«Ұлан» газеті

1235390416Мектеп кезімізде көбіміз сүйіп оқитын «Ұлан» газеті тұңғыш рет «Пионер» деген атпен шыққан, кейін «Октябрь балалары», «Қазақстан пионері», 1990 жылы «Ұлан» атауын иеленді. Сол кезде ыдыраудың алдында тұрған Кеңес Одағында, соның ішінде біздің еліміздің де қоғамдық өмірінде әр түрлі өзгерістер бой көрсете бастаған еді. Пионер ұйымымен қатар басқа да балалар ұйымдары құрылып, жұмыс жасап жатты. Сондықтан да республикадағы жалғыз қазақ балалар газеті тек пионер ұйымының ғана органы боп қалуы мүмкін емес болатын.

Газет ешкімді ұйымға, топқа бөлместен еліміздегі кез-келген баланың мүддесін қорғап, шығармашылық қабілетін шыңдап, олардың өмірлері мен үлгілі істерін көрсету мақсатында шығарылса керек.

Сол кезде газеттің редакторы Доскенов Ғалым бастаған редакция ұжымы тіл мамандарымен кеңесе келіп, республикалық  балалар газетіне «Ұлан» деген атау лайық деген шешімге келген болатын. Өйткені тілін қастерлеген халқымыз: бабасына түсімен ғана емес, ісімен, ақыл, қайратымен тартып туған ұрпағын, баламын деп жасымай, тезірек ер жетуге, ел көсегесін көгертуге құлшынған ұрпағын, болашағын үміт артқан ұрпағын ұлан дер еді.

Газеттің қазіргі бас редакторы, жаңылмасам, Сұлтан Қалиұлы.

Advertisements
  1. Ainur
    Шілде 11, 2009, 14:34

    Жаңылмасам, газеттің қазіргі бас редакторы журналист Есей Жеңісұлы. „Жас Алашта„ спорт тақырыбында қалам тартқан Есей ағайымның жасөспірімдер газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалғанын естігенде таң қалғаным есімде.

    • Шілде 11, 2009, 15:41

      рахмет Айнұр 🙂
      екі жыл бұрын редакцияға барғанда Сұлтан ағай болатын. шынымды айтсам, газетті соңғы рет сонда көргенмін

  2. Шілде 11, 2009, 16:07

    Qazir bul gazetter shyga ma?

    • Шілде 11, 2009, 16:09

      шығады, бірақ сатылымда жоқ, жазылу керек

      • Шілде 11, 2009, 16:15

        Nege satpaidy eken?

  3. Шілде 11, 2009, 16:18

    Бақытнұр, білмедім. Әйтеуір Қарағандыда қазақша газет табу қиын(андай-мындай шымкенттік газеттер болмаса). Оқымайды, іздемейді, қажет емес.

    • Шілде 11, 2009, 16:58

      aa ok. Rahmet jauabyna

    • Шілде 11, 2009, 20:24

      Махаббат, Ләззат дегендер ме? 😀
      Әйтеуір, солар тооолып тұрады ғо газет сататын жерлерде.))

      • Шілде 11, 2009, 21:50

        Айғақ мың бір түн, Қызық іңгіме, Ерекше газет, Тфуйй, газет болмай қата қалғырлар (Ауыл апаларының сөздері)

    • Шілде 11, 2009, 21:48

      андай-мындай шымкенттік газеттер Қарағандыны да жаулап алған ба? Масқара!

      • Шілде 12, 2009, 17:06

        бүкіл ҚЗда бар секілді олар))

  4. Шілде 11, 2009, 18:31

    Мектепте оқып жүрген кезімже осы газетті асыға күтетінмін 🙂
    Талай жас қаламгерлердің тұсауы осы газетте кесілген.
    Әлі де ауылға барғанда оқып тұрам:)

  5. Шілде 11, 2009, 20:31

    @Rauan
    аха, олар толып тұрады, ал Ұлан сияқтылар жоқ 😦

  6. Шілде 12, 2009, 04:11

    Бүгінгі қазақ журналистикасында жүргендерге таңдау жасауға «Ұлан» тікелей себепші болған еді. Тоқырау кезінде жалғыз жұбанышым сол Сәрсенбі күні газет әкелетін поштален апай, «Ұланнан» келген хаттар еді. Мақаламыз шықпаса да, не себепті шықпағынан айтып, жігер бері, хат жазып жіберетін. Мектеп оқушысы болып жүріп, «Ұланның» жас тілшісі деген құжатты қолыма алғанда қандай қуанышта болғанымды жеткізе алмаспын. Тілші болудың жауапкершілігін де бізге Сұлтан ағай бастаған ұжым үйретіп еді. Қазір газет болғанымен, бұл үрдіс тоқтап қалғаны қынжылтады. Есей Жеңісұлы газетті жаңа биік деңгейге алып шығады деген сенімдемін.
    Кез келген қазақ жасөспіріміне «Ұлан» газетін оқуға кеңес беремін. Үйде, мектеп жасында іні-қарындастарыңыз болса, «Ұланға» жаздырып, сыйлық жасасаңыздар! Өміріне үлкен өзгеріс әкелер ең үлкен сыйлық болады. Осы жазбаны менің сүйікті «Ұлан» газетіме арнаған, Әлия, саған көп рахмет.
    P.S. Газетке адалдығым ретінде үйімде әлі күнге дейін 1993-1998 жылдардағы газеттің сарғайған тігіндісі, «Ұлан» редакциясынан келген хаттар сақталып тұр.

    • Шілде 12, 2009, 17:08

      сіздің осы газетті оқып қана қоймай, жазып тұрғандығыңызды да сезгендей болдым))

  7. Шілде 13, 2009, 15:20

    Сен де «Жас тілші» атанып па едің?

  8. Шілде 14, 2009, 16:36

    ана отырған балама главный редактор?

    • Шілде 14, 2009, 16:39

      суретте мектеп оқушылар, осы газеттің таргет груп))

  9. sanat
    Желтоқсан 4, 2009, 12:38

    шын ия

  10. Gaziza
    Наурыз 26, 2010, 09:10

    Ия, Ұлан газеті, сөз жоқ, Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдерге арналған ең жақсы газет деп айтуға болады. Газет өте тартымды, балаға жеңіл түсінерліктей етіп жазылады, мен бұл газетті өте жақсы көремін.Өзім Ұланды 5 сыныптан бастап оқып келемін.Ішінде мектеп бағдарламасына керек, сыныптан тыс,қызықты көптеген материалдар жарияланады.Соның барлығы оқушыларға керек.Міне сол керек нәрсенің бәрі «Ұланда»!!!

  11. Гульжахан
    Мамыр 25, 2010, 08:54

    «Ұлан» газетіндегі «Ерлік пен Жеңіс» байқауына сұраныс жіберсек бола ма?

  12. жанар
    Сәуір 2, 2011, 21:48

    «Ұлан»газеті мен үшін өте қымбат!Алғаш рет 5 жасымда «Ұлан»арқылы әріп танып,окуды үйренген едім.сол уақыттан бастап мектепті тәмамдағанға дейінгі нағыз досым әрі ақылшым болған сүйікті газетіме бас иемін!

  13. Арайлым Рамазанқызы
    Ақпан 28, 2012, 14:24

    оте тамаша,’ұланым’ әрқашан алдыңғы қатардағы газет болғайсыздар!

  14. Гулсезим
    Наурыз 6, 2014, 06:01

    Салеметизбе? Мен осы сайт аркылы калай макаламды жиберсем болады

  15. Гулсезим
    Наурыз 6, 2014, 06:29

    Жауап неге кеш келеди

  16. Наурыз 6, 2014, 14:21

    Сәлем, Гүлсезім! «Ұланның» мекен-жайы: 050009, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143 үй, 509 бөлме. Немесе npulan@mail.ru электронды поштасына хат жазсаң болады. Сайты http://zhasorken.kz/.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: