Негізгі бет > медиа > Ақпарат көзі – Ньюсмейкер

Ақпарат көзі – Ньюсмейкер

Жаңалық, жаңалықты іздеу, жаңалық жасау… барлығы да «ақпарат көзіне» байланысты болып тұрады. Ал жаңалық нарығында Ньюсмейкерлердің рөлі әлдеқашан белгілі. Ньюсмейкер – ағылшын тілінен аударған кезде, жаңалық жасаушы. Журналистер осы сөзді «маңызды ақпарат көзі» ретінде қолданады: дәл қазір не болып жатқанды басқалардан гөрі жақсы білетін. Мемлекеттің маңызды тұлғалары – ньюсмейкерлердің алдыңғы шебінде.

Басқа салада, мысалы, коммуналдық қызметтің жұмысы туралы репортажда, ньюсмейкер рөлінде су асты құбырлары жайында хабары бар адам немесе құбыр сапасының нашарлығы жайында айтып беретін слесарь-сантехник бола алады. Осы қызмет саласының бастығынан алынған сұхбатқа слесарь-сантехник карсы пікір айта алады. Ал жақсы корреспондент екі пікірді көрсетіп, мәселеге байланысты бейтарап ақпаратты жеткізу қажет.

Бүгінгі таңда, көп газеттерде растаудың үш ережесі жақсы қалыптасқан. Журналист бір фактқа қатысты үш пікір білдіргендерді көрсетпесе, оны жариялауға қақысы жоқ. Жоғарыдағы мысалдың жалғасы ретінде, бұлар – бастық, сантехник және құбырлар орнатылған пәтердің тұрғыны – Қанипа апай. Ал ірі компания деңгейінде айтатын болсақ, бұл келісім-шарттың негізгі қатысушылары. Басты ережелері – жеделдік пен сенімділік болатын сапалы БАҚ редакцияларында ньюсмейкерді (мысалы, журналистке фирмасы үй салатыны жайында хабар беретін) табу және оның серіктесін (дәл осы фирма үй салатынын растайтын) тауып алу маңызды. Растаудың үш ережесі жедел жасалыну үшін журналист көп адаммен таныс болуы қажет.

Күнделікті баспасөзде жұмыс жасайтын журналист көптеген адамдарды көреді (бұл жақсы), алайда, адамдардың барлығын есте сақтау – проблема. Адрес, фамилия, лауазым, телефон нөмірі сияқты ақпаратты жүйелеп, бір жерде сақтаған жөн. Мысалы, компьютер, қойын-дәптерде.

Сапалы ньюсмейкер – кез-келген адам бола алады, оған тек белгілі бір жағдайлар қажет, журналистік тәжірибе көрсеткендей, өмірде қызықсыз адамдар болмайды.

Егер де танымал журналистердің мемуарларын оқитын болсаңыз, басында маңызы жоқ кездесулер (балықшы, официант, трамвай жүргізушімен т.с.с.) оларға үлкен жетістіктерге жетуге көмектескенін байқауға болады.

Осы тақырыпқа байланысты толығырақ.

Advertisements
Санаттары:медиа Кілтсөздері:,
  1. Қаңтар 12, 2010, 16:19

    Сонда, кез келген ақпаратты газетке жариялау үшін үш адамнан сұхбат алу керек,әйтпесе ол заң бұзу болып табылады ма?

    • Қаңтар 12, 2010, 16:22

      Заң бұзылмайды, бірақ көп редакциялар журналистеріне осындай талап қояды. Әрине, бұл мақаланың жанрына да байланысты (заметка, сұхбат, дайджест секілділерге қатысы жоқ).

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: