Негізгі бет > публицистика, қазақ басылымдарының тарихы т > Нығмет Нұрмақов хақында (Кіріспе)

Нығмет Нұрмақов хақында (Кіріспе)

01Нығмет Нұрмақов туған халқына істеген қызметінің үлкен бір арнасы – қазақ баспасөзін қалыптастыруға ықпал етуі еді. Ол өзі аяғынан қаз тұрғызған қазақтың кеңес дәуіріндегі «Тіршілік», «Қазақ тілі», «Қызыл Қазақстан» басылымдары   арқылы ұлттық баспасөздің негізін салды. Солар шынайы жалпыұлттық саяси-қоғамдық мерзімді басылымдыр болды. Өз кезінде олардың әрқайсысы қазақ өміріне қатысты мәселелерге ой жіберіп, көзқарасын, бағыт-бағдарын үнемі білдіріп отырды. Қазақ зиялылыарының саяси орталықтары ретінде бүкіл саяси-әлеуметтік іс-әрекеттердің ұйымдастырушысы да бола білді. Бұларды қара қазақтың түгелге жуығы оқыды.

Солардың күш-жігері, қайраты мен табандылығының арқасында дүниеге келген біздің қазақ қоғамындағы демократиялық түсінік ұзақ жылдар бойы орынсыз саяси тоқпаққа ұрынып келді. Ақ-қараны айыртпас осы бір солақай саясат дегенініе жетіп, жоғарыда аттары аталған зиялы қауым қатарын «халық жаулары» деген атпен қырғынға ұшыратты. Бар жазғандары ұлтымыздың шерлі кезеңінің шежірешілеріне айналғандығы ма? Бірақ, араға 70 астам уақыт салып олардың есімі қайта жаңғырды, саяси-азаматтық тұрғыдан ақталынып алынды, шығармаларын көпшілікке тарату жұмыстары жүргізілуде. Тарих халқымызды өзінің өр тұлғалы ұлдарымен қайта қауыштыруда.

Нығмет Нұрмақовтың қаламгер-публицистік, қайраткерлік істері өз заманында-ақ аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдарының да берген тарихи тұжырымдары ерекше. Оның шығармаларының қай-қайсысы болсын тұнып тұрған публицистика. Білім алған ошақтарынан бастап, қызмет еткен ортасы, әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық көзқарастарын саралайтын болсақ оның публицистік қыры одан әрі тереңдей ашыла түсері анық.

Бостандық пен азаттықты аңсаған, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сынды қыран ойлы қазақ зиялыларының арасынан осы Нығмет Нұрмақовтың да тұлғасы қатар көрінетіндігі сөзсіз.

жалғасы бар

Advertisements
  1. Ауылдың баласы
    Маусым 24, 2009, 09:12

    Қателеспесем, бұл кісі заңгер маман-ау деймін. ҚазақАКСР-інде біраз лауазымды қызмет атқарған.
    Бұл кісінің аты жиі айтыла бермейді.

    • Маусым 24, 2009, 09:46

      иә, солай. Бұл кісі кеңес дәуіріндегі аз ұлттар жайында еңбектер жазған және латын қарпіне көшу мәселесін көтерген болатын. Айтпақшы, Нығмет Нұрмақов менің туысым деп айтуға болады 😉 қаламызда оның атында көше бар, бірақ ееең шетте 😦

      • Ауылдың баласы
        Маусым 24, 2009, 09:57

        Шымкетте дебір көшебар. Мен оны көргенде »Кім болды екен Нұрмақов деген» дейтінмін. Кейін Қазақстан радиосынан сол кісі жайлы арнайы хабар болып жатқан жерінен дөп түсіп, сол арқылы білдім.

        Айтпақшы, қандай туысыңыз?

  2. Маусым 24, 2009, 10:00

    @Ауылдың баласы
    арғын-қаракесек 🙂
    сосын Нұрмақов атындағы #2 мектеп те бар айтпақшы

  3. Ansar
    Маусым 24, 2009, 11:56

    арғын-қаракесек
    eee, 🙂

    Osyndai aty atala bermeitin Alash zialylary jaily köptep jazu kerek.

  4. Маусым 24, 2009, 14:28

    Аз ұлттар жайлы еңбегінің ең маңызды тұстарымен бөлісе аласың ба?

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: