Кім күшті?

nielsen_logo
Nielsen Online өткізген зерттеу бойынша , әлеуметтік желілер мен блогтар танымалдылығы өсуде. Оларға Интернет қолданушылардың 67 пайызы кіреді екен. Әлеуметтік желілердің танымалдылығы электрондық почтаға қарағанада 65.1 % алда, бірақ іздеу сервистеріне қарағанда 85.9%, порталдарға 85.2%, РС үшін қосымшаларға қарағанда 73.4% артта екен.
Neilson – ның есебі бойынша Facebook – ең танымал әлеуметтік жүйе. Айына бір рет болса да оған Интернет қолданушылардың оннан үші кіреді екен. Әлеуметтік жүйелер мен блогтар әсіресе Бразилияда кең таралған, оларға интернет пайдаланушылардың 80 пайызы кіреді.
Nielsen әлеуметтік желілердің басқа да даму үрдісі жайында айтады: олардың аудиториясында ересектер көбейді және Интернетке пайдаланушылар мобильді телефондар арқылы жиі кіретін болды.
Сарапшылардың көбісі Nielsen – нің қорытындысына күмәнмен қарайды және интернет – пайдаланушылардың тек 65 пайызы электрондық почтамен жұмыс істейді дегенге сенбейді. Қайнар.

Өз ойым. Мен үшін электронды почта өте маңызды, да қажетті. Блогыма әрине арнайы уақытымды бөлсем де, әлеуметтік желілер бос уақыт өткізу үшін немесе уақытша қызығушылық туындатады деп ойлаймын.
Әлеуметтік жүйелер немесе блогтар арқылы қажет адамдарды тауып алсан да, кейін олармен Сіз қолданатын джитолк немесе джаббер, аська, скайптарға оларды қосып аласыз. Бірақ осы дос/таныстарыңыз offline болған жағдайда, электрондық почта арқылы байланысасыз. Блог және әлеуметтік жүйелердің барлық ескертпе хабарландырулары да почтаңызға келіп түседі, көп пікірлерді де бірінші почтаңыздан оқи аласыз, сондықтан да электрондық почтаның маңызы азайып бара жатыр дегенге келіспеймін.

Advertisements
Санаттары:блогинг, статистика, әлеумет Кілтсөздері:,
  1. Наурыз 13, 2009, 14:32

    Мен де келіспеймін. Сол әлеуметтік желілерге тіркелу үшін де электронды пошта керек емес пе екен.

  2. Наурыз 13, 2009, 16:02

    иә, Ансар, сол ғой, бірақ, менің кейбір таныстарым почтасын көбінде тексермейді, бірден «менің әлемім», «байланыста» деген сияқты soc.network-тарға барып, сонда өз уақытын өткізеді және файлдармен соның ішінде алмасады. мүмкін шынымен де солай, кейбір адамдар үшін Интернет – бұл тек «Сыныптастар» сайты ғана 🙂 / 😦

  3. Наурыз 13, 2009, 16:04

    Қазір э-пошталарға әлеуметтік желілердің функцияларын да үстей бастады. Әлеуметтік желіні қолдаданатындар менің ойымша көп болуы заңдылық. Бізге түсініксіздеу көрінетін шығар, бірақ фэйсбуктен күні бойы шықпайтындар көп.

  4. Наурыз 18, 2009, 10:21

    Men gmaildi eshkandai saitpen balamaimyn!!!

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: