Жасырын суицид

Өткен жылдың күзінде блогымда Суицид тақырыбын қозғаған едім, блогшылармен осы мәселені біраз талқылағанбыз да, осыдан кейін бір байқағаным, жарты жылдың ішінде блогыма «суицид», «өз-өзіне қол жұмсау» сөздері арқылы күнде кіреді екен. Яғни бұл тақырып өте өзекті, әрі оған сұраныс бар, өкінішке орай, сұраныс шынымен де бар.

munk2
Жасырын сиуицид. Өмірде әр қайсымыз оған тап болады екенбіз. Біреу одан өзі зардап шексе, екіншісі туысы немесе танысының әрекеттері өмірмен қоштасуға итермелейтінің көріп жатады. Бұған қандай да тыйымдар, өтініп-жалынып сұраулар болсын, айналадағылар оның спирт ішімдік ішуге, нашақорлыққа қарсы тұра алмайды.
Бірақ жасырын суицид түріне алкоголь мен нашақорлық ғана жатпайды. Оған кез-келген
күйреуге апарып соғатын әрекеттер де жатады. Жасырылған немесе тікелей емес суицид – бұл өз-өзіне қол жұмсаудың бүркемеленген түрі. Оның әсерінен адам өзінің санасында немесе санасынан тыс өлімге байланысты үрейі арқылы өз-өзін күйреуге әкеп соғатын әрекеттер нәтижесінде (немесе сыртқы күштер, көбінде өзі арандатып жасаған) көз жұмады.

Шын мәнісінде, жасырын суицид кезінде өлімге тура қадамдар жасалынбайды, тек келешекте болатын өлім үшін қорқыныш-үрей болады. Бұндай ойлармен өмір сүрген адам тәуелділікке тап болып, немесе апат құрбаны, экстремалды спорт түрінің қатысушысы ретінде көрініс табады.

Жасырын суициденттерді киллер, өрт сөндіруші, құтқарушы, көлікті жылдам жүргізетіндер, шылымды көп шегетіндер, өте толық адамдар арасынан табуға болады. Тірі кезінде осылар жақындарына өз қорқыныштары, күйзелуі жайлы айтпайды, сондықтан туыстары оның суицидке байланысты проблемалары бар деп ойламайды.

Өкінішке орай кәсіби психолог пен психотеропевт дәрігердің өздері жасырын суицид проблемасына көңіл бөледі деп айту қиын. Өлімнен қорқып, өзін сол өлімге жақындай түсу. Оны о дүниелік болып кеткендердің күнделіктерінен, өлеңдерінен немесе басқа әрекеттерінен байқауға болады(тірі кезінде байқауға болушы еді).
1e577f3ddd1ce17c0050ecf8e00424c01
Өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары жүргінші жолда (Германияда әсіресе метрода) көп кездеседі. Тағы да жасырылған суицид. Бұл орайда батыстағы полиция қызметкерлері автоцид деген терминді қолданады. Автомобиль бұл кезде суицид жасауға арналған инструмент рөлін ойнайды. Байқаусыздан немесе жоғары жылдамдықта келе жатып, алкогольді мастануда көлікті жүргізу, әлде жолда ұйықтап қалу сияқты себептерді жамылып, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері де көп кездеседі.

Егер сізде немесе жақындарыңызда суицидент белгілері болатын болса, бұған тек кәсіби мамандар көмектесе алады. Олар қорқыныш-үрейді, өкпе, күйзелісті басып, барлығымыздың мәңгі емес екенімзіге сабырлықпен қарауға үйретеді.
қайнар

Advertisements
Санаттары:Негізгі ақпараттан тыс, әлеумет Кілтсөздері:
  1. balgyrgan
    Наурыз 26, 2009, 06:59

    жақында оқыдым(ақпаратты қисайтпай жеткізуге тырысайын). Мидағы процесстер әлі толығымен зерттеліп бітпеген ғой, сөйтіп өз-өзіне қол жұмсаған адамның миын ашып қараса, нейрондар соңғы демімен «мен түкке жарамаймын!», «қолымнан дым келмейді» деген екен. Сөйтсе, суицидный адамдардың миында сол ойлар қайталана беріп, әрбір сәтсіздіктерін айтып басқа «жарық» естеліктерді(воспоминания) ысырып тастайды екен. Психологтардың айтуы бойынша, қуанышты күндерді, сол адамның маңыздылығы туралы жиі айту керек депті.
    сіздің ақпаратыңыздың ар-жақ бер-жағы сияқты 🙂

  2. Наурыз 26, 2009, 07:39

    ақпарат үшін рахмет, Салтанат. Суицидке баратындар суициденттерге қарағанда аз, суициденттердің біреуі өлім алындағы қорқыныш сезімдері арқылы өлім жайлы көп ойласа, екіншісі сіз айтқандай, өзін бұл өмірде қажетсіз сезінеді.

  3. balgyrgan
    Сәуір 14, 2009, 04:42

    Әлия, суицид туралы айылған жерде Вертер феномені туралы міндетті түрде айтылуы керек сияқты…

  4. Сәуір 14, 2009, 05:18

    Германиядағы Автоцид туралы көп естідім. Үлкен жолдардағы адам өлімінің көбі осындай оқиғалардан туады екен. Мысалы, біреу қарама-қарсы бағыттағы жолға өтіп, қасақана басқа машиналарға бетпе-бет жүреді екен.

  5. Сәуір 14, 2009, 07:06

    Салтанат, келесі жазбада жазамын ондай болса.
    Ансар, солай бола тұра, 2009 ж. Қазақстан суицид бойынша 2-орында екен(Шри ланкадан кейін).

    • Мамыр 16, 2009, 09:20

      Jalpy algandagy xalyktyn sanasy men ruxani bailygy öte tömen. Odan baska ewkandai sebep jok. Materialdyk kiyndyk degender jai gana özin-özi aldau.

      • Мамыр 16, 2009, 09:32

        шынымды айтсам, өз – өзіне қол жұмсаған мен танитын адамдар өмірде ешқандай орынға ие емес, немесе болашағым жоқ деп ойлайтын.

  6. Айко
    Мамыр 19, 2009, 08:04

    ақыры өлетін болған соң оны әсерлеп қайтеміз?

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: