Негізгі бет > медиа, әлеумет > Бүгінгі интернет

Бүгінгі интернет

Telegraph басылымы бүгінде интернетте адамдардың ашуын тудыратын нәрселердің тізімін жасаған болатын. Осы тізімнен үзінді:

1. Жалқау белсенділік
Қазір бір нәрсеге қарсы екеніңізді көрсету үшін Facebook-тегі топқа қосылып немесе микроблогта ретвит жасау жеткілікті. Алайда, осындай наразылық білдірудің әдістерін дәстүрлі шерулермен салыстыруға болмайды. Электронды айқай-шудан басқа еш нәтиже жоқ деп айтуға болады. Мысалы, Махмуд Ахмадинежадтың режиміне қарсылық білдірген твиттеряндықтарды еске түсіріңіз.
2. Капча
Интернет өз пайдаланушыларын адам ба, әлде робот екенін тексеру үшін қайта-қайта басқатырғыш нәрселер ойлап табады. Оған қаншама уақытымыз кетеді. Егер де әр капчаға 10 секунд кететінін ескерсек, әлемнің интернет-қолданушылары күн сайын 150 мың сағатты босқа өткізеді. Жыл сайын капчалар күрделене береді.
3. Қозғалмалы жарнама
Баннерлік пен контекстті жарнамаға қарағанда қозғалмалы жарнама табыс аз әкелетіні белгілі. Алайда, веб-серфинг кезінде ашуымызды келтіретін элементтер де – осылар.
4. Пікір қалдырушылардың педантизмі
Егер де АҚШ конституциясы бірінші Интернетте жарияланса, пікір қалдырушылар орфографиялық қателер мен мәтіннің онша еместігі жайында міндетті түрде айтып өтуші еді.
5. Уақытты ұрлайтын Интернет
Шолғышты екі сағатқа болса да жауып қойсаңыз, әке-шешеңізге қоңырау шалуға немесе офлайндық достарыңызбен кездесуге болушы еді.
6. Кросс-тұғырнамалық байланыс
Коммуникациялық әдістердің көптігінен қиыншылықтар туа береді. Электрондық пошта мен Facebook-тегі хат алмасу, интернет-мессенджердегі әңгіме…, ақыры бәрі араласып кетіп, негізгі ойыңыз «далада» қалады.
7. Вирустық шабуылдар мен спам
Бұл Интернеттің мәңгі-бақи соры. Вирус пен спам күнде тек ұлғая береді.

Advertisements
Санаттары:медиа, әлеумет Кілтсөздері:,
  1. Ақпан 2, 2010, 23:04

    Офлайнда кездескісі келетін экстроверттер интернетке қатты қызыға қоймайды. Ойын жазбаша білдіруге құмарлар интроверттер ИМХО ондай адамдарға интернет болмаса, басқа бір уақыт ұрлайтын қыртымша (фигня) табылады. Кітап, журнал, газет, бульвар баспасөзі, кино, сериал, т.б

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: