Негізгі бет > қазақ басылымдарының тарихы т > Қазақ мерзімді баспасөзі (6)

Қазақ мерзімді баспасөзі (6)

Арқа ажары (соңы)

1965 жылы өлке таратылып, қараша айында «Тың өлкесінің» соңғы сандары жарық көрді. Енді өлкелік газетті Ақмола облысының «Коммунизм нұры» алмастырды. Нақ осы уақыттан бастап табаны күректей 26 жыл бойы «Коммунизм нұры» облыстың тасқа басқан шежіресіне айналды. Бұл кезеңде облыстық газетте Әнуар Ипмағамбетв, Ибрагим Қапаров, Әмірғали Нүркішев, Октябрь Әлібековтер басшылық жасап, басылымның қазақ баспасөзінде өзіне лайықты орын алуына елеулі үлес қосты. 1978 жылы «Коммунизм нұры» газетінің Еңбек Қызыл Ту Орденімен марапатталуы шығармашылық ұжымның сол мақсат мүддесінен шыққандығының дәлелі.

Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткізді. Тәуелсіздіктің арайлы ақ таңы атты. Құрсаудан құтылған қазақ баспасөзі өзінің жүрекжарды үнімен ел егемендігін айдай әлемге паш ететін мүмкіндікке ие болды. Еркіндіктің асқақ мұратын Арқа өңірінің төл басылымы да бар болмысымен құптап, оқырманға айтар ойын жаңа мазмұн, тың арнаға бұрады. Сол себепті 1991 жылдың 26 қаңтарынан Ақмола облыстық «Арқа ажары» деген жаңаша атаумен жарық көреді.

Advertisements
  1. Abu Muxsin
    Маусым 11, 2009, 14:02

    коммунизмде нұр бармед? коммунизм = қараңғылық

    • Маусым 11, 2009, 14:06

      қазірдің өзінде нұр болып жүрсек, ол кездің өз нұры болды демек)))

      • Abu Muxsin
        Маусым 11, 2009, 14:30

        түктсүнген жоқпын жазғаныңыздан. айтқыңыз келгені – сіз коммунизмнің «нұрына» қайта шомылғыңыз келед, сіз в душе комунистсіз, дұрыс түсіндім ба? :/

  2. Маусым 11, 2009, 14:32

    @Abu Muxsin
    қалжың ғой. менің комунизмге еш қатысым жоқ және болған емес. бұл өткен ғасырдың қазақ тілді басылымдардың тарихы жайында жазба. Мен тарихты өзгерте алмаймын.

  3. technosyndrom
    Маусым 12, 2009, 06:41

    коммунизмде нұр бармед? коммунизм = қараңғылық
    түктсүнген жоқпын жазғаныңыздан. айтқыңыз келгені – сіз коммунизмнің “нұрына” қайта шомылғыңыз келед, сіз в душе комунистсіз, дұрыс түсіндім ба? :/
    Мысалы, мен коммунисттік жүйенің кереметін көрдім ал. Су тегін білім алдым, су тегін ем алдым. Бозбалалық шағым қазір өтсе білмеймін, әке-шешеме көмектесем деп, 4-5-ші кластан мектепті тастап, жұмысқа жалданар едім, оған күмәнім жоқ.
    Сіз, аппеляциясыз – дәйексіз өткеннің үкімін шығарып тастағанша, дәлел келтірсеңіз нетті?
    Ол кездің өзінің нұры болды – оған сөз жоқ. Дұрыс болсын, бұрыс болсын, 220 млн. халық бір бағытта жұмыс істеді, бір бағытта арман қуды. Осыншама халықты адасты деуге, Сіздің ойлау-толғау жүйеңіз ширек миллиард халықтан дегенмен кемшін түсетін шығар, а?

  4. Abu Muxsin
    Маусым 12, 2009, 15:06

    тегін білім мен тегін ем нұр болғаны ма? я, оның өзінің жақсы жақтары болды, бірақ нұр болды дей алмайм.
    сосын барлығы дерлік адасқан болды деген жоқпын. канешні көбі заманның ағымымен жүреміз деп коммунис боп кетті. бірақ сомен қатар безбожный коммунизмнен құтылғысы келетін, тәуелсіздік аңсағандар да көп болдғо. басқалары коммунизмнен шетелдерге де ауып кетті.220млн халық бірдей болса, олар тура жолда болд деген сөз емесқо. индияда да қырғын милллион бир бағытта, сиырлар мен бұттарына табынад, сіз де сонда тұрсаңыз сөйтермедіңіз? сұрақ риторический. көп сөз таластырған ұнатпайм

  5. technosyndrom
    Маусым 12, 2009, 19:16

    Мен бәрібір әке-шешемнен алған тәрбиемен өсер едім. Олар пұтқа табынып, Айға сәлем беретіндерден болса, мен де солай істер едім, оған күмәнім жоқ. Және тумысымнан Інжілді жаттап өссем, адасқандар қатарындамын деген ой қаперіме де кіріп шықпас еді. Кейбіреулерше «хақ дінді өз бетімше тауып алар едім!» деп өтірік көки алмаймын.
    Айтпақы ана сұрағыңыз риторикалық емес және мен де көп сөз таластырғанды өлердей жек көремін.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: