Негізгі бет > блогер, блогинг > Хемингуэйлік кеңестер

Хемингуэйлік кеңестер

Блогымда Журналистикаға байланысты (оның ішінде Интернет-журналистикаға) кеңестер ВВС – дің курстарынан алынғанын байқаған шығарсыздар («ВВС» атты ілмектері бар жазбаларды қараңыз). Бұл кеңестер интернеттегі жас журналистер үшін де, ақпараттық жазбалар жазатын блогшылар үшін де пайдалы болады деген үміттемін.
Сонымен қатар, блоггингке байланысты бөлек жазбалар бар. Бүгінгі таңда манимейкерлер мен SEO саласындағылар блог арқылы ақша табудың жүздеген әдіс-тәсілдерін ұсынуда, соның ішінде копирайтерлер үшін материал дайындаған кезде қалай жазу/қандай көлемде/қандай тақырыпта/қандай мақсатпен, т.с.с.
Ал біздің мақсатымыз – сапалы ақпарат дайындау, блогингті дамыту болғандықтан, осындай кеңестерден қажеттісің таңдап, Сіздерге ұсыну.
Сіздермен бірге қызықты блог-жазба жазу, оларды талқылау әрқашан да қызықты, әрі пайдалы. Сондықтан да бүгін Эрнест Хемингуэйдің өзінен сабақ алуға қалай қарайсыздар?

1223163096_feb2f25bd3
1. Қысқа сөйлемдерді қолдануға тырысыңыз.
Хемингуэй қысқа да нұсқа жазатын. Бұл ең ұтымды стиль. Толықтауыш сөздер мен эпитеттерді аямай сызып тастаңыздар, тек негізгісін қалдырыңыз. Керемет нәрселердің барлығы да қарапайым! Хемингуэйдың танымал әңгімесі алты сөзден ғана тұрған: «For sale: baby shoes. Never worn.»(«Сатылады: балаларға арналған аяқ киім, киілмеген»).
2. Қысқа кіріспелерді қолданыңыз.
Бір тақырыпта материал жазам деген кезде, оның алдындағы кіріспені созып жазбаңыз. Оқырманның тақырыпқа қызығушылығын тудыратын 1-2 сөйлем жазсаңыз да жетеді.
3. Тілдің энергетикасын қолданыңыз.
Түсініксіз, белгіссіздік тудыратын сын есімдер мен сөз тіркестерін қолданбаңыз. Етістіктерді қолданатын болсаңыз, заттарды нақтылап суреттеуге жеңіл болады, әрі cөйлемде қарқын пайда болады.
4. Өз өзіңізге сенімді болыңыз + позитив
Мысалы
• Негативті реңктегі сөздерді қолданбаңыз. «Аурмайтын», «сыздамайтын» деген сөздердегі «жарақат» мағынасы оқырманның көңілін міндетті түрде аудартады.
• «Қымбат емес» деген сөздің орнына «экономды» деп қолданған дұрыс.
• «Бұл бағдарламалық жасақтама қате жібермейді» дегеннен гөрі, оның сапасы жайында жазған дұрыс.
5. Ешқашанда тек 4 ережені қолданбаңыз.
Хемингуэй екі ережені де ұстанып, жүре алады. Ал кез келген блогшы немесе копирайтер үшін мынау түсінікті болу қажет: сапалы мәтін жазуды үйренген кезде, үш ереже жеткіліксіз. Әрдайым машықтану, іс-тәжірибе, ЖАЗУ қажет!

Advertisements
  1. huanysh
    Ақпан 22, 2009, 21:42

    жақсы аударыпсың, пайдалы жазба !

  2. zhalgas yertay
    Ақпан 23, 2009, 14:12

    Хэмингуэйлік айсберг тәсілі шын мәнінде баспасөзге лайықты. Себебі, бір жағынан, Х өзі уақытында журналист болғанынан да шығар. Жалпы жоғарыдағы тәсілдер (көпсөзділікті ұнататын және себепсіз шұбыртатын бізге) аса пайдалы секілді.

  3. Ақпан 23, 2009, 17:00

    рахмет. бұл тәсілдер бәрімізге көмектеседі деген үміттемін.

  4. Ақпан 24, 2009, 05:24

    Құнды кеңестер! 🙂

  5. Bakytnur
    Ақпан 25, 2009, 22:51

    Men kazaksha gramatikany tusindiretin kitapty kaidan tapsam bolady eken?
    E-kitap bolsa silteme berindershi

  6. Ақпан 26, 2009, 07:11

    Асхат аға не Бақытгүл апай білмесе, мен оны білмеймін.

  7. technosyndrom
    Ақпан 27, 2009, 15:05

    Сондықтан да бүгін Эрнест Хемингуэйдің өзінен сабақ алуға қалай қарайсыздар?
    Жарықтық, «ана жақта» жүрсе де, Жердегілерді ойлайтын неткен кемеңгер адам десеңізші :):):)

  8. Ақпан 27, 2009, 16:07

    technosyndrom , дәл солай!

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: