Негізгі бет > медиа, статистика > Интернеттің танымал тілдері

Интернеттің танымал тілдері

Интернетті 1,5 миллиардтай адам қолданады және олар түрлі тілдерде сөйлейді (6912 тіл бар деп есептелген). Осы адамдардың жартысынан көбі ағылшын, қытай және испан тілінде сөйлейді екен. Discovery News сайтымен жыл сайын жасалынатын интернеттегі ең танымал тілдер рейтингі жарияланған болатын.

10. Кәріс тілі

Бұл тіл тізімде уақытша орналасқан деген болжам бар. Жалпы бұл тілде 37 миллион пайдаланушы сөйлейді.

9. Орыс тілі

Былтырғы тізімнен итальян тілін (34,7 миллион) ығыстырған орыс тілі; пайдаланушылар саны — 45 миллион.

8. Араб тілі

Былтыр 10-шы орында болған. 50 миллион пайдаланушы.

7. Неміс тілі

Германияда 65 миллион адам (елдің 67% тұрғыны) интернетке кіреді екен.

6. Португал тілі

Португалия және Бразилия елдерінің 96% тұрғыны интернетті қолданады. Бұл 73 миллион адам.

5. Француз тілі

Француздардың 36 миллионы интернетті пайдаланады (тұрғындардың 58%). Алайда, француз тілінде тек француздар ғана сөйлемейді. Сонымен — 79 миллион.

4. Жапон тілі

Жапонша интернетте 95 миллион адам сөйлейді. Ал жалпы елде 128 миллион адам тұрады.

3. Испан тілі

136,5 миллион пайдаланушы испан тілінде сөйлейді.

2. Қытай тілі

Елде интернетке кіру 27,9% құрайды, ал иероглифтерді түсінетін пайдаланушылар саны — 383 миллион.

1. Ағылшын тілі

Әрине, ағылшын тілінде бүкіл әлем сөйлейді деп айтуға болады. Пайдаланушылар саны — 478 миллион.

ақпарат көзі

Advertisements
Санаттары:медиа, статистика Кілтсөздері:
  1. Қараша 19, 2009, 05:53

    Қызық, мен орыс тілі алдыңғы қатарларда ма деп ойласам… :))

  2. balgyrgan
    Қараша 19, 2009, 11:09

    ағылшынды босқа үйрене алмай жүрмін, мүмкін сразу қытай тіліне көшсем ба, а? .)))

  3. Қараша 19, 2009, 12:14

    Германиядағы 65 млн. ғана емес Швейцария мен Австрия дағы неміс тілді интернет қолданушыларын да қосу керек.

  4. Қараша 20, 2009, 11:06

    қытай тілі де озып тұр екен гой! Ойланып қалдым! Қандай кеңестерің бар қытай тілін бе түрік тілін бе, қайсысын таңдасам екен! Уйренуге екеуінің бірін таңдау керек болып тұр!

    • Қараша 20, 2009, 11:22

      түрік тілі әрине оңайлау, бірақ қытай тілінің қолдану аясы кең. ал өзіңізге тілдің қайсысы көбірек қажет болатынын білмеймін. көп ретте қытай тілін үйреніндер деп айтып жатады ғой))

    • Қараша 23, 2009, 07:21

      Түрік тілін оқысаңыз, пайдасы жоқ… егер Түркиядан тауар тасып, челнок болам демесеңіз. Қытай тілі қиын, бірақ перспективасы көп. Сосын қазақша-орысшаңыз мыж-мыж болып кетеді, сондықтан 3-орында тұрған испан тілін оқыңыз. :))

  5. Қараша 24, 2009, 03:57

    кәрістердің саны аз енді
    бірақ динамикасы жағынан меніңше жапондарға қарағанда кәрістер алда инет пайдалану жағынан..

  6. Қараша 27, 2009, 15:57

    478 миллион. agylshyn tili.. hmm.. az…
    Agylshyn tilindegi koldanushylar 1 ne 2 mlrd boluy kerek.

  7. Boken
    Желтоқсан 3, 2009, 09:37

    Kyzyk eken sonda Turkter kayda kaldy olardyn sany 75mln-goi. Otkende internetten rekord tagy toktatty.????????????????

    • Желтоқсан 3, 2009, 12:29

      paiyzdyk natijesi boiynsha olardiki az bolgan goi. mumkin agylshyn tilin kop koldanady

  8. Назік
    Наурыз 12, 2011, 20:39

    Мында казак тілін толык менгерсем деген адамдар болмаганыма?

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: