Негізгі бет > блогинг > Жаңа идеялардың 15 қайнар көзі

Жаңа идеялардың 15 қайнар көзі

561453_3

Егер адам шығармашылықпен тікелей байланысты болса (осы орайда, жазушылар, ақындар жайында айтқым келеді), ерте ме кеш шығармашылық дағдарысқа ұшырасады. Ал блогшылар/копирайтерлер ше? Идея немесе шабыт жоқ, не жазарымды білмеймін, жаңа тақырып таба алмадым, – деген сияқты сөздер сізге бөтен болмаса, осы жазбаны әрі қарай оқуға шақырамын.

Dumblittleman сайтында “15 Ways To Break Writer’s Block ” осындай бірнеше кеңес бар:

Сіздің компьютеріңіз

Иә, дәл солай. Компьютеріңіз сіздің оффлайнға шығуыңызды күтуде. Онда неше түрлі  идеяға итермелейтін материалдар бар.

Bookmarks (орысшасы закладки, ал қазақшасын білесіз бе?)

Сізді қызықтырған сайттар, материалдар жоғалып кетпес үшін, оларды сақтайсыз. Осылайша ұзыннан ұзақ ерекшелеп қойған сайтардың тізімі жиналады. Бірақ оларға екінші рет кіретініңіз екі талай. Осылайша, жаңа идеяларыңыз болмаса, браузердегі bookmarks-ты (аудармасын тағы сұраймын) қарап шығыңыз.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ

Сіз интернетте ақпаратты іздейсіз, қазбалап, суырып алуды жақсы көретін болсаңыз, бұрын тауып алған материалды қайта тексеріп шығуға уақыт келді. Материалға үңіліп қараңыз, шын мәнісінде, тереңдеп қарайтын болсаңыз, онда «пайдалы қазбаларды» тауып алуға болады.

RSS оқырмандары

Google оқырманы шабыт қайнар көзіне айналуы мүмкін. RSS – ке жазылып, біраз ақпаратқа ие болуға асығыңыз.

Газет – журналдар

Күнделікті газеттер мен журналдар – идеялардың сарқылмайтын қайнар көзі. Компьютерсіз-ақ ақпарат тауып алуға көріңізші..

Пікірлер

Оқырман пікірлері – шабыттың тағы бір қайнар көзі болуы әбден мүмкін. Кейбір оқырмандар пікірге блогыңыз үшін жаңа идея тастап кеткен де шығар…

Flickr және YouTube

Flickr, YouTube және бақа да сайттар әртүрлі суреттер мен видеоларға бай, олар да жаңа идеяға итермелейді. Кейбір видеороликтар мен суреттер жұмыстағы жаңа материалға шабыттандыруы мүмкін

Кітаптар

Бұл идея үшін ең жеңіл тәсіл. Кітап сөресін шаңнан сүртіп, оқи бастаңыз

Чат және Twitter

Диалог/әңгімелесу – идеяларды әкеледі. Мүмкін, достарыңызбен әңгімелескен кезде олардан кеңес сұрап көрсеңіз? Ақпаратпен алмасудың ең ыңғайлы түрі: чат, Twitter, телефон.

Ескі электронды хаттар

Gmail бізге біраз ақпарат сақтауға мүмкіндік беретіндіктен, ескі хаттарды өшірмейтін шығарсыз. Баяғыда келген хаттарды оқып шығыңыз, ол дәстүрлі емес ақпарат қайнар көзіне айналып, шығармашылық дағдарыс кезінде көмекке келуі мүмкін.

Телевидение

Әлемтор өміріңізге келгеннен кейін, бұрынғы досыңыз – телевидениены ұмытып кеткенге ұқсайсыз. Бірақ бұл да материалдардың зор ресурсы. Сондағы бейне әріқарай материалыңыз ретінде жалғасын тауып алуы ықтимал.

Форумдар

Форумдағы пікірлесулерге қатысыңыз, әсіресе олар қызметіңізбен тікелей байланысты болса. Бұл да идеяларды әкелетін орынға айналуы мүмкін.

Үнхабарлар

Үнхабар тыңдаңыздар. Жұмыстан шаршап, ойлануға мұршаңыз келмесе, үнхабар жаңа идея әкелуі мүмкін.

Қоршаған орта

Қоршаған орта да шабыт сыйлауы мүмкін. Жұмыс үстеліңізді тазалап, бөлмені реттеңіз. Осыны істеп жатқанда да, идея келуі мүмкін.

Миға шабуыл және ойлардың картографиясы

Ұйымдасып, «миға шабуыл»(brain storm) немесе ойлардың картографиясын жасап, жаңа идеяларды тудыра аласыз. Бұрын өзіңіз жазған жазбаларды қарап шығыңыз. Оларды басқа біреумен талқылаңыз, мүмкін жаңа көзқарасқа тап боласыз.

Advertisements
  1. balgyrgan
    Мамыр 5, 2009, 04:43

    Әлия, жақсы материал 🙂 Маған өте ұнады 🙂

    тек, «Сіздің компьютеріңіз» дегенді түсініңкіремедім… Компты «ақтару» деген мағынада ма 🙂

  2. Мамыр 5, 2009, 08:59

    Рахмет, Салтанат. иә, мысалы, мен компта кейбір материалды сақтап қоям да, оларды көбінде ұмытып кетем)

  3. akzere
    Мамыр 6, 2009, 04:29

    Мен де кейде жазарға ештеме таппағанда комты ақтарып, бірдеме тауып аламын.
    Бірақ негізі өз ойларыңды жазған жақсы ғой…

  4. Мамыр 6, 2009, 05:11

    иә, бірақ өз ойын жазу үшін, кейде басқа ақпараттың әсері қажет болады)

  5. Bakytnur
    Мамыр 6, 2009, 12:20

    Best post Aliya!
    Aitpakshy keshe arsenal jenilip kalip kishkene disappointed boldi-au deimin.

    Jalpi Man U songy kezde tipten jaksaryp aldy. Koreiler dabyl kagyp jur, Park Ji-Sung gol atty dep..

    • Мамыр 6, 2009, 12:26

      рахмет.
      енді солай болып қалды, челси не барса МЮді жазалауы тиіс)))

  6. Мамыр 6, 2009, 13:36

    Chelsea jenui kerek! Sosin Manumen oinaui kerek bolip tur., Mumkin biltirgi jibergen esesin kaitaryp alar..

  7. Мамыр 6, 2009, 14:33

    Ия, шынымен де 15-і де қайнар көз болуға лайық.
    Кейде қызық мәліметті көріп қалсам, компқа сақтап қоямын да, файлдың аты есімде қалмай, біраз әуреге түсем 🙂 Маған жақынырағы — 14 пункт.
    «Челси»— алға! )))

  8. Мамыр 6, 2009, 15:26

    аха, тағы кім не айтар ЛЧ жайында? 😉 челси -2 адам, барса-1 адам))))

  9. akzere
    Мамыр 7, 2009, 05:28

    Маған Реал-Мадрид ұнайды… Бірақ олар ұшып кетті баяғыда… Ұшып кетсе де маған реал ұнай береді… ))

    • Мамыр 7, 2009, 08:43

      білетін боламыз енді, Зере.
      Барса алға, манчестер артқа :)))

      • Мамыр 7, 2009, 12:18

        BarcA refereegee kansha toledi eken????

  10. Мамыр 7, 2009, 08:55

    Ote paidaly jazba!
    Bookmark, Twitter sosyn songy 2-iu gana parctikamda bolmapty 🙂

  11. Мамыр 7, 2009, 14:18

    Бақытнұр, ондай мәселелермен қызықпаймын, орыстар айтпақшы, жеңімпазды соттамайды 😉
    Асхат аға, рахмет!

  1. Мамыр 6, 2009, 09:15

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: