Негізгі бет > блогер, блогинг, медиа, әлеумет > Біз қайдамыз, олар қайда?

Біз қайдамыз, олар қайда?

71832

Қазақстан Бүгін: 13:04 29.04.2009

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Республикада интернет-технологияларды дамытудың қазіргі деңгейіне заңнаманы сәйкес келтіру мақсатында заң жобасында негізгі ұғымдарды анықтайтын ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді берудің үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін ережелерді және қолданыстағы заңнамада бекітіп беру ұсынылады. Мысалы, қолданыстағы «веб-сайт» ұғымы порталдар, форумдар, блогтар, интернет – теледидар және басқа технологиялар көмегімен интернет желісінде ақпаратты орналастыруды қамтымайды. Сондықтан осы заң жобасында кең ауқымды «веб-сайт» ұғымын «интернет-ресурс» ұғымына ауыстыру көзделген.

Осы іс-шараларды іске асыру мақсаттарында сотқа міндетті түрде талапты енгізумен, прокурорға мүмкіндік беретін (бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін) ақпараттың жариялануын тоқтату туралы қаулының нормасын «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы заңына енгізу ұсынылған.

Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан сайттарға қатысты істерді қарау іс-жүргізудің талабының тәртібінде жүзеге асырылатын болады.

Толығымен мына жерде

Заң күшке енетін болса, Қазақстан территориясында әр блог/сайт БАҚ болып саналады (ал әр блогшы – журналист?),  веб-ресурстар тіркелуден өтуге тиісті, ал еліміздің соты шетелдік веб-сайттарға кіру жолдарын жауып тастауға құқылы болады. KZ зонасындағы веб-жобалар күрт азайып, нарықта Қазнеттің бәсекелестігі аңызға айналмақ.

Жоғарыдағылар «қажетсіз» сайт пен блогтарға бан қойып, әуреленбейді, енді бәрі ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ болмақ! Осыған қарап, Біз (блогшы/юзер/ азаматтар/ журналистер) және Олардың арасында қаншалықты алшақтық бар екеніне көзіміз жетті. Бұл алшақтық барда ешкім де ұтпайтыны анық!

Қазнеттің белсенді қолданушыларын өздерінің бұл заңға қарсы екенін көрсету үшін 13 мамыр 2009 ж сағат 15 пен 16 аралығында ( Астана уақыты) Қазақстанның интернет кеңістігіне шықпауға шақырады. «Бұл рәсім арқылы Заң қабылдана қалған жағдайда Қазнеттің қандай күйге түсетінін көрсеткіміз келеді» дейді.

P.S. суретте соқыр Фемида

Advertisements
  1. Сәуір 29, 2009, 16:22

    Қазақ тілді қолданушылардың үйіне әлі интернет дұрыс жеткен де жоқ. Олардың не жазығы бар еді… Бәрін құрсаулап. Бүйте беретін болса, әлемнің ең дамымыған елу елінің тізіміне енетін шығармыз.

  2. dnatic
    Сәуір 29, 2009, 16:30

    13.05.2009
    мен оффлайн боламын !!!!!!

  3. Сәуір 30, 2009, 02:55

    +1

  4. balgyrgan
    Сәуір 30, 2009, 03:48

    13 мамыр? Сәрсенбі?… Ұмытып кетпейін… мен де оффлайн болмақпын…

  5. Bauyrzhan
    Сәуір 30, 2009, 06:00

    Осы заң шыға сала блогтар жабылады деп ойламаймын, қандай заң шығарса да оның әмірі KZ зонасына жүретін болар. Бар болғаны жұрт KZ зонасын тастап кетеді. Мен .com да не .de зонасында бір блог аштым делік кім дәлелдей алады менің Қазақстан азаматы екенімді, қазақша жазғаным ба? блогтың бір бұрышына «мен Америкадағы қазақпын» деп жаза салам. Менің азаматтағымды анықтап, аңдып отыратын өкіметте адам бар деп ойламаймын (егер анық ізіме түссе әрине анықтауға болдаы). Бұл заң саяси блог, сайттарды қадағалау үшін шығып жатқан сияқты, ал қазіргі бар қазақ блогтарда өкіметтің шаруасы шамалы, осы жағдай қазақтың – екі ортада шыбын өледісіне ғана келеді.

  6. Bauyrzhan
    Сәуір 30, 2009, 06:10

    Қобызы алып домбыра етіп тартпақ болған бір қазақ «Мен не деймiн, домбырам не дейдi» – депті. Тақырыпты осылай деп атаса да жарасады екен ))

  7. Сәуір 30, 2009, 07:34

    Салтанат, еске сала кетем)), Бауыржан, пікіріңізге рахмет.

  8. Сәуір 30, 2009, 10:39

    Бәріміз блогтарымызда аман болсын деп тілейік. Енді осындай тілекті бұрын 10 айтсаңыздар енді 100 рет айтып жүріңіздер 🙂

  9. Сәуір 30, 2009, 23:29

    Deputattardyn basym böligi ozderinin parlamat müshelerine arnalgan betterine kirmeidi de. Olardyn murnyna internettin iisi de barmaidy. Ol shyndyk! Olai bolsa, olardyn jai aueskoi internet janashyrlarynyn jagdaiy birden alandata koimas. Sol sebepti de,ogan karsy is-sharalar uiymdastyrgan jön.

  10. Мамыр 1, 2009, 08:07

    Kyskasy: ilgeri baskannyn iti ottaidy, keri baskanyn…. degen siakty

  1. Мамыр 3, 2009, 04:37
  2. Мамыр 13, 2009, 13:47
  3. Мамыр 13, 2009, 13:48
  4. Мамыр 13, 2009, 13:48

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: