Негізгі бет > медиа, статистика, әлеумет > Сіз үнхабар(подкаст) тыңдайсыз ба?

Сіз үнхабар(подкаст) тыңдайсыз ба?

nodcastМүмкін біреулеріңіз қазақша үнхабар жоқ дейсіздер, мүмкін қызықпайсыз, бірақ дәл қазіргі уақытта олар Қазнетте дамып жатыр, өзіміздің подкаст терминалымыз да бар. Бүгінгі үнхабарлар тақырыбы – көбінесе ИТ саласында. Мысалы, алғашқылардың бірі, бұрын блогымда айтып өткен AWARD.kz 2008 жүлдесінің жеңімпазы — «PodKAZt» Қазақстандағы Интернет жайындағы үнхабар. Сонымен қатар, seo, мәдениет, ИТ, кино тақырыптары мен биыл пайда болған қазақ тіліндегі  студенттік тақырыпты қамтитын үнхабар — «Самғар ұсыныс». Осы үнхабарлардың бәрін ПодКАЗт терминалында тыңдай аласыздар.

Yvysion.kz – та «танымалдылығы жоқ емес» бір қолданушы өзінің «Алғашкаст» па, әлде «Молдакастын» шығарып, өз-өзін Әлемнің алғаш қазақ тілінде подкаст шығарушы деп жария еткен. Негізінде, бірінші қазақ тілді үнхабардың авторлары Асхат аға, ал кейін Қуаныш екенін бұл мырза білмеген/естімеген, ал хабардар болған соң, бұл «жаңалыққа» мән бермеген. Бірақ әңгіме бұл жайында емес.

eMarketer зерттеу компаниясы американдық үнхабарлар нарығын қарастырып, айына бір рет болса да үнхабарларды жүктеп алатындар 2008 ж. – 2013 жылға дейін екі есе ұлғаятынын айтқан. Ал Pew Internet & American Life Project ұйымының зерттеуі бойынша, 2008 жылдың шілде айында американдық интернет-қолданушылардың 18% үнхабарларды жүктеп алды.

podcastОңтүстік Колифорния Университетіндегі USC Annenberg Strategic Public Relations Center ірі зерттеу орталығы барлық медианың ішінен(тек қана интернет-БАҚ емес) подкастинг соңғылардың алдында тұрғанын мәлімдеді. Интернет-қолданушылардың арасынан 7% адамда сұранысқа ие. 6% — мобильді медиада. Pew Internet зерттеуі боынша, 2006 жылы ай сайын 7% интернет-қолданушы үнхабарды жүктесе, 2008 жылы — 19% болып өсті.

Arbitron and Edison Media Research зерттеуі бойынша, 2008 жылдың қаңтарында 12 жастағы американдықтардың 37% подкастинг жайында естіген, 18% бір рет болса да тыңдады және 9% кемінде айына 1 рет оларды тыңдайды.

Universal McCann компанияның глобальді зерттеулері әлемнің үнхабар тыңдаушыларын санап, Қытай— үнхабар тыңдармандар саны ең көп мемлекет екенін анықтады. Былтыр Қытайда үнхабарларды 74% респондент тыңдаған екен. Екінші орында Филиппины — 61%, содан кейін Ресей (58%), Испания, Оңт. Корея т.б. АҚШ бұл тізімде(әрине, тізімге барлық мемлекеттер алынбаған) соңғы орында.

Үнхабаршылардың белсенділері — 18—29  жаста. Статистика мына жерден алыған.

Advertisements
  1. Мамыр 7, 2009, 21:57

    Ärbir blogshynyn kolynan kele bermese kere ia? Sebebi,jazu men soileudin auyla eki bolek sekildi.

  2. Мамыр 7, 2009, 22:01

    Әрине, бұл журналистикадағы газет, тв және радио жур-сы секілді ғой. Біреуі жазу арқылы өз ойын білдіре алса, екіншісі микрофон арқылы.
    Негізі, әркім өзіңе ыңғайлысын табады д.о.

  3. balgyrgan
    Мамыр 8, 2009, 06:00

    білмейм… жаздың ба соны микрофон алдында дауыстап оқы… алдында, Богус пен Асет айтқандай, подказтта өз дауысыңды «өңдеуге» (құлақтың «барабанын» тесіп кетпейтіндей етіп) болады… сондықтан, Аңсар, сотканың диктафонына жазып блогқа жарияласаң тамаша болар еді 🙂 Дауысыңды естіп қалатын 🙂

    Өзім жаңарған подказтты тосып жүрмін 🙂 Богустың айтуы бойынша, шілде айында подказттың өзінде мақала «айтуға» мүмкіндік туады 🙂

    • Мамыр 8, 2009, 09:36

      үнхабар жазғанда тақырыпты таңдап, шоуноталарды жазады, яғни негізгі тақырыпты тақырыпшаларға бөліп, дайындық жасайды. Ал негізі, қағаздан бүкіл үнхабарды оқымайды. Әйтпесе ол тыңдарманға сезіледі де, жалықтырып жіберуі мүмкін.
      Салтанат, сен аудиопікірлерді айтқан шығарсын. Иә, өңдеуге де болады, өзің подкаст жазуға қалайсын? 🙂

      • balgyrgan
        Мамыр 12, 2009, 06:51

        мүмкін, аудиопікір деген не?
        подкаст жазуға болатын сияқты :)) көрерміз 🙂 батылдығым жетіп жатса, жазармын…

  4. Мамыр 8, 2009, 07:55

    Көбіне ағылшынтілді үнхабарларды жүктеп алып тыңдап отырамын. Қазақтілінде Нұрғисаның үнхабарларына жоғары баға берер едім 🙂

  5. Мамыр 8, 2009, 18:59

    Мен де әзірге тыңдаушы ғанамын. Нұрғисаның үнхабарларын тыңдап тұрамын.

  6. Мамыр 8, 2009, 20:03

    balgyrgan, men dausymdy jaria etip adamdardy korkytkym kelmeidi 🙂 Odan kala berdi,kazakhsha söileuge azdap shorkaktaumyn.

    • Мамыр 8, 2009, 22:07

      ал мен сенбеймін бұған 😉

    • balgyrgan
      Мамыр 12, 2009, 06:49

      🙂 Аңсар, даусыңыздан ұяласыз ба?! байқап көрсеңізші 🙂 блогыңыз бар, фотоблогыңыз тағы бар, енді аудиоблог ашып қарық қылмайсыз ба елді 🙂

      • Мамыр 12, 2009, 07:20

        Ansar мен balgyrgan үнхабарларын күтеміз!!!

      • Мамыр 12, 2009, 12:19

        Ұялатындай дауысым да жоқ қой.:) Мен өз дауысынан өзім қашып кететін секілдімін 🙂

        Ұсынысыңыз керемет! Бірақ, …. болмайды екен.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: