Негізгі бет > қазақ басылымдарының тарихы т > Қазақ мерзімді баспасөзі (4)

Қазақ мерзімді баспасөзі (4)

«Колхоз екпіндісі»

Кеңес үкіметі орнаған алғашқы кезде бұрынғы Ақмола атымен құрылған облыс, округ, губерния орталығы біресе Омбыда, біресе, Қызылжарда, біресе Қарағандыда болып орнықпай жүрген кезеңде бұл өңірде «Тіршіліктен» кейін қазақша газет шығару 1928 жылға дейін тоқтатылып қалғаны байқалады. 1928 жылдың  17 қаңтарында Ақмола губерниясы таратылып, Ақмола округі құрылады. Содан сол жылдың 21-ші қыркүйегінде «Жаңа арқа» және «Новая степь» атты округтік газеттер шығаруға шешім қабылданады.

«Міне тарих, міне айғақ, ел тарихы тым айғақ» дегендей, «Тіршілік» газетін шығаруда қолданылған араб алфавиті оқуға көп қиындық келтірілгендіктен, ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов жасаған араб емлесіне біраз түзетулер енгізіліп, «төте жазу» «Жаңа арқа» газетінің алғашқы нөмірлерінде қолданылады. Бұл кезде үкімет қаулысымен латын әріпін пайдалану ұсынылып, бірақ оны оқуға жұртшылық дайын болмағандықтан екі алфавит қатар қолданыста болған.

Губерниялық комитетінің ұйғарымы бойынша «Жаңа арқа» газетінің редакторы болып Әбдірахман Айсарин, орынбасары- Ғалым Малдыбаев тағайындалды. Содан Қарағанды облысы ашылып, оған Ақмола губерниясы аудан ретінде қараған уақытқа дейін «Жаңа арқа» газетінің 104 саны жарық көріпті.

1932 жылдың 2 желтоқсанында «Жаңа арқа» «Колхоз екпіндісі» деп өзгеріп, Ақмола ауданының үні ретінде тіршілігін одан әрі жалғастырады. Бұл кезде газеттің таралымы 1000 данадан асып жығылған.

14

1939 жылдың қараша айына дейін шығып тұрған «Колхоз екпіндісінде» М.Мейрамов, Қ.Сүлейменов, З.Темірбеков, А.Жанкин сынды қазақ баспасөзінің сол кездегі біліктілері редактор болыпты. Көп уақыт осы гаезтте Әмина Сақтағанова редактордың орынбасары қызметін атқарған.
«Колхоз екпіндісі» шағын екі бет болып аптасына үш рет шығып тұрған. Басылымда Ақмола аймағының мәдени-тұрмыстық өмірі, колхозшылардың еңбек тынысы жан-жақты қамтылған. Сол сияқты Ақмола өнірінің белгілі адамдары туралы қоғам қайраткерлері мен жазушылары жайында жиі-жиі мақалалар жарық көрген. Газет таралымы 1937-1938 жылдарда 2000 данадан асқан.

1939 жылдың 14 қазанында 17 ауданның басын біріктіріп Ақмола өз алдына облыс болып отау тігеді. Он жылдан астам уақыт бойы жарық көріп келген «Колхоз екпіндісі» енді облыстық газет болып қайта құрылады. Сөйтіп, 1939 жылдың 29 қарашасында Ақмола облыстық «Сталин туы» газетінің алғашқы саны жарық көреді. Ол 1941 жылдың маусым айына дейін латын әріпімен басылады. Облыстық газеттің алғашқы редакторы қазақ журналистикасының сол кезеңдегі тұңғыш мамандарының бірі – Әбу Айзахметов еді.

Advertisements
  1. Мамыр 17, 2009, 14:44

    Латын әліпбиі бұрынырақта да қолданыста болған екен. Мен үшін жаңалық болды бұл.

    Осы газеттер Сталиндік репрессия кезінде өкіметтің срйылын соққан ба? Ол кездердегі Алаш Ордалықтардың шығармалары мен газеттеріне тиым салынған еді ғой.

  2. Мамыр 17, 2009, 15:05

    осы уақыт аралығында латын әрпін қолданған, әжемнің құжаттары латын әрпінде болды, мысалы.
    үкіметтің басылымдары әрдайым биліктің сойылын соққан, әрине. Келесі жазбаларда Сталин туы мен Есіл правдасы, Комунизм нұры сияқты газеттер туралы жазамын.

    • Мамыр 17, 2009, 15:30

      Асыға күтемін. 🙂

      • Мамыр 17, 2009, 15:33

        рахмет, сіз сияқты блогшы-оқырман барда жаза береміз, жаза береміз 🙂

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: