Негізгі бет > блогинг, медиа > Сұхбат алуға байланысты кеңестер

Сұхбат алуға байланысты кеңестер

491619301_071f569577

Блогшы, журналист сияқты, кез келген адамнан сұхбат алып, блогына жариялауы мүмкін. Интернеттегі біраз ақпаратты ақтара отырып, Сіздер үшін мынадай кеңестер ұсынып отырмын:

  • Сұхбат алудың алдында әдептілік жайында ұмытпау қажет, яғни жеке басқа қатысты сұрақтар қою, жеке өміріне байланысты мәселелерді әңгіме қылу. Әрине, бұның бәрі сұхбат берушінің өзіне де байланысты. Алайда, осындай сұрақтар сұхбатқа қатысып отырған адамға қаншалықты әсер ететінін алдын-ала біліп алған дұрыс.
  • Сұхбат беруші адаммен мейірімді болыңыз.
  • Өте маңызды – өзіңіз шындықты айтып, ар-ұятты бірінші орынға қоятын болсаңыз, сізді тура осындай адамдар диалогқа шақырады
  • Сұхбат  алдында жоспар құрып, оған сұхбаттың мақсатын, қорытынды жасау үшін қандай ақпарат алу қажет екендігін анықтап алған жөн.
  • Айтпасақ та түсінікті шығар, сұхбат алдында қызықты, әрі көкейкесті жауап бере алатын сұрақтар тізімін дайындау керек.
  • Сұхбат берушіні тығырыққа тірейтін тым қиын немесе арандатуды туғызатын сұрақтардан аулақ болыңыз.

Ал Сіз осы мәселеге байланысты қандай кеңес бере аласыз?

Advertisements
Санаттары:блогинг, медиа Кілтсөздері:,
  1. ansarphotos
    Шілде 14, 2009, 17:22

    Журналист маман ретінде болмасам да, оқырман ретінде айтарым:
    1) Өсек екенін біліп тұрып, ол сұрақты қоймау. Әсіресе, өнер адамдарынан сұқбат алар алдын осыны ескерген жөн.
    2) Тақырыптан ауытқымау.
    3) Жауап беретін адамды оған еш қатысы жоқ сұрақтар қою арқылы қинамау.

    Кеңестеріңізге көп-көп рахмет.

    • Шілде 14, 2009, 17:27

      сізге де көп рахмет.
      сосын барлығы онсыз да білетін нәрсені сұрамау және өзектілігі, маңызы жоқ, ескіріп қалған сұрақтарды қоймау да осы тізімге қосып қояйық)))

  2. ansarphotos
    Шілде 14, 2009, 18:44

    Қайбір жылы »Жас журналистердің ке бірі атағы үлкен, танымал адамдардан сұқбаттасуға көбіне дайындықсыз барады» деп. Шындығындасолай ма деген ойға қаламын кейбір сұқбаттарды оқығанда.

    Және бір маселе, сұқбат алушы адамның сұқбат тақырыбына қаншалықты жақын екендігіне, ол саланың майталманы ма екен соған да көңіл бөоген жөн. Мұндайлар cаулнама-сұқбаттарда жиі кездесіп жатады.

    • Шілде 14, 2009, 18:53

      дайындықсыз келеді дегенде бірден Титов есіме түсіп кетті 😦
      неге тек қана жас журналистер?

      • ansarphotos
        Шілде 14, 2009, 22:32

        Täjiribe …

  3. Шілде 15, 2009, 07:12

    ansar, бұл тәжірибеге байланысты деп ойламаймын, көп ретте білімге

    • Шілде 15, 2009, 07:53

      Ол да мүмкін. Бірақ бар білімді де дұрыс пайдалана білу керек.

  4. Шілде 17, 2009, 11:42

    Өз басым блогыма сұхбат берушілермен көп ретте тақырыптық, арнаулы сұхбат жүргізеді екенмін. Сұрақтар да негізінен сол тақырып ауқымдағы жағдайларға қатысты болады. Әдептен аспай, тура сол адам білуі мүмкін жағдайларды сұрауға тырысады екенмін. Сұхбаттасу барысында туа береді ғой ары қарайғы өрбіту сценарийлері…

  5. Шілде 17, 2009, 17:13

    Кішкене тақырыптан тыс болса да айтайын, жұмысқа адам алатын кездегі интервью де бір қызық…

  6. Шілде 17, 2009, 17:14

    Резюмелерді оқысаң жатасың күлкіден. Адамдар әдемі мақтана білсе күшті болар еді ия?!

  7. Шілде 18, 2009, 12:08

    Керемет, ана резюменин иесіне бір жагынан жаным ашып кетти, бир жагынан уважуха…

  8. Шілде 19, 2009, 05:18

    Болатын бала екен…

  9. не важно
    Шілде 21, 2009, 06:10

    е мое бирде анау апай бар го. естеринизде ме. сонын сухбатын окып отр бизде шынмен демократия ма дедим. ағылда тегіл, көзден кетіп, нәскиге жеттім. Анау қазиттің журналисі қырқып кетіпті 🙂 негізі этика болу керек дейд. а маған ол «поқ» сияқт біздің көкейдегі сұрақты журналист жеткізе білсе бір рахаттанам.

  10. Шілде 21, 2009, 07:40

    оО апай, қандай именно апай?

  11. не важно
    Шілде 21, 2009, 07:42

    айтамайм анай апай го. шашы айбатЧ 🙂

  12. Шілде 21, 2009, 07:45

    млииин, мен өзімді сондай топас сезініп отрмын даче. шашы айбатч апайды білмей отырмын(((

    • Шілде 21, 2009, 11:23

      ООпозициялық газеттің журналисті болар, менің топшылауымша…

      • aneshnik
        Шілде 22, 2009, 04:10

        қап жанымдағы ағам отпуска кетіп қалағыны*ай. со кісі со журналистің шыққан мақаласын инеттен дауыстап оқып беріп ед 🙂

    • aneshnik
      Шілде 22, 2009, 04:08

      өзіңізді ондай сенізбеңіз ұят бов қалар 🙂

  13. Өрлен
    Маусым 30, 2010, 06:27

    Жас мамандарға қайдан көмек сұрауға болады?

    • Маусым 30, 2010, 08:30

      қандай көмекті айтасыз, Өрлен? журналистикаға байланысты ма?

  14. makym
    Шілде 22, 2010, 05:28

    Енді, сұхбаттың түрі де әртүрлі ғой… Кейде, бір адамға жалғыз сұраққа жауап алу үшін барасын, екі диктафонмен (бірін көрсетпейсің – бірақ, қосулы). Бір сағат «дурочка валять» етіп, оның ресми мәлімдемесін тыңдап болғаннан кейін, «ресми» диктофоныңды өшіресің, анау «уф» деп, ресмиліктің дуалы түскен кезде, әлгі көкейіңдегі сұрақты қоя саласың… Жауап беред! Тексерілген…

    Сосын, меніңше, сұхбатыңыз ақпараттық емес, танымдық болса (белгілі бір тұлғамен дегенім ғой), арандатушылық сұрақтар қойған да абзал. Бұл адамның ішкі жан-дүниесін көруге таптырмас амал. Шынайы бейнесін дегенім ғой. «Интервью -королева журналистики» дейд, Познер. Сол, неге, дүйсенбі сайын Ресейдің бірінші арнасынан көрсетілетін авторлық бағдарламасында қонақтарды тым ірі планмен алады. Бұл – операторлық «креатифф», не режиссерлік шешім емес, – өйткені бұл тележурналистикасына қайшы, бұл – познерлік техника. Адаммен бетпе-бет сөйлескенде де мимикалар мен жестикуляцияны бұлай анық аңғармайтын боларсыз…

    …оЧм, қатырма қалып жоқ! «Әжетханада отырудың да өз мәдениеті бар» депТ, ғой А.Блок, бірақ, кім қалай отырам десе де өз еркі ғой.:))

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: