Негізгі бет > блогинг, медиа > ВВС ізімен(9)

ВВС ізімен(9)

picture

Фото жайында ұмытпаңыз

Веб-беттегі сурет, фотолар газет пен журналда сияқты өте маңызды. Олар мәтінді тірілтеді, оқырманның материалға назарын аудартады. Жақсы фотография мақалада үлкен роль атқарады.   Алайда, оның өлшемі жайында ұмытпаңыз. Мысалы, бір топ адам бар үлкен фото газетте жақсы көрініп тұрса да, сайттағы үлкен форматтағы фотоларды көп қолданбаған дұрыс.

Веб-бет қарапайым және фотолары мөлшерден көп болмаған дұрыс. Бет тез жүктелу үшін, суреттердің өлшемі жайында ұмытпау керек.

Фотомен бірге, әсіресе кәсіби сайттар мен веб-беттерде,  «descriptive alt title» болу қажет. Бұл суретке сілтеген кезде(сілтеме емес) шығып тұратын мәтін.

P.S. Блог үшін суреттерді қай ресурстардан аласыз? Мен көбінде google және flickr – ден іздеймін.

Advertisements
Санаттары:блогинг, медиа Кілтсөздері:, ,
  1. Мамыр 23, 2009, 20:32

    Бұрындары вордпресс блогтарындағы суреттер үстінен бір рет шертсең үлкейетін еді. Қазір ондайы жоқ екен.

    Және кейбір ақпарат агенттіктерінде суреттерді пайдаланғанда сілтеме жасау керектігі жазылады.

    dinislam.kz сайтында жарияланған суреттердің басым бөлігіне өздерінің сайттарының атын жазып қояды екен. Тіпті, ол суретті өздері басқа бір сайттан алса да.

    • Мамыр 24, 2009, 13:18

      суретті қайдан алғанынды көрсеткен әрине жақсы ғой, бірақ мысалы, ол жай блог болса және одан еш пайда таппасан… 🙂

  2. Мамыр 23, 2009, 21:03

    Рахмет, Алия. Өзіме суретсіз жазбаның онша емес көрінетіні жақында ғана ойыма келді. Әсіресе сенің ана «материалды қайдан табуға болады»-дағы суретке қарап өзімнің жазбаларымды салыстырғаннан кейін. ;))

    «ALT» демекші, ол кескінге жақындатқандағы текст емес. Егер сурет жүктелмей қалса (немесе жүктелуге үлгере алмай жатса), оның орнына шығатын текст. Ал тышқанды жақындатқанда шығарылатын текст үшін «title» атрибуты (tag емес) жауап береді.

    Ойымша, суретті Flickr’дан іздеген жақсы. Себебі, анда көбінесе «профессиональный фотографтар» салады суреттерін, кем дегенді өз аккаунтына қайдағы жоқ фотоларда салмайтындар. Ал Google болса, барлық сайттардан бычыт фотоларды жинап алады.

  3. Мамыр 23, 2009, 21:05

    Сосын ана фотоларды «ұрлау» керектігі туралы ұмытып кеттің. )) Өте маңызды момент. Кезінде жазған жазбаларына көбі қарамайды, ал жаңа кірген біреу настроениесі түсіп кетеді.

    • Мамыр 24, 2009, 13:17

      рахмет, өзгертемін. Ал «ұрлау» жайында бибиси жазбайды, мен де үндеймей қалдым 😉
      Блогында суреттерді күтеміз.

  4. Мамыр 24, 2009, 11:05

    Суреттерді Фликрден қайтажариялауға рұқсаты барларынан іздеймін. Сосын сайттардан алып жатсам, жазып қоюға тырысамын. gettyimages те жақсы ресурс. Пикассода бірте-бірте өз қорымды да жасап жатырмын.

  5. Мамыр 24, 2009, 11:09

    Айтпақшы, moblog.kz туралы ұмытыппын ғой. Ол жерден де сурет алса, бірден қай жерден алынғаны көрініп тұратыны жақсы. 🙂

    • Мамыр 24, 2009, 13:13

      иә, Моблог та фото жақсы ресурс болатын болды 😉

  6. Мамыр 24, 2009, 13:32

    Шынымен де, сурет көп ретте постты «сөйлетіп» тұрғаны — оқырманды тартудың тиімді тәсілі.
    Ал «сайттағы үлкен форматтағы фотоларды көп қолданбаған дұрыс» дегенің мен үшін үлкен ақпарат болды, Алдағы уақытта ескеріп жүретін болдым.
    Ресурсқа келетін болсам, мен де көбіне «гуглить» ететіндердің қатарынанмын 🙂 сосын бұрыннан жинақталған суреттер бар біраз компта, соны пайдаланам.

  7. Bauyrzhan
    Мамыр 25, 2009, 10:00

    Алайда, оның өлшемі жайында ұмытпаңыз.

    Мүмкін бұл жерде ұзыны – ені айтылған болар, менің тағы бір қосатыным суреттің размері (kb-mb) мысалы 11-12 Kb болатын мақалаға 1Mb сурет салып қойса дұрыс емес, вебке шығарылатын суреттің размері неғұрлым аз болғаны дұрыс. Сонда сайт, блог браузерге тез жүктеледі. Суреттің размерін өзгертудің бір әдісі: JPG форматтағы суретті «Paint» – те ашамыз да Файл > Сохранить – ті басамыз, сонда суреттің размері әжептеуір азайып қалады 🙂 размерге суреттің өлшемі де әсер етеді, вебке шығаратын сурет 640х480 болса жетіп жатыр оны «Диспетчер рисунков Microsoft Office» арқылы реттеуге болады.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: