Негізгі бет > медиа > BBC ізімен (5)

BBC ізімен (5)

Қарапайымдау!

bbc14dec2007

«Кейбір метафоралар орынсыз қолданылып жазылса, мысалы: «оқиға эпицентрі» – деген сөз тіркесі, оқырман эпицентр не сөз екенін түсіндірме сөздіктен тексеруді көп ретте ойламайды. Немесе: ақшасы аз болса да, «үлкен үлес қосу» деп жазу, автор осы кезде сәл ойланса, болғаны, осы қателікті жібермес еді» Джордж Оруэлл. Қарапайымдау! (толығырақ мына жерде)
Кейде журналистердің өзі мазмұнға ақпарат қоспайтын сөздерді қолданады, мысалы: «естеріңізге сала кетсек …» немесе «осыдан бұрын сіздерге хабарлағандай…» Осыларды қолданбауға тырысқан жақсы. Клише сөздерді де қолдануды азайтқан жөн. Сын есімдер мен үстеулерді де қажетсіз жаза бергеннен аулақ болу керек, олар мәтінге артық «салмақ жүктейді». Егер сіздің стиліңіз оқырманға ұнамаса, олар сайтыңызды/блогынызды одан әрі оқымайды. Ал оқи берсе, материалдарыңызды қабылдамауы мүмкін.
Канцеляриттен аулақ болуға тырысқан жөн. Ондай тілді көбінде саясаткерлер қолданады, бірақ ол жалықтырып жібереді, ал кей-кезде канцелярлық стильдегі жеткізілген ой/идея/хабарлама өз мәнін жоғалтады. Естеріңізде болсын, саясаткерлер кейде оқырмандарыңызды жаңалысуға итермелейтін сөздерді ойдан шығарады. Оларды ойланбастан, қайталамаңыз.

Санаттары:медиа Кілтсөздері:, ,
  1. Наурыз 18, 2009, 00:07

    Эпицентр деген оңайлау екен кейбір ‘білгіштер’ қолданып жүрген терминдерден. Қанша білімді болсаң да орнымен пайдалану керек. Ең жаманы, біреуден жоғары екендініңді көрсету үшін білгіш болу.

    Кейбір мақалаларда қыстырма сөздер көп кедеседі. Ол тұрмақ хабар арнасыда футбрлдың тікелей эфирдегі ойындары кезіндегі бос сөздерді айтсаңшы. Өйй….

  2. Наурыз 18, 2009, 07:13

    Ansar, өте дұрыс айтасыз. тамаша пікіріңіз үшін рахмет 🙂
    біздегі футбол коментаторлары маған да ұнамайды 😦 ең құрымаса, дайындалса ғой матчтын алдында…

  3. Наурыз 18, 2009, 10:34

    Қолданбауға кеңес беретін сөздердің тізімін жасасақ қатып кетер еді.

  4. Наурыз 18, 2009, 10:45

    ол әрине форматқа байланысты, мысалы салмақты ақпарат/шолу болса.
    біз оқыған кезде «аталмыш», «орын алды»(мысалы оқиға орын алды) деген сөздерді қолданбандар деп айтатын ұстаздарымыз 🙂

  5. Наурыз 18, 2009, 12:12

    CСоңғы ескертпені ұстаздарымыз бізге де жиі ескертетін

  6. Наурыз 18, 2009, 12:13

    «аталмыш» пен «орын алды» деген «паразит» сөздерді

  7. Наурыз 18, 2009, 14:33

    рахмет, Баян. журфакты бітірген шығарсыз.

  8. akzere
    Наурыз 19, 2009, 06:43

    Мен «Негізі» және «Жалпы» сөздерін жиі қолданамын. Бірақ менікі жай ғой. Журналистерге сондай кеңес жарап жатар…

  9. Наурыз 19, 2009, 07:49

    тағы қандай «паразит» сөздер бар, айта беріңіздер 🙂

  10. Наурыз 19, 2009, 09:30

    «жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай», «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» сияқты «паразит» деуге келмес, жауыр болған сөз тіркестері бар

  11. Наурыз 19, 2009, 09:45

    ок, клише сөздер 😉

  12. Наурыз 19, 2009, 22:09

    күнделікті қолданылмайтын сөздерді жиі қолданғандары ұнамайды өзіме. Онымен өзінің білімділігін көрсете ме әлде әдей халықтың басын қатырады ма?! Ондай сөздер көп. Жазбай-ақ қояиын блогты былғап 🙂

  1. No trackbacks yet.

Leave a reply to arsenal777 Жауап беруден бас тарту