Негізгі бет > медиа, статистика > Мобильді интернет – кеше, бүгін.

Мобильді интернет – кеше, бүгін.

apple_iphone_comics_2
comScore компаниясының зерттеуі бойынша, мобильді құрылғылар арқылы интернетке шығатындар саны көбейе бастады, нақтырақ айтатын болсақ, 2 есеге өсті. Мобильді интернет қолданушылардың ең белсендісі – 18-21 жас аралығындағы жастар. Ал 18-24 аралықтағы жастардың мобильді желідегі белсенділігі төменірек. comScore-дың бұл қорытындысы 2008 жылдың қаңтары мен 2009 жылдың қаңтар аралығында есептелген.

Сарапшылардың айтуынша, мобильді телефон арқылы Әлемторға кіріп, жаңалықтар оқитын пайдаланушылар почтамен де, сайттармен де жұмыс істейді. Олардың саны – 63,2 млн(2009 ж. қаңтар айы бойынша). Ал 22,4 млн қолданушы мобильді телефондар арқылы Интернетке күнде шығады екен.

Сонымен қатар, comScore өткен жылы мобильді сервис нұсқалары ішінен әсіресе блогтар және әлеуметтік желілердің танымалдылығы жайында хабарлайды. Орташа есеппен, 12 ай ішінде осындай жобаларға кіру саны 4277% өсті. 2008 жылдың қаңтарында 1,7 млн пайдаланушы күн сайын мобильді телефон арқылы интернетке кіретін болса, 2009 жылдың қаңтар айында олардың саны 9,2 млн болды.

Сарапшылар мобильді интернеттің танымалдылығын смартфондармен тікелей байланыстырады. Аналитиктердің болжамы бойынша 2013 жылы сатылған әр 4-телефон кеңейтілген интернет-функционалға ие болып, жеке компьютер сияқты қызмет атқара алады.

Мобильді интернеттің тағы бір танымалдылық драйвері – смартфондар үшін бағдарламалық қамсыздандырудың молшылығы. Соңғы 2 жылдың ішінде смартфон өндірушілер, оның ішінде Apple, RIM және Nokia өзінің софттары бар мобильді порталды іске қосты.
Қайнар

Advertisements
Санаттары:медиа, статистика Кілтсөздері:,
  1. Bakytnur
    Наурыз 21, 2009, 00:50

    Suret kushti eken!

  2. Наурыз 21, 2009, 08:41

    маған да ұнады 🙂

  3. Наурыз 21, 2009, 17:20

    Qazaqstanda GPRS arzan ba dep qaldym, Malaylyq DiGi degen operatormen internetke kirip korip edim biraz aqwamdy jep qoidy. Mobile internetti aki de zerttep jatyrmyn. Negizi mobile arqyly inetke kiru ote yngayly. QB (Qazaq Blogwylar)-dan mobile arqyly kim inetke kiredi eken, a?

  4. Наурыз 21, 2009, 17:29

    бірден жауап берейін, өз басым кірмеймін. себебі әзірге ондай қажеттілік жоқ.

  5. Наурыз 21, 2009, 17:34

    Бірден жауап бергеніңе рахмет 🙂

  6. Наурыз 23, 2009, 19:40

    Бірден болмаса да аздап кешіктіріп жауап берейін. Мен жиі кіріп түрамын қалтафон арқылы. Көп ретте жаңалық пен блогтарды шолуға кіреді екенмін. Баптауларда арнайы «тек мәтінді ғана» шығаратын таңдауды енгізгем. Қажетсіз суреттер, бейнелер жүктелсе «трафик» жеп бәле қылады. Джимейлге де кірем. Онша көп ақша кетпейді дер едім. Ыңғайлы әрі. Қалтафон желісі істейтін кез-келген жерден кіріп тұруға жақсы. Әсіресе ұшақпен, пойызбен жолшылыққа шыққанда. Алматы мен Астана әуежайларында интернетке кіру тегін 🙂

  7. dnatic
    Наурыз 24, 2009, 04:34

    2urimatl, неге «К»-ның орнына «q»-ді жазасын?

    мен мобильдік интернетке жиі шығамын 🙂
    жалпы, Қазақстанда 3G қосқанда, онда мобильді интернет қолданушылар саны көп болады .) себебі мегалайнде 3G-ге көшеді.

  8. Наурыз 24, 2009, 10:00

    @dnatik
    Qazaqstan – Қазақстан
    Kazakhstan – Казахстан
    Quran – Құран
    Kuran – Куран
    Iraq – Ирақ
    Irak – Ирак
    Asqat – Асқат
    Askat – Аскат
    Пы.Сы. Әлемдік баспасөзде «q» әрпі «қ» дыбысының транскрипциясы ретінде қабылданған. Орыс тілінің ықпалында қалған біз ғана қабылдамай жүрміз. Арсик, блогыңдағы оффтом пікірім үшін кешірім өтінемін 🙂

  9. Наурыз 24, 2009, 14:12

    Асхат аға, ештеңе етпейді, қайта қосымша ақпарат үшін рахмет.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: