Негізгі бет > блогер, блогинг, медиа > Бұл ерекше Barcamp еді (1)

Бұл ерекше Barcamp еді (1)

Жарты жылдай осы шараны күткен едім, ақыры қатыстым. Бұл жазбаны ресми түрде жазғым келмейді, себебі бұл мүмкін емес. Мен үшін осы баркемп ерекше өтті және оның дәл 2009 жылы өтуі өте дұрыс деп ойлаймын. Себеп? Биыл еліміздің Интернет қолданушылары сан жағынан өссе, Қазнеттің өзі сапа жағынан өсті. Жаңа сайттар, блогтар, сервистер көбейді. Barcamp CA 2009 арқылы көзбе-көз Қазнеттің проблемалары, жаңа идеялар талқыланып, жас стартаптарға демеушілік көрсету мүмкіндігі туды.

17 сәуір күні шараға келген қатысушылар тіркелуден өтіп, бір-бірімен танысып, білісті. Қазнеттің блогшылары, twitter мен yvision.kz – тің қолданушылары және Өзбекістан, Қырғызстан, Латвия, Украина, Беларусь т.б. елдерден келген баркемперлер КИМЭПте жиналды. Көбіміз бұрыннан танитын, бірақ өмірде кездеспеген адамдармен танысуға асықтық. Өз басым Твиттер және yvision-дағы таныстарыммен танысып(кейбіреулеріміз ник пен аватар арқылы бір-бірімізді танысақ, көбіміз фотодағы түрімізден танып қойдық; әйтеуір ол да бір қызық еді), бұрыннан танитын Лена мен Инесса (Баркемпті ұйымдастырған қыздар), Adam Kesher, Сардор (Ташкент), Бектұр мен Сымбатпен (Бішкек) кездестім.

18 сәуір күні презентациялар күні болды. Мен және алматылық Елдар микроблогингке байланысты презентация жасауға дайындалған едік. Қабырғаға ілінген кестеге өзіміздің презентациямыздың уақытын жазып қойдық. Бір кезде алдымнан Қуаныш шыға келді, қарасам қасында Ақзере, Салтанат пен Айкона тұр. Барлығымен танысып, әңгімелесіп, суретке түскен едік. Біраздан соң Нұргелді (оны көрмегелі қай заман) Қостанайдан ұшып келді. Бірнеше презентацияға қатыстық, өкінішке орай барлығына қатыса алмадық. Моблог, Yvision, PodKAZt, Opera mini-ді көріп қайттық.

Ақзере, Айконаның бір жұмыстары болып қалғасын, Салтанат екеуміз қалдық. Операның презентациясында Салтанат кімді көріп қалды деп ойлайсыз? Жанарбек аға да КИМЭПтің ішінде жүр екен. Оны көріп, амандасып, біраз сөйлестік.
s6301880

Сол күні Қазақ блогшыларымен кездескеніме қатты қуанған едім. Қыздар блогтары сияқты әдемі, салмақты, ақылды!
Келгендеріне және презентацияма қатысқандарына көп рахмет!

img_2101_resize
img_4906

s6301858

s6301860
s6301877

Жалғасы бар. Келесі жазбада 19 сәуір немесе Idea markets/Startap competition мен Айконың Сәкіні жайында оқи аласыздар

Advertisements
  1. Сәуір 21, 2009, 23:06

    дәл қазір суреттер дұрыстап қосылмай тұр, міндетті түрде толықтырамын!

  2. nazarda
    Сәуір 22, 2009, 01:05

    Әлия, ажарлысыз. Жалғасын күтейік.

  3. balgyrgan
    Сәуір 22, 2009, 04:11

    Алия, жалғасын күтемін 🙂 БарКэмпингтің қызығы осымен бітпес деген үміттемін…

  4. Сәуір 22, 2009, 07:16

    Біз де жалғасын күтушілердің қатарындамыз 🙂

  5. Сәуір 22, 2009, 07:42

    қыздар, көп рахмет 🙂

  6. Сәуір 22, 2009, 09:08

    Сенің блогыңа минут сайын өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тұрады екен:) Әлия, әдемі шыққан суреттер.
    Алматылық қыздар өткенде ботильонның маусымы бізде әлдеқашан өтіп кеткен деп жатыр еді….әлде, қателескен бе? 🙂

  7. Сәуір 22, 2009, 09:14

    Алматыда ол кезде суықтау болды, сондықтан да ол маусым жалғасуда ғой деймін.

  8. Сәуір 22, 2009, 09:17

    …ал бізде екі күн болды — әлі қар жауып тұр

  9. Сәуір 22, 2009, 09:19

    қиын екен, бізде ауа-райы жақсаруда

  10. Сәуір 22, 2009, 09:33

    Үшінші сурет ұрып тұр. Тура бір әдемі постерға сұранып тұрғандай 🙂 Айконы көрмей тұрмын ғой. Әлде ол суретке түсірді ме?
    Жанарек ағаның қатысқанын сенен алғаш біліп отырмын. Жалғасын күтеміз.

  11. Сәуір 22, 2009, 09:35

    Айкона Салтанаттың қасында тұрған қоңыр курткадағы қыз

  12. Сәуір 22, 2009, 09:35

    А, Айко дейсіз бе, ол келесі күні келді, келесі жазбада болады!

  13. balgyrgan
    Сәуір 22, 2009, 10:09

    🙂 блогтарыңызға көбірек өз фотоларыңызды жарияласаңыздар, көшеде Балғырған амандасып қалуы мүмкін 🙂 Алматыда боп жатсаңыздар дегенім ғой 🙂

    Ұзақ болса да жазайын 🙂
    Жәкеңді(шын, аға деуге аузым бармайды, құрдасым емес, я менен тым үлкен де емес) кездестіремін деп ойламаппын. Операның призентациясынан соң, Алияні бір жігіт интервью алуға ма бірдеңеге шақырып, мен басқа призентация көре тұрайын деп ағылшыншасына кірдім. Отырмын. Бір кезде Жәкең оң жақтағы қатардың соңғы партасына кеп отырды. Жалпы, сразу таныдым(фотода қандай, өмірдеде сондай). Бір кезде Алия іздеп телефон соғады. Призентациядан шығып кеттім де Алияға бардым. Солай да солай көрдім! Енді, Алия екеуміз кеп отырмыз(+менің құрбым), призентацияны Опера жайлы айтып американец жалғастырды. 180-мен ұшқанда (с)… ну дело не в этом… Призентацияның соңын тостық… БІТПЕЙДІ!!! Бір уақытта, тыңдаушылардың бірі американдықтың сөзі бөліп өзінің дайындаған тақырыбын басқа аудиторияда айтатынын айтты. Сол мезетте, бәрі шыға бастады. Алия, мен кестеден келесі барар призентацияның аудиториясын біле қояйық деп шығып қайта келсек, Жәкең уже жоқ… Ой ёлки, упустили… Алия солға, мен оңға іздеп … Ақыры, таптық 🙂 Қыздар бірнеше сағатқа қалғанда, я Жәкең ертерек келгенде ғой…

    Қазақтар, тағы бір айта кететін жағдай… Алияның дайындаған призентациясы толығымен қазақша болды және де ДАРА, яғни қазақ тілінде жалғыз-ақ призентация…

  14. Сәуір 22, 2009, 10:14

    Салтанат рахмет 🙂 дәл солай болды. Сен көріп қоймасан, мен байқамаушы едім

  15. Aiko
    Сәуір 22, 2009, 10:53

    Keremet jazba!
    kiziktar bol denizder 🙂

    hi*hi*hi sender apasno ekesinder 🙂 fotolar uj minda men maildan kutip otrm 😦

    Arsik senen uyt bold, maktagan kiz toida … degendei Sakin mundai emes edi, abden uyldim goi tura senen. endi 1 aiga dein oni esh jakka aparmaitin bolip jazaladim 🙂

  16. Сәуір 22, 2009, 11:34

    Айко, жоға, Сәкінді түсінем ғой. одан өткен балаларды көріп жүрміз 🙂

  17. Сәуір 22, 2009, 12:51

    Pai-pai, keremet koi!

  18. Bakytnur
    Сәуір 22, 2009, 19:43

    Tanityn adamdar goi bari!
    Ademi suretter eken, jalgasyn kutemiz!~

  19. Bakytnur
    Сәуір 22, 2009, 19:45

    5shi suretten, jigittin batyldygy men kyzdyn naziktigin koruge bolad eken

  20. Сәуір 22, 2009, 19:48

    өзі де солай, батыл да нәзік блогшылар 🙂

  21. Сәуір 23, 2009, 01:48

    Еее, сол екінші күні барып қайтқан едім. Баркамптің дәмі тартып. Үшінші күніде баруы жоспарлаған едік, бірақ белгілі бір себепттерден бара алмадым.

    Алия қарағым өнерің үстем болсын, барлықтарың (Қазақ блогшылары) батыр да нәзік болып жүре беріңдер!

    Бір өзі Қазақша ұсыным қойған Алияға алғыс!

    Асхат болса екінші Қазақ ұсыным болар ма еді деп ойладым, …содан бізде қосылармыз дегендей.

    Балғырған аға демесеңде ренжімеймін.

    • balgyrgan
      Сәуір 24, 2009, 09:53

      «содан бізде қосылармыз дегендей.» жақсы сөздер…

      жас көрінесіз дегенді дұрыс айтпадым ба… Ренжімесеңіз болды 🙂

  22. akzere
    Сәуір 23, 2009, 05:06

    Мен жоқ екенмін 🙂
    Әлия, сенімен танысқаныма мен де қуаныштымын.
    Пікірлеріңізге рахмет!
    Суреттерді мэйлде күтемін 😉 Алдын-ала рахмет!

  23. huanysh
    Сәуір 23, 2009, 10:08

    wow күшті суреттер ) Алия рахмет!

  24. dnatic
    Сәуір 25, 2009, 13:14

    nice!!! 😀 😀 😀

    керемет фотолар 🙂

  25. Бақытгүл
    Сәуір 30, 2009, 04:26

    Қазақ жастарының заман ағымымен ілесіп, жақсы идеялармен кездескендеріне қуаныштымын!

  1. Сәуір 22, 2009, 14:28

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: