Негізгі бет > медиа > Бұл ерекше Barcamp еді (2)

Бұл ерекше Barcamp еді (2)

Баркемп туралы жалғастыратын болсам, …
…журналист, әрі блогшы Әділ Нұрмақов Moblog.kz атты мобильді веблог жайында, оның функциялары мен қолдануы туралы айтып берді. Ресейде осындай моблогтар екеу болса, бізде енді ғана пайда болды. Интернет пен заң тақырыбында қарағандылық студент Шыңғыс Крайбеков BitTorrent-трекерлердің құқықтық реттеу мәселесін, оның ішінде авторлық құқықтар жайында сөз қозғады. Қызмет көрсету сайттарының ішінде астаналық студент Дармен Аманбаев Apartamenty.kz – пен таныстырды және үшінші күні өткен стартаптар сайысында бұл сайт бірнеше рет жүлдегер атанды. Стартаптар ішінде тағы бір қызық жоба – электрондық кітапхана Wormie.kz. Оны Ақтөбелік White Hill дизайн-студияcы жасап жатыр және дәл қазір елімізде оған ұқсас бірде-бір ресурс жоқтың қасы. Осыдан, бұл жобаның болашағы зор деп болжауға болады. Электрондық кітаптарға арналған осы сервис те BarCamp Ideas Market-тің жүлдегері атанды. Фотохостингке байланысты екі ресурс Pics.kz пен Canvas.kz (әлеуметтік фото-сервис) – ті астаналық Алексей Чубыкин мен Рустем Мұсабеков таныстырды. Ал подкастингке арналған қазақстандық терминал PodKAZt.kz – тің презентациясы подкастерлер павлодарлық Иван Богураев пен алматылық Әсет Нұрпейісовпен өткізілді. Терминалмен таныстыру барысында подкастинг деген не және қазақстандық подкастингтің дамуы жайында айтылып өтті. Сонымен қатар, Қазнет қолданушыларына танымал блог тұғырнама, әрі әлеуметтік желі функцияларын бірдей атқарып жүрген Yvision.kz пен видео сервис Kiwi.kz қызметі алдағы жоспарларымен бөлісіп, қолданушылардың сұрақтарына жауап берді.
Тағы мынадай стартаптар таныстырылды:
http://kazpartner.kz/ – франчайзингке арналған платформа.
http://www.kundelik.kz/ – оқушылардың ата-анасына арналған электронды күнделік.
uchi.kz және referaty.kz – білім беру.
http://www.artmachine.kz – өнер/шығармашылық/арт.
http://autoatlas.kz/ – Қазақстан жолдар атласы.
bbkz.kz – Beauty Business Kazakhstan – сәнқой ханымдарға арналған.
http://infox.kz/ – Молдатаев мырза ұсынады 🙂
inkar.info – Интернет-радио(көпшілікке таныс).
listen.kz – мобильді телефоннан сервирге ақпаратты сақтау.
startup.kz – инвесторларды іздеп жүрген стартаптар сайты.
«Xtime» – студенттермен интернетте жарияланатын қызықты тв бағдарлама(оны yvision және kiwi-ден тауып алуға болады).
KomekteZ.kz – қолдау/көмекке арналған әлеуметтік желі.
4d0b1d0bbd0bed0b3
4d0b1d0bbd0bed0b32
4d0b1d0bbd0bed0b331
фотолардың авторы Сергей Сабанов
Шет елден келген қатысушылар, әрі тәжірибесі бар баркемперлер шараға жоғары баға берді және барлығы дерлік Баркемптің ұйымдастырушылары Елена Жетпісбаева мен Инесса Шлапакқа алғыстарын айтудан жалықпады.

енді ресми емес мәліметтерден 🙂
Соңғы күні Салтанат пен Айкомен кездестім. Айко жалғыз емес, Сәкінімен келді. Көшеде Айконы бірден танып қойдым, Сәкінді де 🙂 «Қазақстан» қонақүйінің жанындағы паркте біраз қыдырып, әңгімелесіп қайттық.
p1070032
p1070046
фото Салтанаттікі

Advertisements
  1. Bakytnur
    Сәуір 24, 2009, 08:51

    Songy suret ote kishkentai eken 🙂

  2. Сәуір 24, 2009, 11:44

    ух ты, Сәкен деген батыр осы ма?! Қалай өсіп кеткен? Соңғы рет Айконың блогынан көргенмін. Содан бері көріп тұрғаным осы. Үлкен азамат болып өссін! Негізі бұл Баркэмпті Ювижн өзіне жақсы пайдаланған тәрізді.

    • Сәуір 24, 2009, 13:23

      Ювижнықтардың кездесуі болып өтті(ресми емес түрде) + каз-твиттердің жиналуы 🙂 барлығы да жас, талантты, талапты азаматтар!
      Сәкін тәтті бала! тфә-тфә, көз тимесін 🙂

  3. Сәуір 24, 2009, 14:36

    Сәкін-Японьі ғой Айконың ия 🙂 Азамат боп өссін!

  4. dnatic
    Сәуір 25, 2009, 13:11

    Жарайсын 🙂

    ал саған осылардың ішінен қай сайт ұнады?

    • Сәуір 25, 2009, 14:49

      жаңалардан Wormie.kz және әлеуметтік фотохостинг қажет д.о.

      • dnatic
        Сәуір 26, 2009, 15:47

        wormie.kz жұмыс істемей жатыр ғой

  5. Rauan
    Сәуір 25, 2009, 18:26

    Ого, сен Баркемп эпопеясын томдап жазуға кеткен сияқтысың ғой? ))

  6. Сәуір 26, 2009, 15:50

    @dnatic кіріп, оқысайшы. жұмысын бастағанда, маған хат келуі тиіс. сонда көреміз.

  7. akzere
    Сәуір 27, 2009, 04:13

    Айко, Сакін саған ұқсап келе жатқан сияқты 🙂

  8. Айко
    Сәуір 27, 2009, 04:21

    Достар тілектеріңізге рахмет көп-көп.
    Рахмет Ақзере жан. ешкім ешқашан айтпап еді, маған ұқсаған деп. қатты толқып кеттім ғо тегі… Өзіне салсаң, паптың животигінен топ етіп түсе қаптым дейд 🙂

  9. balgyrgan
    Сәуір 28, 2009, 11:01

    жексенбі күнгі – ноу коментс…

  1. Сәуір 3, 2010, 19:29

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: