Негізгі бет > қазақ басылымдарының тарихы т > Қазақ мерзімді баспасөзі (2)

Қазақ мерзімді баспасөзі (2)

«Тіршілік» газеті
ХХ ғасырдың басындағы қазақ басылымдарының төл басыларының бірі – «Тіршіліктен» бастау алған Ақмола облыстық «Арқа ажары газеті» 85 жылдан астам уақыттан бері ел өңірінің жаршысы, өңір тынысының айнасы болып келеді. Осы аумалы-төкпелі заман көшінде ол халықтың, бұқара көпшіліктің мұңы мен мүддесін қорғап, ой-тілегін айтудан айнымаған басылым.
Сонау ғасыр басында ақмола топырағында «Тіршілік» атты тұңғыш саны жарық көрген үнпарақ ол кезде бүкіл Сарыарқа даласының дабылшысы болса, бұл күнде егемендікті үндеген «Арқа ажары» болып ғасырмен жарыса бірге жасасып келеді.
Ғасырға пара-пар тарихи шежіресін аймағымыздың өлкетанушысы К. Әмірқызы өз еңбегінде : «Ақмола облысының селдіреп қалған байырғы тұрғындары бауыр басқан облыстық «Арқа ажары» газетінің ана тілімізден айырылып қала жаздаған жылдары оның бірден-бір тірегі болғаны әлі есімізде». Арқа өңірі ана тілімен бірге ұлттық әдет-ғұрыптан ада бола бастағанда халыққа тағы да жол көрсеткен осы басылым еді», – дейді. Дерек көздеріне сүйенсек, Ақмола ояз, губерния, округ, облыс, тың игеру өлкесі болып тұрған жылдарда аймақта қазақ тілінде екі-үш аудандық газеттер шығып тұрған. Бір кездері «Егіншілік» деп аталған Ерейментау ауданында 1935 жылдан ғана бастап «Прогресс» газеті, кейін 1962 жылы «Еңбек туы» болып өзгеріп басылатын болған. Келесі біреуі аз ғана уақыт Державин Баранкөл ауданы атанып тұрғанда Қазақстан коммунистік партиясы аудандық комитеті мен аудандық Кеңесінің «Социалистік құрылыс» атты газеті. Үшіншісі басқа ұлт өкілдері жоқ Қорғалжын ауданында 1934 жылдан бастап «Шамшырақ нұры», 1959 жылдан «Сталин туы» кейін 1962 жылға дейін «Лениндік жол» атауымен қазақ тілінде газет шығып тұрғаны белгілі. Осы басылымдардан басқа Ақмоланың жекелеген аудандарда тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары ғана ана тіліндегі басылымдар жұмыс істей бастаған.

Advertisements
  1. Bakytnur
    Наурыз 27, 2009, 14:19

    Baikap otirsam kop baspa shikkan eken goi erte kezde…

  2. Наурыз 27, 2009, 17:15

    ия, сол кезде газет үлкен рөл атқаратын. Ленин айтпақшы, үгітші, насихатшы 🙂

  3. Наурыз 28, 2009, 06:02

    BArlik gazetter Kommmunistik idealogiaga ugitteushi boldy ma eken?

    Takyryptan auitkizip ketein:
    Bugin bizde BIG match bolgali jatyr.
    Korea vs. Iraq

  4. Наурыз 28, 2009, 07:00

    иә, себебі коммунистік емес органдар шығаратын газеттерді жауып тастайтын, Сталин кезінде Мұстафа Шоқайдың Грузия, Францияға кетіп қалуы да содан болды(1920 жылдары). Сталин бұл орайда: Мен партияда жоқ интеллегенцияның қырғыз жастарын саяси, идеологиялық тәрбиелеумен айналысуына қарсымын,- деген.

    Кореяға жеңіс тілеймін 🙂

  5. Наурыз 28, 2009, 13:55

    Men IRAQty koldadym 🙂

  6. Наурыз 28, 2009, 14:02

    ааа, солай ма, онда Иракқа 🙂

  7. Наурыз 29, 2009, 01:38

    «Арқа ажары» деген қазір Көкшетау жақта шығатын бір басылым бар ғой деймін қателеспесем. Сосын Көкшетаудан қазір «Бұқпа» деген жақсы газет шығатын. Аймақтық басылымға негізі бәсекелесу қиын ғой. Оның үстіне «Бұқпа» орыстілді газеттер үстемдікке ие аймақта өмір сүруде. Өте жақсы басылым. «Бұқпаны» осы «Тіршіліктің» зады жалғасындай көремін.

  8. Наурыз 29, 2009, 12:45

    иә, Арқа ажары деген газет қазір де бар, бірақ көрген емеспін.

  9. akzere
    Сәуір 6, 2009, 08:20

    Қазір де көптеген газет-журналдар шығад, бірақ қара халыққа жетпейді көбі…

  10. aelaman
    Сәуір 6, 2009, 13:27

    айқай салып жоқтау айтып қазақ баспасөзін жоқтауға таяап жүрміз ағайын.біліңіздер,егер біз әрбір қадамымызда қазақ рухына қолдау жасай алмасақ баспасөзбен бірге өзіміз де жоғаламыз.Арқа ажарын қалың оқырман оқыса оқитын шығар,бірақ Ел басқарған шенді шала қазақтар үшін ол басылымды өсіру емес,оның қарсыласы Ресейлік басылымдардың қазақстанда Көп таралуы көбірек маңызды.Баспасөз айырықша күш,қару деседе болар.ал бүгін қазақ баспасөзін беттерінде империализм мен орыс рухына толып тұрған Ресей басылымдары тұншықтырып өлтіргелі жатыр.Ал біз қазақтар,қолымыздан түк те келмей қарап отырмыз.оған жұбаныш мынау:Назарбаев айтады:Қазақстан мен Ресей дос,екі елдегі мәдени байланысты арттыру керек дейді!не жыларыңды,не күлеріңді білмеисің!4 миллион қазақты ойланбастан жоқ қылған сол Ресей емеспе ал солар бүгін Қазақстанның досы бола қалыпты.Ал біздің ел басылары бізді сол Орыстарға ҚҰЛ болуға аянбай еңбектеніп жатыр.дұрысы Қазақстанда жаңа төңкеріс жасап кезінде коммунистік тәрбиемен қатар Орысты ұлықтауды үйренген,бүгін елді басқарып ойына не келсе соны заң қылып шығарып отырған ШАЛа тұқымдылардан,тексіздерден арылу керек!олар демократ болып ел басқара алмайды не елдің өзінде барын өзіне бұйыртпайды.журналист ретінде жақсы білесіз,елдегі жастар саяасаты мен жастар ұйымдарын қолдау жоқтың қасы.ал жастарға көзқарас одақ кезіндегі сарыннан әлі арылған жоқ.сізден өтініш, болып жатқан жаңалықтарды бәрі естиді,ал оның көлеңкесінде не барын ашып түсіну екінің бірінің қолынан келмеиді.ал журналист сол көлеңке мен жарықтың шындығын,ара жігін ажыратып жазушы.сіз де солай етіп көріңіз.өзімізде бар мен істеген мардымсыз ісімізді қарапайым халыққа даңғазалап жеткізгенше қарапайым шындықты айта алсақ сол азаматтық парызымыз орындалғаны.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: