өтуге болады. «Флип.кз» интернет-дүкенінің маркетологы Анастасия Сон қазақстандық онлайн-коммерцияның жай-күйі мен осы саладағы өз тәжірибесімен бөлісіп, бірнеше сұрақтарымызға жауап берген болатын.

– «Флип.КЗ» электрондық дүкені жайында айтып берсеңіз, қалай, қашан пайда болды?

– Қазақстандықтар үшін ыңғайлы төлем және жеткізуді қамтамасыз ететін интернет-дүкенді жасау идеясы біздің басшымызға келген болатын. Оның таныстары сирек кездесетін кітаптарды шетелдік интернет-дүкендерде сатып алу үшін одан жиі көмек сұрайтын.

FLIP.kz интернет-дүкені 2007 жылдың 20 қарашасында ашылды. Оның алдында 10 айдай электрондық сауда, сайт әзірлеу, серіктестерді іздеу және т.б. айналыстық. Дүкен ашылған кезде сұрыпталымыз үш тауарлық топпен белгіленді: кітаптар, кеңсе заттары мен балалар әлемі. Жұмыс барысында біз кеңсе заттарынан бас тарттық және жаңа топ – видео, бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлік ойындарды қостық.

Алғашында штатта 8 қызметкер болды, бүгінде олардың саны 18-ге жетті. 2009 жылдың тамыз айында Алматыда филиалымыз ашылды.

Ең басында қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз? Жалпы, электронды дүкенді ашпас бұрын бұл саланың қандай ерекшеліктеріне назар аудару қажет?

– Негізгі қиыншылық, нақтылай айтатын болсам, ең жауаптысы, – сенімді серіктестер мен жеткізушілерді тауып алу. Олардың барлығы осы нарыққа жаңадан келгендермен жұмыс жасауға дайын бола бермейді. Сол себепті, өзіңізді жақсы жағынан көрсетуіңіз қажет. Сонымен қатар, интернет-дүкенде сауда жасауға арналған тауарды дұрыс таңдау қажет, тауар санаттарының санын бірден ұлғайтудың қажеті жоқ, одан да бірте-бірте бар топтарды дамытып, жаңасын қосқан жөн.

Тағы айта кететін бір жайт, қызмет көрсететін сайт барлық үлгілерге сай келіп жатса да, дизайн, функционал мен пайдалану жағы барлық талаптарға жауап беретін болса да, электронды дүкеннің иесі әлеуетті сатыпалушыларға жарнама қажет екенін ұмытпау керек. Компания сатыпалушылар сайтқа келіп тұрған жағдайдың өзінде тауарды бірден сатып алмайтынын білуі қажет. Сайт пен компания тұтастай пайдаланушының сеніміне кіруі тиіс.

Дүкеніңіздің негізгі тауары не және неге дәл осы тауар?

– Басында біз дүкенімізді кітап интернет-дүкені ретінде таныстыратынбыз, алайда, кейін сұрыпталымыз кеңейіп, негізгі бағыттан алшақтап кеттік. Дәл қазір біз пайдаланушылардың сұранысына жауап беруге тырысамыз, қажет тауарларды жеткізетін компанияларды іздейміз. Бірақ, негізгі тауарымыз – әрине, кітаптар, себебі бұл on-line сатыпалушылардың ең танымал санаты.

Ал мақсатты аудиторияңыз кім?

– Дүкеніміздің сұрыпталымы кең болғандықтан, біз сатыпалушыларды белгілі бір топқа шектемейміз. Тұтынушылардың ішінде мектеп оқушылары, студенттер, ірі компаниялардың топ-менеджерлері, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер де бар. Жарнама болсын, тауарлық ұсыныс болсын – тұтынушылардың әр тобы үшін жеке әдіс-тәсілдеріміз бар.

Жас шамасы мен әлеуметтік жағдайының әртүрлілігіне қарамастан, пайдаланушыларымыздың барлығына бір ортақ нәрсе – компьютерлік және интернет сауаттылық, бос уақыттарының жоқтығы немесе дүкендерді аралау үшін уақытын үнемдеймін деген қажеттілік.

Негізінде, әйелдер ер адамдарға қарағанда тауар іздеуде және сатып алуда көбірек белсенділік танытады. Сатыпалушылар тобының негізгі жас шамасы – 25-44.

– Ал қазақ тілінде «Флип» қандай әдебиеттерді ұсынады және қазақ тілінде қандай кітаптар сұранысқа ие?

– Қазақ тіліндегі әдебиеттер тізімінде оқулықтар, сөздіктер, техникалық, экономикалық және басқа да мамандандырылған әдебиеттер, көркем және балалар әдебиеті, Қазақстан тарихынан да кітаптар бар.

Көбінде қазақтың салт-дәстүрі, мақал-мәтелдері, ертегілері, сонымен қатар, бухгалтерлік есепке, құқықтануға байланысты мамандандырылған кітаптарды да сатып алады.

– Сонда оn-line дүкендердің жай дүкендерден қандай артықшылықтары бар?

– Интернет-дүкен кез келген супермаркеттен гөрі өзіне көп тауарды сыйдыра алады. Тауарды сатып алу үшін түрлі әдістер бар: қолма-қол ақша, пластикалық карта, банк аударымы, электронды ақша. Тауарды үйге не офиске ыңғайлы уақытта жеткізеді. Интернет-дүкенге тәулігіне 24 сағат бойы үйден не офистан шықпай-ақ кіруге болады. Тауардың сапасымен толық танысып, басқа сатыпалушылардың пікірін білуге болады. Интернет-дүкенде сыйлықтарды сатып алуға ыңғайлы.

– Пайдаланушыларыңыз төлемнің қай түрін көбірек пайдаланады?

– Тұтынушылардың көбісі сатып алынған заттарды алғаннан кейін қолма-қол ақша түрінде төлейді. Келесі көп таралған төлем түрі – пластикалық карталар, банк аударымдары, ал соңғы кезекте – электронды ақша, мысалы, webmoney және яндекс.ақша секілділер.

– Бүгінде Қазақстанда жүзден астам интернет-дүкен бар, қарап отырсақ, бұл аз емес, алайда, қазақстандық пайдаланушылар желіде сауда жасауға асықпайды. Бұның себебі неде деп ойлайсыз?

– Қазір әр қалада және үлкен ауылдардың өзінде интернет бар, алайда, пайдаланушылар желіде белсенділік танытуға асықпайды, олар әлі де болса, электронды пошта мен әлеуметтік желілер секілді негізгі ірі сервистерде уақытын өткізеді. Бұның себебі, біріншіден, тұрғындардың интернет-сауаттылығының аздығында; екіншіден, интернет-дүкендердің белсенді дамымауында және әлеуетті тұтынушылар үшін жеткілікті жарнама таратпауында. Тағы бір себеп – тауар пайдаланушының қолына жетпегенше, адамдар ақша төлеуге қорқады. Бірақ бұл проблеманы шешуге болады, мысалы, почтаға сауқат келгенде салынған үстелме төлем немесе курьер сатыпалушыға тауарды жеткізген кезде ақшаны бірден-ақ төлеуге болады.

Қазақстанда осы нарықта жақсы көрсеткіштерге жеткен мамандандырылған интернет-дүкендерді атай аласыз ба?

– Қазақстандық көптеген онлайн-дүкендердің ішінен бірнешеуін бөліп жару қиын. Келешегі бар бағытпен жұмыс жасап, дамып келетін дүкендерді атап өтсем:

http://shop.ww.kz/ – «Белый Ветер» компаниясының интернет-дүкені (компьютерлік техника);

http://www.intershop.kz/ – сретч-карталарды сататын дүкен;

http://www.sulpak.kz/ – «Сулпак» компаниясының интернет-дүкені, тұрмыстық техниканы сатады. Нарықты жаулап алмақшы жоспары болатын, алайда әзірге ондай жетістікке жете қойған жоқ;

http://www.slingomama.kz – слингтерді (балаларды көтеріп жүруге арналған бұйым) сататын интернет-дүкен, тапсырыстар тек телефон арқылы жүзеге асырылады;

http://rm.axon.kz/ – шығыс материалдарын сататын интернет-дүкен;

http://www.vot.kz/ – парфюмерия интернет-дүкені

http://instore.kz/ – Қазнеттегі алғашқы дүкендердің бірі, тұрмыстық техника мен электрониканы сатады;

http://www.gps.kz/«Бассар Электроникс» фирмасы, навигациялық құрылғыларды сатады;

http://www.intertrade.kz/ – балаларға арналған тауарлар.

Соңғы кезде онлайнда кітап бизнесінің қарқынына қандай баға бере аласыз?

– Кітаптардың онлайн-нарығы соңғы жылы айтарлықтай өсті, мысалы, өз дүкенімізді айтатын болсам, сату көлемі еке еседен артық жоғарылады. Алайда, онлайн-нарықтың көлемін оффлайн-нарықпен әзірге салыстыруға болмайды. Ірі кітап сауда желілері интернетте белсенділік танытпайды.

Бүгінде қағаз кітаптардың болашағы жайында көп сөз айтылады. Келешекте оларды оқушылар мен студенттер сатып ала ма, әлде кітап сөрелерінің орнын букридерлер секілді құрылғылар баса ма?

– Электронды форматтағы кітаптардың артықшылықтары бар болса да, қағаз кітаптар әлі біразға дейін маңыздылығын жоймайды, бұған бірнеше себеп бар:

  • Біріншісі және ең маңыздысы, кітап сауда ұйымдары электронды кітаптардың нарығын дамытуда әзірге қызығушылық танытпайды, себебі қағаз кітаптардың азаюы олардың табысын азайтады;
  • Көп туындылардың электронды түріндегі нұсқалары жоқ. Барлық классиканы сандық жүйеге көшірту көп уақытты қажет етеді;
  • Қағаз кітаптардың артықшылығы эстетикалық мәнінде де. Сапалы қағазда басылған, көркем иллюстрациясы бар кітапты қолға алғанда жағымды әсерде қаласыз. Көптеген кітапсүйер немесе кітап жинайтын қауым үшін кітаптың тек іші емес, сырты да маңызды.
  • Кейбір адамдарға букридерді ақтарып, оның жұмысын түсінуден гөрі, қағаз кітап алып оқыған ыңғайлы;
  • Электронды кітаптарды оқуға арналған құрылғылар арзан емес;

Қағаз кітап ешқашан да өлмейді. Әрине, таралымдары азайып, бағалары жоғарылап, қымбат мұқабасы бар сыйлықтарға арналған басылымдар көбірек шығарылып, яғни «тапсырыс баспасы» көбірек дамуы мүмкін. Алайда, бұл кез келген адам еш қиналмастан өз букридерына қажетті кітапты жүктей алған кезде ғана болатын жағдай.

Ал Қазақстандағы электрондық коммерцияның келешегі жайында не айта аласыз?

– Кейбір сарапшылардың айтуынша, қазақстандық электрондық коммерция нарығы ТМД елдері ішінде ең қарқынды дамып келе жатқандардың бірі. Сонымен қатар, олардың бәрі дерлік интернет-саудаға жарқын болашақ болжауда. Меніңше, келесі 1-2 жылдың ішінде Қазақстандағы электронды коммерция саласына елеулі өзгеріс әкелетін бірнеше жағдай болуы мүмкін:

  • Ірі сауда ұйымдары интернетке келіп, белсенділік таныта бастайды, интернет-дүкендер ашады немесе, тым құрығанда, тауарлар каталогы бар сайттарын ұсына бастайды;
  • Ұсақ интернет-дүкендер ірі желілермен бәсекеге түсе алмай, жабыла бастайды;
  • Кейбіреулері тауашалы дүкендер болып қайта мамандандырылады және тар шеңбердегі салада тауарларды сататын болады;
  • Бірінші кезекте қажет болатын тауарлары бар аймақтық дүкендер кең таралады.

– Уақытыңызды бөліп, сұрақтарымызға жауап бергеніңіз үшін көп рахмет.

«Қазақстан Іскері» газеті үшін

Advertisements
  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: