Негізгі бет > публицистика, қазақ басылымдарының тарихы т > Смағұл Садуақасов – публицист (4)

Смағұл Садуақасов – публицист (4)

Смағұл Садуақасұлының көсемсөздік сипаттағы «Қостанай-Торғай» атты жолжазбасы «Қызыл Қазақстан» журналында 1922 жылы жарық көрген. Онда: «Қазақ… Қазақты білесіз. Қазақтың қолынан не дәрмен келеді? Қойша айдаған жаққа жүре беру. Қырса, үндемей қойша қырыла беру. Біз – мал емес пе!»- деген сөзінен өрбітіп, Қостанай мысалында кеңестік билікке мойынсұнған қазақ жұртының ауыр халін, көнбістігін, пәсейген рухын сөз етеді. Отаршылдардың зымиян іс-әрекетін әшкерелейді. «Қостанай уезінің қазағы орыспен сан жағынан тепе-тең, құқық жағынан, бостаншылық жағынан Қостанай қазағының халі ескі замандағыдан төмен. Іс басында бір қазақ жоқ деуге болады. Бәрі орыстар… Істегендері зорлық-зомбылық, қиянат, қырып кету, жойып кету. Ел ішіне жақсылық сөзбен, таза пікірмен барған біреу жоқ»- дейді көсемсөзші.

С. Садуақасұлы жолжазбада қостанайлық оқыған азаматтардың (қазақ) неліктен елеусіз орындарда жұмыс істеп отырғанын да зерделеген. Оның пікірінше, қабілетті қазақтардың аяғынан шалып отырған – отаршылдар. «Колонизаторлардың әдісі жақсы-ақ! – дейді мысқылмен Смағұл. – Біреуді «жалқау» дейді, жалқау бола қалады. Екіншіні «контр» дейді, контр бола қалады! Өздері оңды, басқа жұрт жаман».

Мұнда сондай-ақ Қостанай қазағының арасында отаршылықты қасақана ұйымдастырып отырған кімдер екенін нақты деректермен көрсетіп, өкімет, ел назарын берекесіздік қалай туындап жатыр және оны қайтіп болдырмау керек деген мәселеге назар аударады.

«Қазаққа не керек?» мақаласы «Өртең» газетінде 1922 жылы басылған. Бұл мақала қаламгердің туған ұлты туралы ой-толғамдарының заңды жалғасы деуге болады. Қаламгер «Ой тұрмысты жетектейді, тұрмыс ойды жетектейді» деген ежелден келе жатқан тұжырымның мәніне үңіледі. Қазақ тұрмысы құлдырауының обьективті себептерін көрсетіп, оны түзеу жөніндегі ойларын ортаға салады. Қаламгердің пікірінше, шикізатты сыртқа шығармай, қазақ жерінде өңдеген абзал. Бұл мақсатқа тезірек фабрик-зауыт, шойын жол салып қана жетуге болады. Оқуды дұрыс жолға қоймайынша, шаруа жақсармайды. «Оқусыз адам уықсыз тігілген үй секілді»- дейді ол. Автордың пайымынша, қазақ ұлты түгел еңсесін көтермесе, онда оның теңдікке жетпегені. Бұл ойын ол: «Қазақтың теңдігі бес-алты жігіттің төре болғанымен табылмайды, осындай жұрттың тіршілігін көркейтетін жұмыстармен табылады»- деп қорытындылайды. Оның мақалалары ұлт ертеңіне қатысты өзекті мәселелерді бүгежектемей, халыққа әрқашан ашық жеткізіп отырғандығымен де бағалы.

«Арқа ақпарат» сайты бойынша

Advertisements
  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: