Негізгі бет > Негізгі ақпараттан тыс > Эстафета. Жылдың қорытындысы.

Эстафета. Жылдың қорытындысы.

Эстафетаны Кәмшаттан қабылдадым. Сонымен, менің де өте субъективті рейтингім.

Жылдың цитатасы: Алмас Темірбайдың өлеңінен үзінді:

Өмір солай… көзіңді ашып-жұмғанша,
Өте шығар сезім қанша, мұң қанша;
Сен сияқты бақытсыздар жүр қанша,
Мен сияқты ба-ғыт-сыз-дар жүр қанша!

ЖЫЛДЫҢ үздік сервисі: Твиттер емес 😉 Былтыр Твиттер болған да шығар, биыл FriendFeed.

…үздік фото-хостингі: Flickr және Pics.kz

…үздік видео-сервисі: Біздің Қазнетте 2009-да пайда болған Kiwi.kz

…үздік блог/сайттары: Lookatme.ru, Chaskor.ru, Mediapedia.ru және блогымның оң жағындағы тізім 😀

…үздік интернет-дүкені: Flip.kz
…үздік актері: сол баяғы Пенелопа
…үздік кітабы: Ремарктың «Үш досы»

Жылдың телесериалы: TBBT
Жылдың ең үздік танысуы: Дәл 2009 жылы интернеттен (блог пен твиттерден) бұрыннан білетін біраз адаммен таныстым (шынайы өмірде олардың барлығы дерлік одан да керемет болып шықты ;)).

Ең күшті сыйлық: Canon 450D, Лондон мен Куала-Лумпурдағы «Арсенал» ф.к. дүкенінен келген заттар, Алматыдан қағаз хатпен келген білезік.

Осы жылы пайда болған қызығушылық: Микроблогингке қатысты. Осы тақырыпта блог та ашылды, бірақ, шыны керек, жылдың аяғына қарай бұл қызығушылығымнан шаршадым. 🙂 Театрға деген «саналы» сезімдерім пайда болды.

Орындалмаған арман: Европаға барған жоқпын (алайда, Орталық Азияда біраз қыдырдым 😀 )
Орындалған арман: Біразы орындалды, шүкір.
Жылдың ең үздік орны: Жерорта теңізін көрдім!

…үздік дүкені: Kira Plastinina мен Benetton/kid&young/

…үздік аяқ киімі: қазір бүүүкіл қыздар киіп жүрген UGGS. Өте ыңғайлы.

…үздік тағамы: Былтырғыдай «Филадельфия» (Салта, Кәмшат, сәлем!) және тәттілерден – түріктің пишманиесі.

Эстафетаны Жаннаға тапсырдым.

  1. Желтоқсан 29, 2009, 10:59

    Бенеттонды «практичность» үшін ұнатасың ба? 🙂

    • Желтоқсан 29, 2009, 11:02

      солай ғой деймін, солардың аяқ киімі, трикотажы күнде киюге ыңғайлы.

  2. Желтоқсан 29, 2009, 11:30

    Қағаз хат алу да қазір қызық, ия. Қандай тамаша сыйлық!!! :)))

    ооо, СУШИ!!! :)))

  3. Желтоқсан 29, 2009, 11:37

    Тіл сынатын сайттар екен… )) Менің де осы жылы блог пен қоғамдық желі ғана емес, интернеттің басқа қыр-сырларын оқып білу жоспарда тұр. 🙂

  4. Қаңтар 1, 2010, 20:22

    кенонның обьективі китовый ма? или қандай?

  5. Қаңтар 2, 2010, 19:27

    қандай?
    поздравляю фотоаппаратыңмен. енді тапқаныңнын бәрін оптикаға жұмсайтын боласыңғо.:)

    • Қаңтар 2, 2010, 19:33

      18-55
      әзірге оптикаға қызықпаймын, себебі жөнді түсіре алмаймын))) бірақ үмітім зор =)))

  6. Қаңтар 2, 2010, 20:30

    в основном сыртта түсіресіңба? онда светосиласы жарап жатыр. ал помещенияларда жарықтың аздығынан талай переживать етесің. светосиласы 3,5 и более шығар 18-55тің. а вообще, кенонның объектив паркі өте үлкен, и соответственно арзан

    • Қаңтар 2, 2010, 20:54

      қаладағы «панораманың» аздығынан және даладағы аязға байланысты сыртта әзірге көп түсірмеймін. ал үйдегі түсіргендерім өзіме ұнамайды)

  7. Қаңтар 2, 2010, 21:26

    инетторда литература көп. соларды оқы. панорама болмаса сценкалар түсір.

  8. Қаңтар 6, 2010, 18:30

    флип.кз дегеннен тапсырыс берсең, үйге әкеліп бере ме? Фотоаппарат құтты болсын!

    • Қаңтар 6, 2010, 18:32

      иә, әкеп береді, Қарағанды не Алматыда тұрсаңыз, офисіне барып самовывоз жасауға болады, онда тасымал үшін ақша төлемейсіз.
      рахмет.

  1. No trackbacks yet.

Leave a reply to arsenal777 Жауап беруден бас тарту