«Жәй эстафета»

yumiӨмір туралы

Бұрын өмірді түсінуге тырыстым, енді өмірдің өзі мені түсінсін деп, ол жайында басымды қатыра бермеймін. Жалпы, өмірде кейде енжар болып қалған да артық етпес.

Өмірдің мәнісін іздеу жолында оның мәнсіздігіне көбірек ұрына береді екенсің.

Уақыт туралы

Уақытты әлі де бағалай алмай жүрмін. Кейде 18-ге толдым және одан әрі аспадым деген күйде болғандаймын. Бірақ, бұның бәрі өз-өзімді алдаушылық екеніне мән бергім де келмейді.

Отбасы туралы

Есейген соң осы сөздің мағынасы анау әліппедегі сурет емес екенін түсіндім, оның суретін салу қиын, түсіндіру де.

Ақша туралы

Ақша туралы қымбат (бағасы жоғары) нәрселерді көргенде ғана ойланамын. Басқасының құны жоқтай… Негізінде, ақша туралы мүлдем ойланбауға тырысамын. Бұл уақытша десеңіз, әбден мүмкін.

Достар туралы

Балабақшадағы достарым мектебіме көшті; мектептен университетіме көшкендер аз, бірақ жоқ емес. Университеттен «өміріме» көшкендер саусақпен санарлық. Бірақ ең жақыны солар. «Досым» деп көрінгенге айта бермеймін, тым жауапты лауазым.

Арман туралы

Армандарым орындалса, өмірім күрт өзгереді деп ойламаймын.

Әр арманым орындалсын деп тілемеймін.

Жұмыс пен хобби

Хобби жұмысың болып қалса, ол әуестенушілік болудан қалады. Жұмысың хобби болатын болса, не сорың, не бағың.

Ұстаным туралы

«Өмір сен сүйгендер мен сен ренжіткендерден құралады». Осы тұрғыдан өмір сүруге тырысамын. Иә, ол оңай емес.

Ақылға сыймайтын әрекеттер

Уақыт өте келе, кешегі ақылға сыймайтын әрекеттер бүгін қалыпты болып көрінеді. Мүмкін ақылға сыймайтындай әрекеттерім келешекте.

Болашақ туралы

«Біз ертеңгі күнді күтетінбіз, Күнде ертеңгі күнді күтетінбіз…» В. Цой

Эстафетаны Ақзереден қабылдап, Айнұрға тапсырдым.

Advertisements
  1. Қыркүйек 2, 2009, 19:40

    Охо, өзің туралы бірталай нәрсе білдік, Әлия. Өзіндік стилің бар адам екеніңді баяғыдан сезіп жүргем… Қателеспеппін!!! 🙂 Сен осы қуыршақтарды әлі де жақсы көресің-ау деймін. Ыслучайны, анау-мынау жерлерге барғанда қонжық мамық ойыншығын құшақтап жүретіндерден емес пе едің? 🙄

    • Қыркүйек 3, 2009, 03:48

      рахмет. қонжық мамық ойыншықтар өкінішке орай сөмкеме сыймай кетті 🙂

  2. akzere
    Қыркүйек 3, 2009, 04:14

    Біз ертеңгі күнді күтетінбіз….

  1. Қыркүйек 2, 2009, 22:32

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: