Негізгі бет > қазақ басылымдарының тарихы т > Қазақ мерзімді баспасөзі (5)

Қазақ мерзімді баспасөзі (5)

«Есіл правдасы», «Тың өлкесі».

Көп ұзамай Отан соғысы басталады. Сұрапыл соғыс жылдарында басылымның ұйымдастырушылық, халықты ерлік еңбекке жұмылдырушылық күші ерекше болады. Газет майдан мен тыл өмірін көрсетіп қана қойған жоқ, қаламдарын қаруға айырбастаған бір топ қызметкерлерін ел қорғауға аттандырады. Солардың бірі А.Айзахметов болатын. Оның орнына майдан жылдары Ө.Өкішев, К.Үсебаев, А.Әлғожин, А.Мұздыбаевтар редакторлық қызмет атқарады.

Саясат та, заман да өзгереді. Он сегіз жыл бойы «Сталин туы» деген атпен шығып келген Ақмола облыстық газеті 1957 жылдан бастап «Есіл правдасы» деген жаңа атпен жалғасты. Газеттің жаңа атқа көшуі партияның ХХ съезінің тарихи шешімдеріне байланысты «жеке басқа табынушылық» сарқыншақтарын жоюдың салдарынан болғаны белгілі. Бұл жылдарда «Есіл правдасы» газетінің редакторы С.Сейітов, Г.Сәрсенбиндер болды.

1961 жылы 17 қаңтарда КПСС Орталық Комитетінің кезекті Пленумы болып, Қазақстанның солтүстігінде бес облыс Тың өлкесі болып қайта ұйымдастырылады. Осы жылдың қаңтар айының соңына таман «Есіл правдасы» Қазақстанның бес облысын қамтыған «Тың өлкесі» газеті болып жарық көре бастайды. Бұл кезеңде халқымыздың ұлттық болмысына, қазақ рухымызға өлшеусіз қиянат жасалып, тоталитарлық идеология өктемдік құрды. Қазақ мектептері мен қазақ тіліндегі басылымдар жаппай жабылды. Солтүстік Қазақстанның бес облысының ұлттық сипатын білдіретін жалғыз басылым, бүгінгі «Арқа ажарының» тарихи шежіресінде өзіндік орны бар, «Тың өлкесі» сол кезде едәуір рухани жүк көтерді.

Газеттің редакторлары Уәра Нұрсейітов, Сапаржан Хайдаров болды. Бұл кезеңде қазақ баспасөзінің ардагерлері Әнуар Ипмағамбетов пен Зейнолла Әйтімов осы газетте редактордың орынбасарлары қызметін атқарды.

Advertisements
  1. No comments yet.
  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: