Негізгі бет > блогер, блогинг > Оқырман және Сіз

Оқырман және Сіз

Блогшы әңгімелесуге, байланыс орнатуға, диалогқа дайын болуы тиіс.
Оқырманмен байланыс орнатуда мынадай бірнеше кеңес:
1. Байланыс(әңгіме) үшін уақыт іздеңіз!
Күнде аудитория үшін уақытыңызды бөлуге тырысаңыз, әйтпесе төмендегі пунктерді оқуға еш қажеттілік жоқ.
2. Оқырман үшін сізбен байланыс орнатуға мүмкіндік беріңіз!
Кейбір блогшылар байланыс парағында бос орын қалдырмай, толтырып қояды, мысалы, э-адресін, телефон нөмірін, ICQ және т.с.с. Кейін әр байланыс түріне көптеген хаттар, хабарламалар келіп жатады және блог иесі олардың бәріне жауап бере алмайды. Сондықтан, э-почтаныздың адресін ғана көрсетсеңіз жетеді.
3. Интерактивті пікірлер
Әр пікірге жауап берудің қажеті жоқ, бірақ қатысу – міндет. Пікірлер ішінде блог оқырманы бір-бірімен әңгімелесіп, кейбір мәселелерді шешіп, бір-біріне көмектесуі де мүмкін.
4. Электронды почта арқылы байланыс
Пікірлерге назар аудару әрине қажет, бірақ электронды хаттарға жауап беру міндетті түрде қажет. Өйткені хат бұл тез жазылған блогтағы пікір емес, оқырман хат жазған кезде уақытын бөлген, сонымен қатар, хаттарда маңызды ақпарат жазылады – сұрақтар, ұсыныстар т.б. Сол себептен, бұндай хаттарға толық жауап берудің маңызы бар.
41365702082007235119
5. Диалог құрастыру
Оқырманмен байланыс орнатудың өзі сіздің Ол үшін ашық (немесе керісінше) екенін көрсетеді. Мысалы, кейбір блогшылар оқырманымен қатаң, кейбіреулері жайдары, ашық,
• Сұрақ қою – оқырманды өзара қарым-қатынасқа шақыру;
• Жеке ойды білдіру – блог жазбаның аңдатпасы ретінде, мысалы, осы постты жазуға қандай жағдайлар/ойлар түрткі болғаны туралы жазу;
• Қатені мойындау – бұл сізді оқырманмен жақындатады, олар сіз машина емес, басқа адамдар сияқты пенде екенін көрсетеді;
• Сізді мазалайтын сұрақтарды оқырманнан сұраңыз, осылайша, сіз үшін оқырманның пікірі маңызды екенін көрсетесіз;
6. Twitter
Twitter оқырманмен байланыс орнатуда зор рөл атқарады. Қысқа да нұсқа ақпаратты диалог + RSS-тың альтернативасы.
7. Әлеуметтік БАҚ
Twitter ыңғайлы, бірақ барлық оқырман үшін емес, сондықтан Facebook сияқты әлеуметтік жүйелер арқылы тағы байланыста бола аласыз.
8. Сұхбат
Бұл оқырманға жақын болудың жақсы түрі. Қазақ блогосферасында Нұрғиса Асылбековтың осындай сұхбаттары естеріңізде шығар. Сұхбат арқылы оқырман сізді басқа жақтан тани алады.
9. Сіз жайында
Басқа блогтар сіз жайында не айтып жатқанын бақылап тұрыңыз. Ол үшін трекбектерге жазылуға болады, трафиктің қайдан келгенін көрсететін статистика тағы бар. Осылайша сіз оқырманмен және басқа блогшылармен байланыста боласыз!

Advertisements
  1. Ақпан 19, 2009, 23:25

    Керемет кеңестер!
    Блогтың тамырыда қан жүгіртудің әдістері десе де болады екен.

  2. Ақпан 20, 2009, 08:21

    🙂 Ансар, көңіл аударғаныңызға рахмет!

  3. zholantai
    Ақпан 20, 2009, 09:08

    Менің журналистикадан дәріс беретін бір ағайым «Оқырман және газет» атты дәріс сабағында айтқан тұщымды ойларын сізден оқыдым.Сәйкестік те болады екен-ау деп қалдым!

  4. zholantai
    Ақпан 20, 2009, 09:11

    Күмәнмен кіріп,сенімге ие болып шықтым!

  5. Ақпан 20, 2009, 09:15

    zholantai, кіргеніңізге көп рахмет. бұл жазба блогингке арналған, ал журналистикаға байланысты тақырыптар қызықтырса, ВВС және Журналистика бар ілмектер мен Медиа атты айдарларды қарап шығуыңызға болады. Егер Сізде қызықты тақырыптар болса, оларды блогымда ашуға тырысамын.

  1. No trackbacks yet.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: