Негізгі бет > публицистика > Жолсапар очерк деген не?

Жолсапар очерк деген не?

reader travel aprОчеркті көркем-публицистикалық жанрдың «патшасы» деп атайды. Бұл ең қиын жанрлардың бірі, себебі ол журналистен шынайы әдеби шеберлікті талап етеді. Очеркте аналитика және бейнеліліктің бастамалары бірлеседі. Бір сөзбен айтқанда, журналист тек фактты ғана емес, сонымен қатар, көркемдеу әдістерін де қолдану қажет.

Очерктің басты үш түрі:

  • портреттік очерк;
  • проблемалық очерк;
  • жолсапар очерк;

Осылардың ішінен жолсапар очеркке тоқталсақ,

жолсапар очерк – бұл автордың сапар кезіндегі оқиға немесе кездесулерінің суреттелуі. Бұл жанр авторға фантазия мен әдеби шеберлікті қолдануға көбірек мүмкіндік береді. Басты проблема – ақпаратты сараптау, себебі сапардан кейін көп әсерлер қалады, алайда, олардың қайсысы қызықты, қайсысы маңызды екенін түсіну қажет. Жолсапар очерктің бірнеше мақсаты бар, мысалы, әр түрлі елдегі адамдардың өмірін көрсету т.б.

Жолсапар очеркіне баспасөз зерттеушісі Д. Баялиева мынадай анықтама береді: «Бұл очерк жанрының ең көне түрі. Ол автор жол-жөнекей көрген-білгенін, кездесулер мен куәсі болған оқиғалардың негізінде жазылады. Автор өзін толғандыратын әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, салттық-саналық мәселелерді ғана іріктеп әңгімелейді».

Жолсапар очерк – публицист-суретшінің жазудағы ең ашық формалардың бірі. Жазушы материалды еркін жеткізіп, оқырманмен ашық қарым-қатынаста болады. Осы очерктің түрінде тарих, статистика, жаратылыс ғылымдардың элементтері мен саясатқа қатысты мәселелерге пікір білдіру, жеке ойлар, сезімдер бар.

P.S. Жолсапар очерктің тамаша үлгілері: М. Әуезовтың «Үндістан очерктері», «Америка әсерлері», Б. Момышұлының «Кубадағы кездесулер» мен Н. Оразбековтың «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы».

Advertisements
Санаттары:публицистика Кілтсөздері:,
  1. Қазан 5, 2009, 07:25

    Ең жақсы көретін жанрым, жолсапар очеркі. Қызықты өте.Менің тәжірибемде тек алыс ауылдарға жасаған сапардан жазылған очерктер ғана екен:)
    Рахмет, ақпаратыңа.

    • Қазан 5, 2009, 07:29

      оқасы жоқ. әлі талай-талай жолсапар очерктер жазарсыз, шетелдік те 🙂

  2. Қазан 5, 2009, 07:34

    2016 жылы Рио-де-Жанейродан деші 🙂

  3. Қазан 5, 2009, 07:50

    ))))))))))cоған жазсын, әумин!

  4. Қазан 6, 2009, 05:18

    Сапардажүргенде шабыт келетіні рас. Алайда қазақша қолмен жазу жағы қинайды. Компьютерде теру әлде қайда оңай болғандықтан бірге алып жүремін-ау деймін.

  5. Маха
    Сәуір 20, 2010, 05:51

    Мен де очерк жазамба деп едим. Ауыл жайлы. Калай бастарымды билмей жургем. Жаксы болды. Рахмет.

  1. Наурыз 9, 2010, 13:35

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: