Негізгі бет > блогер, блогинг > Блогингке байланысты бас қатырулар

Блогингке байланысты бас қатырулар

20409819_vesna
Әр блогшының ерте ме кеш блог жүргізуде проблемалар пайда болуы мүмкін: шығармашылық дағдарыс, бағыттың жоғалуы т.с.с. Блог жүргізу жайында жазатын веб-беттер осы мәселені жиі қозғайды және олардың көбінде айтатыны мыналар:

Жоспар
Жоспар жазып қойыңыз. Болашақ жазбаларыңызға кесте құраңыз. Осылайша сіз уақытыңызды үнемдейсіз және де материалдарыңыз жеткілікті ме, әлде жоқ екенін біліп отырасыз. Кейін осы жоспар ойынызда жүреді. Жоспарды ойда құрып, жұмысыңызды жүйеге келтіре аласыз!

Назар аудару
Сіздің оқырманыңызға блогыңыз неге ұнайды немесе керісінше, материалдарыңыз оқырман назарынсыз неге қалып қоя береді?
Оқырманды қызықтыру үшін өзіңіздің блогынызға ғана тән әдістерді іздеу, яғни өз блогыңызды қалайша қызықты жасаймын деп, бірнеше әдісті қолдануға тырысыныз. Бір әдіспен тоқталмаңыз.

«Қайта құру»
Алдыңызға мақсат қойып, бір жазбаны бастаймын деп, алғаш абзацта тоқтап қалдыңыз дейік. Әрі қарай жұмыс жүрмей қалды немесе идеяны өрбіте алмай қалдыңыз. Ол үшін сәл демалып, жұмысты қайта бастаңыз, бірақ алғашқы абзацты жалғастырмаңыз, мүлдем басқадан бастаныз, жаңадан жазбаңызды құрастырыңыз, бұрынғыға оралманыз.

Өз ойым
Блогыңызда нақты идея, бағыт пен тақырып болса, адасуға мүмкіндігіңіз азаяды. Блог бірнеше айдардан тұратын болса, бір-екеуіне тақырып міндетті түрде табылар. Басқа блогтарды оқып, жаңалықтар тасқынында қалып қоймасаңыз, «не жазайын?», «қалай жазамын?» деген сұрақтарды өзіңізге қоймайтын шығарсыз деген үміттемін.

Advertisements
Санаттары:блогер, блогинг Кілтсөздері:, ,
  1. akzere
    Наурыз 3, 2009, 09:22

    Блог сенде тек қызығушылық емес екені көрініп тұр… 🙂

  2. Наурыз 3, 2009, 14:36

    қызығушылық қана емес 🙂

  3. Наурыз 3, 2009, 19:03

    Өте құнды директивалар екен. Осыны шын мәнінде практикалық блогологияда іске асыруға болады деп ойлаймын. Әсіресе жоспар маңызды дер едім.

  4. Наурыз 3, 2009, 19:07

    шынымен де, менің жоспарым ойымда )

  5. balgyrgan
    Наурыз 4, 2009, 06:52

    бір кездері, санның артынан жүгіріп, 100 жазуға дейін жеткіземін деп едім(күніне 2 жазудан, 2009ды 100жазумен қарсы алмақ болып-Наполеонның жоспары ;))) ) 9* жеткенде, материалым да, уақытым да болып тұрса да – доғардым. Қазір жоспар жоқ, атымен жоқ…
    Назар аудару мәселесі қиындау…
    Қайта қарау!!! Тамаша идея!

  6. Наурыз 4, 2009, 08:06

    Балдырған, пікіріңізге рахмет. Наполеонның жоспары қызық екен 🙂 ЖЖ-ға осылай көп адам жоспар құрайды, блогшылар да, подкастерлер де, твиттердағылардың өзі де 🙂

  7. Наурыз 4, 2009, 16:53

    Кәсіпқой блогшылар болмаса, …. қиындау екен 😉

  8. Наурыз 4, 2009, 16:55

    Ансар, неге? 1-2 айдай үзбей блог жүргізсеңіз … 🙂

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: