«Айқап»

1911 жылы қаңтардан бастап, 1915 жылы қыркүйек айында Троицк қаласында «Энергия» баспаханасында қазақ тілінде үзбей шығып тұратын. «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік, саяси өмірінде әдебиет пен мәдениетті насихаттап, таратуда елеулі роль атқарды. Араб әрпімен теріліп, басында айына 1 рет, кейін 2 рет шығып тұрған, бұл журналдың нақты деректерінде «Айқап» 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйегіне дейін шығып тұрды деп жазылған. Бас редакторы Мұхаметжан Сералин болды.

Журналдың тақырыптары: бас мақала, шетел хабарлары, мұсылман өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, әртүрлі хабарлар мен редакцияға түскен хаттар. Мазмұны бойынша: саяси-әлеуметтік, әдеби, әдебиет мәселелер, оқу-ағарту, ана тілі, әліппе, теңдік, дәрігерлік, агротехникалық кеңестер, ғылым табыстары, ішкі-сыртқы хабарлар, кітап сындары, тілші хаттары және жауап хаттар, отырықшылыққа шақыру, егіншілікпен шұғылдану, мектеп салу, емхана ашуға шақыру, әдет-ғұрып, салт-сана мәселелеріне көп көңіл бөлінді.

Басылымның сандарында Бейімбет Майлиннің шығармалары, Міржақып Дулатовтың «Екі қыздың мұңы» атты туындысы Азамат Алашұлы бүркеншек атымен және т.б. жарияланды.

  1. Шілде 26, 2009, 23:02

    Алаштың айнасы болған газет емес пе осы?! Кезіндегі зиялылардың да көп ник-есімдері болған ба? 🙂

    • Шілде 27, 2009, 08:16

      Алаштың зиялылары осы журналда өз мақалаларын, шығармаларын жариялайтын, ал ник аттары көөөп болған)

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру